Просмотр содержимого документа
«Ер.Ерді? ??рылысы »
Мазмұны
І. Абстракт (аннотация) ..........................................................3
ІІ. Кіріспе
2.1. Ердің түрлері .....................................................................4
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1. Ер жасау технологиясы ....................................................5
3.2. Ұлттық мұра – ұлт мақтанышы .......................................7
3.3. Ер қосу ісі ..........................................................................8
3.4. Қазақстан жеріндегі ер жасаудағы ерекшеліктер ..........9
ІV. Қорытынды ........................................................................15
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..........................................16
VІ. Жетекшінің пікірі (іске тігілмейді)
2
Абстракт (аннотация)
Зерттеудің мақсаты: Ер. Ердің құрылысы және пайдасы туралы мәліметтер беру. Ердің құрылысы, түрлері туралы мағлұматтар жинау.
Зерттеудіңғылымиболжамы: Қазақстан жеріндегі ер жасау технологияларының ерекшеліктерін технология сабағында жасауды қолға алу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең: Осы тақырыптар бойынша керекті материалдар көзін іздеу;
Екінші кезең: Жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу;
Үшінші кезең: Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелер алу, жинақталған материалдарды баспаға дайындау, ғылыми жобаны ғылыми конференцияда қорғауға дайындалу.
Зерттеу әдістері: жинау, сараптау
Алынған мәліметтер негізінде автордың қорытындысы: жұмысты орындау кезінде оқушы ер туралы толық түсінік бере отырып, ұмытылып бара жатқан ер түрлері туралы толық мағлұмат беріледі.
Алған жұмыстың іс-жүзінде қолданылуы:
Технология сабақтарында қолдану.
Шебер қолдар үйірмелерінде пайдалану.
3
2. Кіріспе
2.1. Ердің түрлері
Ер-тұрман – атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты. Ер-тұрманға ерден басқа тоқым, желдік, тебінгі, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, айыл (төс айыл, шап айыл), өмілдірік, құйысқан, жүген, шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, пыстан, кежім, қамшы, шідер, тұсамыс, кісен, қанжыға жатады. Әйелдерге арналған ер-тұрман (тоқым, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, ноқта, жүген, сулық, айыл, өмілдірік, құйысқан, пыстан, шеттік, сауырлық, салпыншақ) әшекейленеді. Ерлерге арналған ер-тұрман жеңіл, ықшам, көбінесе мүйіз, сүйекпен, әшекейленеді. Ер-тұрман «ер-тоқым» деп те аталады. Атты – қанат, келістіріп мінуді – өнер деп білген халқымыз ат әбзелдерін айрықша қастерлеген. Көшпенділер мәдениетінде, әсіресе, ер-тоқымның шоқтығы биік.Бұрынғы заманда бабаларымыз келген қонақтың астындағы атының әбзелдеріне қарап-ақ, оның қай рудан екенін, әлеуметтік мәртебесін, қай өңірден келгенін жазбай таныған екен. Мәселен, ер-тоқымның шығыс аймақта кеңінен тараған түрін «найман ер», «Абай ері» деп атайды. Мұндай әбзелдің алдыңғы жағы домалақтау болып келеді. Жетісу өңірінен төмен қарай құранды ер үлкен қолданысқа ие. Ер-тоқымның бұл түрі бірнеше бөлшек ағаштан жасалатындықтан, «құранды ер» деп аталып кеткен. Ал еліміздің батыс жағында «үйрекбас ер», «қозықұйрық ер» кең танымал. Мұның барлығы қолөнерге деген ерекше құрметтен туған. Сондай-ақ бұл әбзелдің «қазақы ер», «қалмақы ер», «қырғыз ер» деген түрлері бар. Жыраулар поэзиясындағы: «Қалмақы ердің қасы деп, өлер жерің осы деп, садақ тартты…» дейтін өлең жолдары сөзімізге мысал бола алады.
