Просмотр содержимого документа
«А?АШ Б?ЙЫМДАРЫН ??ДЕУ»
АҒАШ БҰЙЫМДАРЫН КӨРКЕМДЕП ӨҢДЕУ
Рымбай Еримхан
Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Макинск қаласы
КММ «Балуан Шолақ
атындағы мектеп-лицей»
Сабақ тақырыбы:Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу. Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам. Жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушыларды түгелдеу ә) Жұмысты ұйымдастыру 2. Өткен материалды қайталау. 3. Жаңа сабақ. 4. Сарамандық жұмыс 5. Бекіту 6. Бағалау 7. Үйге тапсырма Сабақтың барысы: Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті. Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқаншебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер. Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық. Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді. Жанар Айжанованың«Қобызым»әні (оқушыларға тыңдату). — Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД – 120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. — Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. — Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау. — Өрнектерді кесу. — Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау. Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау. Сергіту сәті. С ө з ж ұ м б а қ. Ағаштың қасиеті
Ағаш құрылысы Ағаш бөлігі Қолмен салынған зат бейнесі Киіз үй сүйегін жасаушы шебер қолөнерші. «АҒАШ» жасырын сөз Нан да бар Нән де жоқ Ғасырда бар Асырда жоқ Санда бар Сәнде жоқ. Қашта бар Қаста жоқ. Ағаштан жасалатын заттар: Бір құрсақты екі құлақты Он екі белбеулі Бір түймелі, екі желілі Күйдің көрігі, әннің көлігі Тыпырлаған сайын толысқан Секеңдеген сайын семірген Отыз омыртқа Қырық қабыртқа Бәрін ұстап тұрған ауыз омыртқа. Сарамандық жұмыс: Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз. Үш бұрыш тұмарша түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз. Ол үшін ойға алған мақсатымыз сәтті шығу үшін қауіпсіздік ережесін білу керек. 1. Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Жұмысқа дейін Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат) Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б) Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. Жұмыс кезінде Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын. Нұсқау карта бойынша әр амалдары (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр. Жұмыс кезінде алаңдама. Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал. Жұмыстан кейін Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Өзіңді ретке келтір. Шеберханадан мұғалімнің рұхсатымен шық. 2. Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері: Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты; Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты; Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты; Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан: Жұмысқа дейін Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат) Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты) Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт. Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын. Жүзін тексер. Станокті бос айналдырып тексеріп көр. 8. Көзге көзәйнек ки. Жұмыс кезінде Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста. Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос. Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.) Жарақат алмас үшін: а) станокқа қатты басты еңкейтпе; ә) станок үстінен алыс – беріс жасама; б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында; в) қолыңмен тоқтатушы болма; г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе. Жұмыстан кейін Жұмыс орныңды ретке келтір. Станокті тазалап мұғалімге тапсыр. Өзіңді ретке келтір. Сабақты бекіту. Сұрақтар қойылады. 1. Өрнек пен оюдың айырмашылығы неде? 2. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу қандай шаралар арқылы жүзеге асырылады? 3. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Сабақты қорыту Оқушылар еңбегін бағалау Үйге тапсырма.