kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ашты к?йдіріп ?рнектеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: 

а) Білімділік: А?ашты к?йдіріп ??деу технологиясын ме?герту

?) Дамытушылы?: А?ашты к?йдіріп ??деу технологиясын ж?зеге асыруда ?олданылатын аспаппен таныстыру; онымен ж?мыс жасау икемділігін, к?ркемдік ?діс-т?сілдерді (н?ктелік ?діс) ?олдана білуін ?алыптастыру.  

б) Т?рбиелік: Дайын б?йым ?ндіру жолында?ы ?ндірістік ж?йе, оны? сатылы кезе?деріні? н?тижесі аз уа?ытта сапалы ?нім шы?арып т?тынушы ?олына жеткізуді ?йымдастыру?а баулу. 

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?

Саба?ты? ?дісі: м??алім с?зі, с?ра?-жауап, та?тамен ж?мыс

К?рнекіліктер: а?ашты к?йдіріп ?рнектеу аспабы, н?ктелік к?йдіру ?дісімен жасал?ан портреттер, н?ктелік к?йдіру ?дісімен жасал?ан б?йымдар.

??рал-саймандар: ?ш?ат, ??дейтін ?а?аздар, ара, к?йдіріп ?рнектеу аспабы, т?рлі т?сті бояу, ?ыл?алам, ?лгі ?а?азы, к?шірме ?а?азы, лак, ?арындаш т.б. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ашты к?йдіріп ?рнектеу »

Технология пәні бойынша ашық сабақ жоспары

(8-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ағашты күйдіріп өрнектеу

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын меңгерту

ә) Дамытушылық: Ағашты күйдіріп өңдеу технологиясын жүзеге асыруда қолданылатын аспаппен таныстыру; онымен жұмыс жасау икемділігін, көркемдік әдіс-тәсілдерді (нүктелік әдіс) қолдана білуін қалыптастыру.

б) Тәрбиелік: Дайын бұйым өндіру жолындағы өндірістік жүйе, оның сатылы кезеңдерінің нәтижесі аз уақытта сапалы өнім шығарып тұтынушы қолына жеткізуді ұйымдастыруға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: мұғалім сөзі, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс

Көрнекіліктер: ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы, нүктелік күйдіру әдісімен жасалған портреттер, нүктелік күйдіру әдісімен жасалған бұйымдар.

Құрал-саймандар: Үшқат, өңдейтін қағаздар, ара, күйдіріп өрнектеу аспабы, түрлі түсті бояу, қылқалам, үлгі қағазы, көшірме қағазы, лак, қарындаш т.б.

Сабақ барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Жаңа сабақ

Сарамандық жұмыс

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Ағашты күйдіріп өрнектеу. Ең әуелі біз ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен танысайық. Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы құрылысы тұрғысынан: 1-негізі; 2-ток күшін үнемдеуші; 3-күйдіргіштің тұтқасы, 4-шиыршық (спираль) немесе электрод; 5-ток күшіне жалғауға арналған ашалы сымнан тұрады (оқулықтың 103-бетіндегі 72-суретті қараңыз).

Ағашты күйдіріп өрнектеу электр бізбен жасалады. Ондай біздер арнаулы дүкендерде сатылады. Тіпті оны қолдан жасап алуға болады. Біздің бөлшектеріне 127В-тан 2В-қа дейін төмендетілетін тарнсформатор кіреді. Тұтыну қуаты 20 Вт шамасында. Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл электрод атқарады.

Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезіндегі төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтаған абзал:

  • Электр күйдіргіш аспабымен тек мұғалімнің рұқсатымен ғана іске қосу қажет.

  • Жұмыс барысында күйдіргіш бізді қатты басуға болмайды.

  • Сызық соңында суреттен бізді бірден көтеру керек.

  • Күйдіріп жатқан жерге жақын еңкеюге болмайды.

  • Қызып тұрған бізді киімге, денеге тигізіп алудан сақ болу керек.

  • Көзді демалдыру үшін, электркүйдіргішті суыту үшін әрбір 20 минут сайын үзіліс жасау керек.

  • Электркүйдіргішті бауында жалаңаш сым көрсеңдер, басқа да ақаулықты байқаған жағдайда бірден мұғалімді қабардар ету қажет.

  • Жұмыс соңында және үзіліс кезінде электркүйдіргішті электр желісінен ажыратып, оны суығанша жерге қоймау керек.

Күйдіріп өрнек салуға үшқатты немесе ағаштың жұмсақ түрлері (жөке, терек және қандыағаш) пайдаланылады. Күйдіріп өңдеген кезде пайдалану үшін суреттері бар арнаулы альбомдар, сызба үлгілері қолданылады. Бастапқы кезде суреттері қиылатын альбомдарды, кітап, журналдарды да пайдалануға болады. Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды. Ол үшін таңдап алынған суретті жылтыр қағазға немесе папирус қағазына көшіріп, көшірмесін көшіргі қағазбен кіршіксіз тазаланған ағаштың бетіне түсіреді. Оюлары бір нұсқадағы өрнектерді күйдіріп түсіргенде, қатты қағаздар мен үшқаттан кесілген дайын үлгілер мен трафареттерді пайдалануға болады. Оларды ұқыптап тазаланған ағаштың бетіне қойып, қарындашпен сызып шығады.

Күйдіру әдісінде алғашқы суреттерді нүкте-нүкте етіп күйдіріп байқау керек. Нүктелерді үлкенді-кішілі, терең-саяз етіп күйдіріп, ағаштың ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып, бейнелейтін заттың көлемін анықтап қолды үйретеміз. Күйдіріп сурет салатын ағаштың бір шетін көтеріңкіреп, көз алдынан 30-25 см қашықтықта ұстаған жөн. Күйдіріп өңделген ағашты бояуға немесе лактауға болады.

Құрметті оқушылар, жұмысқа кіріспестен бұрын біз ең әуелі сабақтың мақсатын белгілеп алуымыз керек. Сендер қандай бұйымды дайындағыларың келеді. Мақсат неғұрлым нақтырақ болса, сендер табысқа соғұрлым тезірек қол жеткізесіңдер. Сондықтан да біз бүгінгі сабағымызды өндірістік сипатта өткіземіз. Ол дегеніміз, яғни бүгін біздің сыныбымыз «Холдинг-фирма» болады. Ал, бүгінгі істейтін жұмыстарыңды түсіндіретін мен - фирма директорымын. Сендер фирманың жұмысшыларысыңдар. Әрине холдинг болғандықтан, біз де үлкен-үлкен цехтар мен бөлімдер жұмыс істейді.

1) Техникалық бақылау бөлімі

2) Дайындық цехы

3) Дизайнерлер бөлмесі

4) Өндіріс цехы

5) Лактау цехы

6) Сауда менеджерінің жұмысы

Әр цехтың өзінің атқаратын қызметі бар. Сондықтан да мен сендерді топ-топқа яғни әр цехқа жұмыс істеуге шақырамын. Ең әуелі цехпен таныстырайын. Цехтардың жүйелі қызметін реттеуде техникалық бақылау бөлімі жұмыс жасайды. Оның мақсаты-бір цехтың жұмысын екінші цехқа өткізуде өнімнің сапасын анықтайды. Енді цехтармен жеке-жеке таныстырайын. Бірінші цех-дайындық цехы. Бұл цехтың атқаратын қызметі-кесілген дайын үшқатты өңдейді. Енді келесі цехқа көшейік. Бұлар-дизайнерлер бөлмесі. Яғни сендердің атқаратын қызметтерің-дайындық цехынан өңделген өнімге көшірме қағазды пайдаланып, үлгі қағаздардағы әр түрлі суреттерді көшіресіңдер. Үшінші цех-өндіріс цехы. Сендердің міндеттерің-үшқаттағы көшірілген суреттерді ағашты күйдіріп өрнектеу аспабын пайдалана отырып, нүктелік әдіс арқылы суретті көркемдеп өңдейсіңдер. Келесісі - лактау цехы. Сендердің мақсаттарың- күйдіріліп, өрнектелген өнімді түрлі бояулар арқылы ажыратып, оны екіден-үш рет қайталап лактап, кептіріп шығару. Келесі кезеңде сауда менеджері дайын өнімді саудаға шығарады. Яғни жарнамалап, сату ісін үйлестіреді.

Сабақты бекіту:

Электркүйдіргіш аспабы қандай бөліктерден тұрады?

Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен жұмыс жасау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Ағашты күйдіріп өрнектеу жолымен дайын сапалы өнім жасауда өндірістік жүйе әдісінің тиімділігі мен нәтижесі туралы айтып беріңдер?

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақты қорытындылай келе, техникалық бақылау бөліміне жүгіне отырып, әр цехтың жұмысының сапасына баға берейік.

1) Дайындық цехы

2) Дизайнерлер бөлмесі

3) Өндіріс цехы

4) Лактау цехы

5) Сауда менеджерінің жұмысы

Үй жұмысын беру: Ағашты күйдіріп, бұйымға өрнек салу үшін қолданылатын суреттің бірнеше нұсқасын жасап келіңдер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
А?ашты к?йдіріп ?рнектеу

Автор: Сарсенов Таргын Оракбаевич

Дата: 07.11.2014

Номер свидетельства: 127709


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства