Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.2.1 Заманауи технологиялық машиналардың құрылысына және жұмыс барысына сипаттама бере отырып, конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу операцияларды орындайды. 7.2.6.2 Заманауи технологиялық машиналармен қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын білу және түсіндіру |
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту. Ширату жаттығуы: «Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі бойынша Оқушылар бір- біріне сұрақ қою арқылы өткен тақырыптыарды қайталайды. Тақтаға шығарып, шеңбер құраймыз. Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, оның мақстатын хабарлау. Оқушыларға сұрақтар қою: 1.Ағаш өңдеу жайлы не білесіңдер? 2.Ағашты өңдейтін қандай құралдарды білесіңдер? | «Сыртқы және ішкі шеңбер» |
Сабақтың ортасы 32 мин | Жаңа ақпарат Ағаш өңдеу — Ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден откізіп кәдеге жарату жолдары. Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т.б. тәсілдер жатады. Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы (көбіне ыдыс-аяқ түрлерін), саз аспаптарының, үй, ғимараттың ағаш бөлшектерін (ұстын, тіреу, есік, қақпа және т.б.) өңдеуге қолданған. Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек (металл) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып (күйдіріп) шығады. Топтастыру әдісі
Балта Сүргі Ағаш өңдеу жабдықтары Бұрауыш Қашау Бұрғы Ағашты өңдеу тәсілдері: Биологиялық өңдеу; Химиялық өңдеу; Қолмен өңдеу; Механикалық өңдеу. Механикаландырылған аспаптар — электр ара, электр сүргі, электр қашау, электр бұрғы, электр фреза, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары т.б.; механикаландырылған қосалқы аспаптар — электр және пневматикалық бұрауыш; өлшеу-белгілеу аспаптары — метр, рулетка, сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшеуіш, деңгейлік, рейсмус, циркуль т.б. жатады. Жоғары механикаландырылған ағаш өңдеу комбинаттарында, шеберханаларда: ірі дөңгелек ағаштар мен бөренелерді тақтай етіп тілетін ағаш тілгіш рамалар; тақтайларды ені және қалыңд. бойынша қысаң білте тәрізді тақтайшаларға келтіретін дөңгелек аралар; сызықты элементтер жасайтын таспалы аралар; ағаш сүргілеу станоктары; ағаш фрезалау станоктары т.б. қолданылады. Жазылым «Жылқы сұлбасы» стратегиясы Сабақ бойынша берілген жаңа ақпаратты сұрыптап, қосымша ақпаратты анықтайды. Жылқының 4 аяғына мәтіндегі негізгі тірек сөздерді жазады. Жылқының басына мәтіндегі маңызды ақпартты қысқаша жазады. Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі қосымша ақпаратты жазады. Жылқының құйрығына мәтін бойынша қорытынды жазады.. Үй тапсырмасы Ағаштан бұйым дайындау
Рефлексия. Оқушыларға таратылады. «Рефлексия пирамидасы» арқылы тақырыпты түсіну дәрежесін бағалау. Әрбір оқушы пирамиданы толтыру арқылы тақырыпты түсінген деңгейін көрсетеді.
| 7 сынып оқулығы
|