4
3. Негізгі бөлім
3.1. Ер жасау технологиясы
Ер-тоқым жасауда ескерілетін ең басты қағида – ердің ат арқасына жайлы болуы. Егер оның екі қапталы тар келіп, аттың арқасына бататын болса, онда оны мүлік санатына қосудың қажеті жоқ. Халқымыздың «Алтын ерің атқа батса, алтынын ал да отқа жақ» деген тәмсілі содан шыққан. Ер-тұрманның құрамына терлік, тоқым, қайыстан өрілген айыл-тартпа, үзеңгі, құйысқан, өмілдірік және қанжыға кіреді. Осының бәрі ағаштан жасалған қаңқаны толықтырып тұрады.
Ат әбзелдерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ: – Тоқым – ер қаңқасының екі қапталына өлшеніп қиылған киіз. Пішіні – төрт бұрышты. Бұл аттың арқасын ағаш ер жауыр қылмау үшін төселеді. Ер астынан салынатын тоқымды басқа емес, киізден тігіп, былғарымен қаптаудың өзіндік себебі бар. Бұл – бар нәрсені байыппен бағамдайтын бабалар көрегендігінің бір көрінісі. Киіз – экологиялық таза материал, ол терлеген атты салқындатып тұрады. Ал жүн түтіліп кетпей, ұзаққа жарау үшін сыртын міндетті түрде былғарымен қаптаймыз. Сондай-ақ терінің ылғал өткізбейтін қасиеті бар. Тоқымың астына жұмсақ теріден терлік салынады, оны «ішкілік» деп те атаймыз. Көлемі тоқымнан сәл үлкендеу етіп жасалады. Терліктің үстіне тоқымды қойып, терліктің артық қалған бөлігін киіздің үстіне қайырып қоямыз. Тоқымның үстіне, ағаш ерді қойып, оның үстіне көрпеше төсейміз. Кезек айылға келіп жетті. Бұл – ер-тоқым әрі-бері жылжымас үшін және екі қапталға ауып кетпес үшін ойлап табылған қайыс бау. Айылды төс айыл (тартпа деп те аталады) және шап айыл деп екіге бөлеміз. Тартпа шап айылға қарағанда қысқалау боп келеді.
5
Шап айыл жалаң ердің үстінен, ал төс айыл аткөрпенің үстінен тартылады. Үзеңгінің не екенін білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Ол ердің ағаш қапталына қайыспен байлану арқылы ер-тоқымның ажырамас бөлігіне айналды. Құйысқан – бір ұшы аттың құйрығына ілініп, екі ұшы ердің екі қапталына бекитін әбзел. Ол ер-тоқымның алға қарай жылжып кетпеуі үшін қажет. Мысалы, таулы жерден еңіске қарай түскенде адамның ат үстінен ауып кету қаупін жояды. Ал өмілдірік, керісінше, аттың кеудесінен (төсінен) ердің алдыңғы екі қапталына бекітіледі. Бұл ер-тоқымның артқа жылжымауын қамтамасыз етеді. Ал ердің артқы жағына бектілетін қос бау «қанжыға» деп аталады. Халқымыз оны ауланған аңды немесе өзге де қажетті затты байлап алу үшін ойлап тапқан. Қарап отырсақ, ер-тұрманның іске жарамсыз жабдығы жоқ, әрқайсысының көтерер жүгі бар. Қазақтың көрегендігіне, тапқырлығына қалай тәнті болмайсың?! – Ер-тоқымның қазақ өміріндегі қолданысы тым әріден басталған. Жылқыны ең алғаш қолға үйреткен көшпенділер екеніне ешкімнің таласы жоқ. Атқаенгізген де – Еуразияның апайтөс даласын мекендеген көшпенділер. Б.з.д. IV-V ғасырларда ғұндар ағаштан, сүйектен жасалған ер-тоқымды Еуропаға апарып таныстырған. Оған дейін еуропалықтар тоқым секілді төсеніштің үстіне отырып келген екен. Одан бұрынырақ ғұн тайпасының өкілдері ер-тұрманды қытайларға алып барған. Жылқы мәдениетін, атқа мінуге қажетті құрал-сайманның барлығын көшпелілерден алғанын қытайлардың өздері мойындайды. Қытай халқының тарихында, зерттеулерінде бұл туралы ашық жазылған.
6
3.2. Ұлттық мұра – ұлт мақтанышы
Қазақта әр аттың өзіне арнап ер-тұрман жасату дәстүрі бар. Қызын төріне отырғызатын халқымыздың қыз жасауына арналған ер-тоқымы ерекше сән-салтанатымен зерттеушілердің таңдайын қақтырған. Қытай халық республикасында Оспан батырдың қызына жасау ретінде найманның ұстасы Құранбайға 50 қой беріп, жасатқан ері бар екен. Алтынмен апталған бұйым әлі күнге дейін өзінің туыстарында сақтаулы екен. Өткен ғасырда қытай жерінде соққан саяси дауылдан алтын ерді аман алып қалған қандастарымыздың өр рухы ұлттық мұрамыздың ұрпаққа жетуіне мұрындық болды. 1966 жылы қытайдағы «мәдени революция» кезінде Оспан батыр жасатқан ерді талқандаймыз деп келгенде, үйдің иесі тезектің астына тығып, аман алып қалыпты. Қытайдың атақты коллекционері келіп: «50 мың доллар ақша берейін, еріңді маған қи» десе де, әлгі үйдің шөберелері алған беттерінен қайтпаған. Сол шаңырақтың ер-тоқымды бір емес, екі мәрте аман сақтап қалғаны біздің қазақтың намысқой, бабалар аманатына қиянат етпейтінінің дәлелі. Өздері жұпыны тұрады екен, әйтсе де, «атамыз Оспан батырдың көзі» деп, қолындағы жәдігерді ақшаға айырбастамаған. Қазақы дәстүрдің қаймағын бұзбай, төл мәдениетті жаңғыртып отырған қазақтар Моңғолияда да кездескен. Баянөлгейдегі бауырларымыз ер-тұрман жасау өнерін биік сатыға көтеріп отыр. Кеткеніміз оралып, жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жанған тәуелсіздік шапағаты төгілген осынау кезеңде, егемендігіміздің еңселі жылдарының жарқын бір жемісі – мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жасалып, жүзеге аса бастауы. Оның мақсаты – халқымыздың бірегей ұлттық мәдениет, мәдени құндылықтарын іздеп, тауып, зерттеп әлемге әйгілеу. Осыған орай аталмыш бағдарлама
7
аясында қазақтың ұмытылып, назардан тыс қалыңқырап бара жатқан киелі де бірегей ұсталық кәсіп, зергерлік өнерін қайта тірілту, дамыту бағытында ізденістер, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
3.3. Ер қосу ісі
Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір салтының ең соңғы мұрагері қазақ халқы. Содан болар, көшпелі қазақтың материалдық және рухани мәдениеті тікелей байырғы салтпен шендесіп жатыр. Қазақ даласынан табылған Андронов заманындағы археологиялық олжалардың ішінде қолөнердің құрал – жабдықтары мол ұшырасады. Әсіресе тастан, металдан жасалған ұршық бастары, жауынгерлердің үстіндегі асыл металдан дайындалған киім мен қару – жарақтар көшпелілер арасындағы орныққан өндіріс деңгейі мен өнер үрдісін айқын аңғартады. Көшпелі өмір салтында, оның ішінде малшы өмірінде өндіріс құралы ретінде ер – тұрманның (ат әбзелдері) алар орны айрықша. Қашанда шаруа адамының мінген аты бапты, киімі ыңғайлы, ер – тұрманы сайлы болса, онда оның бойынан кәсіби мәдениеттің лебі есіп, көрер көзді қуантып тұрған. Ежелден көшіп – қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі –салт ат болды, ал соған орай, ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да өзгеше еді. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларға сай мұның да өзінше даму, өзгеру процесі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қолөнерінің қандай дәрежеде болғанын аңғартты. Ер-тұрман көне заманнан бері көшпелі халық өмірінің заңды қажеттілігіне сай қалыптасты. Мәселен, ауқатты қазақ отбасы өз бетімен салт жүруге жараған барлық балаларына түгелдей ер-
8
тұрман дайындаған. Ал, қайсыбіреулері баласы туысымен-ақ атақты ершілер қосқан тамаша ер, сәнді тұрмандарын дайындауға қамданатын. Сондықтан, қазақ даласының қай жерінде болмасын ер тоқым жасау ісі кең өріс алған. Осыған орай ершілер өнері жоғары бағаланып, тәжірибелі ершілерді қысы–жазы бірдей қолдан- қолға тигізбей ер қостырып отырған. Қазақта ер қосу ісінің жалпы заңдылығы есебінде, ең алдымен, ердің атқа тимеуі көзделеді. Ол үшін, біріншіден, ердің оқпаны жылқының қыр арқасын, әсіресе, шоқтығын баспайтындай көтеріңкі болуы қажет; екіншіден, ердің екі қапталы дұрыс мүсінделіп, олардың екі арасының алшақтығы мен әр қапталдың ер қастарын дұрыс қиысуы қажет. Әдетте ердің алды қысыңқы болады да, арты енділеу келіп, екі қапталдың алдыңғы басы жоғары қарай сәл ғана шалыстау шабылады. Осы көрсетілген ортақ заңдылықтарды бұлжытпай орындау үшін тәжірибелі қазақ ершілері ер қосуға арнайы жасалған қалыпты кеңінен пайдаланған. Сондықтан,олардың ерлері атқа да, адамға да жайлы болады.
3.4. Қазақстан жеріндегі ер жасаудағы ерекшеліктер
Қазақстанның жері өте үлкен, халқы сирек қоныстанғандықтан, қазақ өмірінің қай саласында болсын айтарлықтай жергілікті ерекшеліктер қалыптасқан. Мұндай жергілікті ерекшеліктер ер тұрмандарынан да байқалады. Бұлардың бір-бірінен негізгі айырмасы-олардың жасалу тәсілі мен сыртқы көрінісінде. Осы ерекшеліктеріне қарай: «қазақ ері», «шошақ бас ер», «үйрек бас ер», «қан бас ер» деген атаулар да қалыптасқан. Бұлардың ішіндегі ел арасына кең тарап, Қазақстанның көптеген аймақтарын қамтитыны-қазақ ері. Қазақ ері қайыңнан шабылып, екі қас, екі қаптал және орта ағаш
9
деп аталатын бөлшектерден қосылады. Ердің орта ағашы мен екі қапталына қайыңның бұтақсыз түзу кесінділері, ал екі қасына, көбінесе жуандау қайыңның екі айырланған тұсы қолданылады. Бұл үшін бірнеше қайың кесіндісінің қабығын аршып кептіреді немесе шірімеген қайың түптерін топырағынан арылтып, арамен кескілейді. Біраз уақыт жел қағып, дегдігеннен кейін дайындалған кесінділердің барлығын балтамен немесе салмақтылау шотпен жеңілдетіп алып кептіреді.Ер бөлшектері әбден нобайланып шабылып, тек өңдеу жұмыстары қалған уақытта бір қазан тұзды суға бие сауым уақыт қайнатады да, көлеңкеде кептіреді. Ершілердің айтуынша, тұзды суға қайнатылған ағаш ешқашан жарылмайды, қаңсымайды.Ердің барлық бөлшектері өңделіп, дайын болған соң,оларды арнайы қапқа салып қиыстырады да, қас етектері мен қапталдардың астасатын тұстарын қуысқұлақпен тесіп, шегелейді Шегені әдетте қаңылтырдан немесе жезден түтікше тәріздендіріп жасайды. Сөйтіп қазақ ерінің жалпы қосылу техникасынан жергілікті өзгешеліктер байқалмайды. Бірақ оның сыртқы пішіні мен әшекейлеу тәсілінде айтарлықтай ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер әр жерде қалыптасқан ердің жалпы кескіні мен әшекейлеу тәсілінен байқалады. Қазақстанның қай облысында болмасын әйелге арналған ер өзінің үлкендігімен де, әдемілігімен де көзге түседі. Әйел ерінің сүйегі ауыр, әшекейі де мол болады.