kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?аш ??деу ?нерк?сібіндегі к?сіптер

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?аш ??дейтін к?сіпорындарында?ы білдектерде а?аш с?регін механикалы? ??деуді ?рт?рлі сала?а мамандан?ан білдекшілер ат?арады. Аралаушы – білдекші д??гелек ж?не таспа а?аштарды аралайтын білдектерді? ж?мысын ба?ылайды, дайындамаларды ?абылдап алып келесі білдекке ?ткізеді. Ж?мыс со?ында білдекті жо??алардан тазартады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?аш ??деу ?нерк?сібіндегі к?сіптер»


Алматы облысы

Қаратал ауданы

13 орта мектебі жанындағы интернатымен





5 сынып

Технология (ұлдар)




Тақырыбы: «Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіптер»



Технология пәні мұғалімі: Рахимберлинов Абзал Насипбергенович





Үштөбе қаласы, 2016жыл

Сынып: 5

Пәні: Технология

Күні: «_________» «___» «201 »


Сабақтың тақырыбы: «Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіптер»


Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға ағаш өңдеудегі кейбір кәсіп

түрлерімен өңдеудің түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға ағашты өңдеудің түрлерімен

таныстыра отырып, өңдеудегі кейбір ерекшеліктерді орындау, әдіс-

тәсілдерді меңгеру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды үнемділікке, ұқыптылыққа, ептілікке

ТҚЕ сақтай білуді, еңбек тәрбиесін беру.


Сабақтың көрнекілігі: Технология оқулығы қолдан дайындалған нұсқау карта, қауіпсіздік журналы, Слайд суреттер, құрал – жабдықтар.

Пәнаралық байланыс: Биология, Бейнелеу өнері.


Сабақтың әдісі: Ауызша түсіндіру, нұсқау.

Сабақтың түрі: Алған білімді практикада қолдану, сарамандық


Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың мазмұны:


Ағаш өңдейтін кәсіпорындарындағы білдектерде ағаш сүрегін механикалық өңдеуді әртүрлі салаға маманданған білдекшілер атқарады. Аралаушы – білдекші дөңгелек және таспа ағаштарды аралайтын білдектердің жұмысын бақылайды, дайындамаларды қабылдап алып келесі білдекке өткізеді. Жұмыс соңында білдекті жоңқалардан тазартады. Тескіш білдектерде білдекші бөлшектерге тесіктер жасайды. Жону білдегінде білдекші бұйымдарды, бұйым бөлшектерін жонады. Сүргілеу білдегінде білдекші сүргі және жону білдегіндегі жұмыстарды бақылайды. Бөрене, тақтайлардың жиектеін сүргілейді, ені бойынша өлшеміне сәйкес өңдейді, шпон жаймалары бумасының тік бұрышты жиектерін сүргілейді. Білдекші өз мамандығына сәйкес өңдеудің стандарттарын білуі тиіс. Сонымен қатар сұлбадағы, сызбанұсқадағы белгілерді оқып және білдекті іске қосып, ажырата білуі керек. Білдекті жөндеу жұмыстарын үйлестіруші жүргізеді. Алдыңғы қатарлы ағаш өңдейтін кәсіпорындарда толық автоматты және жартылай автоматты білдектер адамның қатысуынсыз жұмыс істейді. Білдектер қатарын технологиялық білдектер тізбегі байланыстырады. Арнайы құрылғылар білдектен білдекке дайындамаларды өткізіп тұрады. Мұндай кәсіпорындарындағы жұмысшыларды операторлар деп атайды. Қазіргі кезде жиһазшы, құрастырушы, ажарлаушы ағаш шеберлеріне, фанерамен жұмыс істейтін шеберлерге сұраныс көп. Түрлі бұйымдарды дайындау үшін, ең алдымен, техникалық суреттер, сызбалар мен эскиздерді дайындап алу керек. Олар графикалық құжаттама деп аталады. Техникалық сурет дегеніміз – бұйымның үш жағы да көрінетін көрнекі кескіні. Оның пропорциялары сақталады, өлшемдері жасалады.

Сызба – бұйымның сызу құралдарының көмегімен орындалатын шартты кескіні. Бұл - негізгі графикалық құжат. Бұйым кескінінің сызықтық өлшемдерінің оның нақты өлшеміне қатынасы масштаб деп аталады. Дайындаманы белгілеу дегеніміз – дайындамаға өңделетін тұстары мен шекарасын көрсететін нүктелер қойып, сызықтар сызу.

Оқушыларды бағалау:


Үйге тапсырма: «Ағаш сүрегін қолмен сүргілеп өңдеу»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
А?аш ??деу ?нерк?сібіндегі к?сіптер

Автор: Рахимберлинов Абзал Насипбергенович

Дата: 20.02.2016

Номер свидетельства: 296254


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства