1.Топырақтың құнарлығы неліктен өзгереді? а) адамның өндірістік қызметіне қарай; ә) өсімдік пен жан-жануардың қарым-қатынасы нәтижесінде; б) ауа райына байланысты; в) топырақ түзілудің табиғи процестеріне байланысты. |
2. Топырақтың ылғалдылығы неге байланысты? а) жауған жаңбырға; б) топырақтағы микроорганизмге; ә) топырақта қара шіріктің көп болуына; в) топырақтың механикалық құрамына. |
3. Топырақтың су өткізгіштік қасиеттері қандай топырақта көп болады? а) саз, садық жерде; б) қара шірікте; ә) құм, құмдақ жерде; в) түйіршік топырақты жерде. |
4. Күзде атқарылатын топырақ өңдеу жұмысы. а) пар өңдеу; б) судігер жырту; ә) тұқым себер алдында өңдеу; в) культивациялау. |
5. Жер бетінің нығыздалып тегістелуін, дәннің топырақпен жақсы қатынаста болуын, топырақ пен қарды жел ұшырып кетпеуін қамтамассыз ету үшін жүргізілетін топырақ өңдеу операциясы: а) жерді сыдыра жырту; б) майдалау; ә) дискілеу; в) тырмалау. |
6. Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдар түріне жатпайды: а) дискілі тырмалар; б) сыдыра жыртқыштар; ә) фрезалар; в) сепкіштер. |
7. Өсімдік қалдықтарын, сондай-ақ минералдық, органикалық тыңайтқыштардытерең көму үшін: а) топырақ қыртыстары бір-бірін жауып жататындай етіп,түзу қозғап айдау керек; ә) ыдыра жырту керек; б) жер қыртысын толық аудару керек; в) топырақ қыртысын жақсы ұсақтап, жоғарғы қабатында ұсақ түйіршіктер ғана болу керек. |
8. ПЛН-5-35 соқасы қандай тракторға тіркеледі? а) К-700А; б) ДТ-75,Т-150; ә) МТЗ-80; в) Т-40А. |
9. Шым аударғыш топырақтың жоғарғы қабатын қандай тереңдікте кесіп, ұсақтап аударып, оны борозда түбіне салуға арналған. а) 25 см; б) 20 см; ә) 35 см; в) 12 см. |
10. Неліктен жерді таптауышпен таптағаннан кейін, ізінше жеңіл тырмалар жүргізіледі? а) тез кеуіп буланудан сақтау үшін; б) топырақты шаңдатып жібермеу үшін; ә) су режимін сақтау үшін; в) тығыз қабат жасау үшін. |
11. Топырақтың эрозиясына қарсы қолданылатын құрал. а) ауыр салмақты культиватор; б) бульдезер; ә) грейдер; в) жал салғыш. |
12. Әк пен күлді тыңайтқыштар тобының қайсысына жатқызады? а) органикалық тыңайтқыштарға; б) бактериялық тыңайтқыштарға; ә) минералды тыңайтқыштарға; в) тыңайтқыш тобына жатпайды. |
13. Көңді шашу нормасын ең аз қажет ететін дақыл. а) жүгері; б) қант қызылшасы; ә) картоп; в) бидай. |
14. Ауыспалы егісте бұрынғы егілген орнына қайта оралып егуге болмайтын дақыл. а) картоп; б) мақта; ә) жүгері; в) қызылша. |
15. Белгілі бір айдалып, егілген жерге немесе орынға ұзақ уақыт қайталанып егуге төзімді дақыл. а) зығыр; б) қызылша; ә) күнбағыс; в) жүгері. |
16. Мелиорацияда жер астына көмілген қыштан, тақтайдан,жұмыр ағаштан, тастан жасалған топырақтағы артық су жүретін әр түрлі түтіктер қалай аталады? а) жер құрғату; б) жер асты су жолдары; ә) дренаж; в) жер суару. |
17. Гүл шаруашылығында өсірілетін гүлдерде алғашқы жылы гүлдейтін жылу сүйгіш гүл неше жылдық? а) көп жылдық; б) бір жылдық; ә) екі жылдық; в) бір маусымдық. |
18. Қаламшелеп отырғызып көбейтетін гүл. а) жұпаргүл; б) қашқаргүл; ә) шығыс көкнәрі; в) хризонтема. |
19. Кез келген температураға шыдайтын үй өсімдігі. а) раушан; б) фуксия; ә) бегония, рекс; в) алоэ. |
20. Механикалық суару тәсілін қолдану себебі. а) суаруды жеделдету; б) су көзі суарылатын танаптан төмен; ә) су көзі суарылатын танаптан жоғары; в) жер асты суын пайдаланғанда. |