Мұндай ер-тұрмандарға, негізінен алтын, күміс, асыл тас, сүйек, мүйіз, былғары, шұға және барқыт пайдаланылған. Мұндай ердің сыртқы пішініне келетін болсақ алдыңғы қасы өте биік, артқы қасы жалпақ келеді.Әрі әйелге арналған ердің алдыңғы және артқы беті түгелдей күміс шабылған темір пластинкалармен немесе қақталған күміс әшекейлермен безендіріледі. Еркектерге арналған
10
қазақ ерлерінің сүйегі жұқа және ықшам болатындықтан, олар өте жеңіл келеді. Күміс әшекейлері тым шағын, бірақ өте ұнамды болады. Еркек ерлерін әшекейлеуге мүйіз бен сүйек жиі қолданылады. Мұндай заттарды алдын ала дайындап алып, бетіне сан түрлі өрнектер жүргізіп, көбінесе ердің қасына ойып орнатады. Сүйек әшекейлері орнатылатын ерлер мүйіз түсін ашатындай басқа түсті бояумен болады. Бұлай жасалған ерлер өте сыпайылығымен көз тартады. Бұл туралы өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ даласын көп аралаған генерал А.К. Гейнс те атап көрсеткен еді. Ал енді, өзінің сыртқы пішіні жағынан аздап болса да ерекшелеу қазақ ерінің бір түрі – «Шошақбас ер» деп аталады. Қазақтың басқа ерлерінен мұның негізгі айырмасы атауынан - ақ көрініп тұр. Дегенмен, мұның жасалу тәсілінде жалпы қазақ ерлерімен кейбір ортақтық байқалады. Көпшілік жағдайда мұндай ерлердің сырты ешбір басқа затпен берік болу үшін қапталмайды. Тек қана ерді сәндеу мақсатымен оның алдыңғы қасының айнала шеттерін күміс, жез сияқты металдармен көмкереді, ал қалақ тәрізденіп шабылған ер басының ортасына күмістен, сүйектен, мүйізден жасалған әр түрлі шағын әшекейлер орнатылады. Бұлар болмаған күнде шылбыр өткізіп қоятын шығыршық қағылады. Мұндай ерлердің үстіне былғарыдан немесе киізден көпшік шегеленеді де, алды – арты көк, қара бояулармен боялады. Қазақ халқының тағы бір ердің түрі – «Құранды ер» деп аталады. Ердің бұл түрі бірнеше бөлек ағаштардан қосылады, сондықтан ол құранды ер атанған. Ауыл арасындағы қазақ ершілері құранды ерді 18 - 20 бөлек ағаш кесінділерінен құрастырғаны байқалынады. Құранды ер жасау үшін терек, жиде, тал сияқты жұмсақ әрі мықты ағаш қолданылады. Мұндай ағаштарға желім де тез сіңіп, жақсы
11
желімденеді. Әдетте, мұндай ердің толып жатқан бөлшектері бір-бірімен біріктіру үшін олардың астасатын жерлерін алдын ала мұқият тегістеп алып, содан кейін желім жағады, біраз дегдігеннен соң желімді тағы да қайта жағып біріктіреді.Осылайша желімделген бөлшектерін әбден кепкенше ауыр затпен бастырып немесе арнаулы қысқаш пен қыстырып қояды. Құранды ер жасауда негізгі материалдардың бірі – желім. Қазақ ершілері желімді сатып алумен бірге өздері де жасай білген. Сән іздеген серілер құранды ердің сыртын қалың былғарымен қаптатып, алдыңғы қастың бетін түрлі әшекейлермен безендірген.Мұндай ерлер құйма күміс бейнелермен, күмістелген оюлы темір әшекейлермен және түсті тастардан не күмістен көз орнату тәсілдермен де көркемделген. Құранды ердің сүйегі өте жеңіл, сыртқы формасы тым сыпайы – атқа да, адамға да жайлы болады. Сондықтан, Қазақстанның кейбір аудандарында құранды ерлерді «әйел ері» деп, әйелдерге арнайды. Шамасы келген ауқаттылар ерлердің сыртын былғары, мүйіз, сүйек, темір және күміс әшекейлермен көркемдеткен. Сәндеудің ең оңайы да, арзаны да ердің сыртын түгелдей түсті былғарымен қаптау әдісі болған. Ал, мүйіз, сүйек, күміс әшекейлерімен ердің алды-арты ғана әшекейленеді. Ер – тұрманның құрамына ердің жеке басынан басқа тоқым, желдік, терлік, жүген,үзеңгі шідер сияқты заттар да қосылады. Осылардың бәрін халық күнделікті өмірде ер-тұрмандары демей, ер-тоқым деп атайды. Көпшілік халық тоқымды киізден сырып жасайды. Кейде киіз тоқымының айнала жиегін шұға және барқыт сияқты қымбат маталармен көмкеріп, тоқымның сыртын түгелдей қалың былғары мен жабады. Сырма тоқым мен көмкерілген тоқымдар, көбінесе, әйелдер қолынан шығады, ал былғары тоқымды шебер ершілер
12
ғана жасайды.Тоқымның көлемі де, пішілу кескіні де әр түрлі болады. Әйелдерге арналған ер тоқымдары көлемді болады, жақсы көркемделеді. Ал, ер адамдарға арналған ер-тоқымдары көлемі жағынан ықшамдау келеді, әжептәуір әсемделеді. Киіз тоқымдарды да түрлі ою-өрнектермен әдемілеп сыриды. Былғары тоқымдарға сан түрлі тәсілдермен жүргізілетін ою-өрнектерге қоса күміс әшекейлер де қолданылады. Өткен ғасырда тоқымды ылғи тұтас және қалың былғарымен тыстайтындықтан,олардың бетіне бедерлі ою-өрнектер жүргізу тәсілі жиі қоданылатын болған. Бедерлі өрнекті, көбінесе, арнаулы ағаш қалыптар арқылы түсіреді. Бұл үшін бедерлі өрнегі бар ағаш қалыптасып дегдігенше, қозғамай қоя тұрады. Бұдан соң тоқымға түскен бедерлі өрнектердің айнала жиектерін пышақ тәрізденген мүйіз аспаппен сызып,айқындай түседі. Кейде өрнек айналасын тарамыспен қайып тігеді. Мұндай бедерлі өрнек келе-келе жойылып кетпес үшін, былғарының теріс жағынан ойыстарына толтыра желім құйып кептіреді де, киізбен астарлап тігіп тастайды. Жұқа былғарыдан жасалатын тоқымдарға бедерлі ою-өрнектер түсірілмеген. Сондықтан, жұмсақ және жұқа былғарымен тысталған тоқымның бетіне басқа түсті былғарыдан дайындалған оюларды жапсырып немесе сызылған өрнек ізін тарамыспен қаю, немесе түсті жіптермен кестелі өрнек тігу тәсілдері жиі қолданылған. Бұған қосымша әр түрлі күміс құймалармен де көркемделген. Үзеңгі темірден, қоладан және ағаштан жасалады. Ағаш үзеңгіні тек қайыңнан ғана иіп жасайды да, үзеңгі бау өткізетін жерден екі басы қосылып шегеленеді. Кейде мұндай үзеңгілерді мықтылық үшін темірмен құрсаулайды. Темір құрсаудың бетін күміспен әшекелейді. Ағаш үзеңгіні қыстыгүні қолданады, өйткені қатты аяздарда темір үзеңгі
13
адамның аяғына да, атқа да жайлы тимейді. Қыстыгүні жылқы күзетіне баратын жылқышылар ағаш үзеңгілерді көбірек пайдаланады.Үзеңгіні қоладан сирек жасайды. Оның өзінде арнайы қалыпқа құю арқылы жасаған. Темір үзеңгі сом темірден тұтас соғылады, оның табаны ғана бөлек жасалып қондырылады. Ал, кейбір ұсталар үзеңгінің ішін қуыстап соғып алады да, сыртын толығынан күміспен безендірген. Күмістелген үзеңгінің сыртына әр түрлі өрнектерді сан алуан тәсілдермен түсіріп отырған. Бірде күміс бетіне нағыз қарала жүргізілсе, екіншіде өрнекті темір бетіне шабылған күмістен ойып алып, жалған қарала жасалатын, яғни темірдің табиғи реңі қарала тәрізденіп көрінеді. Көпшілік жағдайда темір үзеңгіні ешбір өрнексіз, сол қалпында таға береді. Өмілдірік - сән үшін тағылатындықтан, қалың былғарыдан жасалып, мол әшекейленеді. Өмілдіріктің екі ұшы ердің алдыңғы қасының екі жағына бекітіліп, ортасы аттың омырауында тұрады. Өмілдірік ердің кейін сырғымауына да өз септігін тигізеді. Арбаға жегілген көлікті бағыттап, жүргізіп отыруға арналған ұзын қайыс бауды делбе дейді. Ал делбе қақты тіркесі тура мағынасында “делбемен атты айдады, қамшылады” дегенді білдіреді. Салт ат тұрмандарының құрамына қамшы да кіреді. Мұны кейде ат жүргіш деп те атайды. Қамшы өрімі ірі қараның терісінен илеген қайыс таспалардан өріліп жасалған. Оны әр түрлі етіп өру үшін таспа санын 4-тен 32-ге дейін өзгертіп отырады. Таспа саны аз болса, өрімге өзек салынбайды, өрім жіңішке, төрт қырлы болып өріледі. Ал, көп таспадан өрілетін өрімге қайыстан өзек салынса, өрім өте әдемі және жуан болып шығады. Өзекті қамшы арнайы жасалған аспаппен өріледі. Ол үшін садақ тәрізденіп иілген ағашқа өзекті керіп қойып, оның сыртынан әр түрлі тәсілмен таңдайлап өре береді. Кейде
14
қамшының өріміне қоса, оның сабын да таспадан өріп шығарады. Мұндай қамшылар, әдетте, ұшынан сабына қарай жуандай береді де, сабына темірден өзек салынады. Сап пен өрімнің ұштасатын жерінен шашақ шығарады. Байырғы тұрмыста бұйым жасауға материал ретінде қолданылатын ағаш, тас, сүйек, тері, алтын, күміс, темір, қорғасын т.б. бәрі де шеберлер қолымен өңделіп, әрбір материал түрінен сан алуан бұйым түрлері жасалған.
Бұл зерттеуде ғылымға қосқан жаңалығым: ертеде атбегілер ердің ат арқасына батпауы үшін теріден жона салатын болған, ал қазіргі кезде жонаның орнына мочалка салуға болады.
15
ІV. Қорытынды
Әрбір азаматтың ата –тегін, елінің тарихын, ана тілін білуі, ұлтын сүюі қасиетті парызы, ал ұлтының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін, мәдениетін, өнерін өмір бойы сақтап, ұстануы, дамытуы ата – баба рухы алдындағы мәңгілік борышы мен міндеті.
Сөзімді қорыта келе айтарым, қазіргі күндегі жастар қауымы тек жастар ғана емес, үлкендердің өзі де біздің қозғап отырған осы тақырыбымызға қызығушылық танытпайды да. Себебі, жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүретін бұл заманда ат әбзелдері ешкімді де қызықтыра қоймасы анық. Себебі, ақшалы болса ақшаға, болмаса несиеге көлік мініп жүрген азаматтар мен азаматшалар бұл тақырып аясында сөз етпесі айдан анық. Сондықтан да осы тақырып мен үшін өте қызықты болды және де ізденіп жетекшіммен бірге әлі де жұмыстанып, ат әбзелдерінің біз білмейтін түрлерін зерттеп өзім қатарлы достарыма насихаттауды алдыма мақсат етіп қойып отырмын.
17
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Технология оқулығы, 7-сынып 2003ж, «Атамұра»
2. Халық аузынан 2013 жыл, қыркүйек, қазан
3. Мектептегі технология журналы. 2011 жыл
4. Google интернет сайт
5. Маңғыстаудың зергерлік өнері Алматы – 2008, 177-181б.