А?аш ??сату шеберлігі ж?не оны? тарихы туралы жан-жа?ты, ке?інен ?амту
А?аш ??сату шеберлігі ж?не оны? тарихы туралы жан-жа?ты, ке?інен ?амту
?зектілігі: А?аш ??сату шеберлігі мен оны? тарихымен таныстыру, а?ашты? адамзат т?рмыс-тіршілігінде ?олданылыс орнымен ?атар, оны? ата-баба таным т?сінігінен алар ж?йесі, таби?ат дегенде, оны? бір б?лшегі а?аш адамзат баласыны? б?лінбес жан серігі екенін, кез келген к?ркемдік м?ні бар затты? ??іне та?балан?ан оюды? ?рбір жосы?ында тарихи ма?л?мат, символды? м?ні, ?лтты? таным, ?лтты? т?сінік бар екенін, а?аш оюыны? б?лайша, белгілі бір ж?йемен ?сынылуы балалар мен жас?спірімдерді? ?лтты? к?ркемдік тал?амын ?алыптастыру?а септігін тигізуге т?рбиелейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«А?аш ??сату шеберлігі ж?не оны? тарихы туралы жан-жа?ты, ке?інен ?амту»
Жинаққа шығатын тезис үлгісі.
Ағаш ұқсату шеберлігі және оның тарихы.
Мажит Айым ,8 сынып , Ушинский ат. О.М.
Сарқан ауданы , жет.: Курмангалиева Б.Д.
Гипотеза: Ағаш ұқсату шеберлігі және оның тарихы туралы жан-жақты, кеңінен қамту.
Ұсынылып отырған ғылыми – зерттеу жұмысымның тақырыбы:
«Ағаш ұқсату шеберлігі және оның тарихы»
Өзектілігі: Ағаш ұқсату шеберлігі мен оның тарихымен таныстыру, ағаштың адамзат тұрмыс-тіршілігінде қолданылыс орнымен қатар, оның ата-баба таным түсінігінен алар жүйесі, табиғат дегенде, оның бір бөлшегі ағаш адамзат баласының бөлінбес жан серігі екенін, кез келген көркемдік мәні бар заттың өңіне таңбаланған оюдың әрбір жосығында тарихи мағлұмат, символдық мәні, ұлттық таным, ұлттық түсінік бар екенін, ағаш оюының бұлайша, белгілі бір жүйемен ұсынылуы балалар мен жасөспірімдердің ұлттық көркемдік талғамын қалыптастыруға септігін тигізуге тәрбиелейді.
Мақсаттары: жоба 2 жылға есептелген.
І кезең :
Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегінде симметрияның басым екенін, ою-өрнектің түрлену жүйесі де сондай шексіз екендігі туралы.
ІІ кезең
Ағаш ою өнері ағаш ұқсату шеберлігімен тікелей сабақтас екендігі туралы айтылады.
ІІІ кезең
Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов « Тәңір» атты еңбегіндегі ата-бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті санайтындығы туралы.
ІҮ кезең
Ағашқа бағышталған айшықты сөздер туралы
Ү кезең
.
Ағаштың адамзат тұрмыс- тіршілігіндегі қолданылыс орнымен қатар, оның ата-баба таным-түсінігінен алар жүйесі туралы.
ҮІ кезең .
Ағаш оюды меңгеру үшін ескілікті таным-түсінік пен таным-сенім тарихын білу керектігі туралы, өнер сабақтығы туралы.
ҮІІ кезең.
Ағаш ұқсату шеберлігі, ағаш ою үлкен тарихы бар дәстүрлі өнер.
Зерттеу әдістері:
Ағаш ұқсату шеберлігі мен оның тарихы туралы ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау.
ҚазНПУ студенттері арасында сауалнама жүргізу, суретшілермен, қол өнер шеберлерімен әңгімелесу.
Бұл тақырыпты тек теория жүзінде ғана зерттемей, практика жүзінде де жұмыстар жасалды.
Зерттеу бөлімі: зерттеу нысаны- ағаш ұқсату шеберлігі мен оның тарихымен таныстыру,ағаштың адамзат тұрмысында кеңінен қолданылатыны, ұсталық өнердің салалары мен түрлерін білуге, ағаш оюдың негізгі тәсілдерін меңгеруге, нағыз ұсталық деңгейге көтерілу үшін осы сала бойынша жүйелі тәлім-тәрбие алу
Жұмыс барысында ҚазНПУ студенттері арасында тақырыптық сауалнама жүргізілді. 100 респондент сауалнамаға жауап берді.
«Ағаш ұқсату шеберлігі және оның тарихы» деп алу себебім, ауылда өскен баланың табиғатқа жақындығы, ағашты әсемдеудің тәсілдерін жақсы білуі, ағаштың өрнектілік өз қасиетін орынды пайдаланды.
Қасық пен торсықты, әр түрлі маскілерді ойғанда шебер ағаштың табиғи өрнегін көркемдік тәсіл ретінде ұтымды қолданылды
Тақырыпты еркін ойлап, нақты үлгілерді көшірумен шектеліп қалмай, ағаш ою кезінде өз қолтаңбасын батыл қалыптастырды.
Табиғат дегенде, оның бір бөлшегі ағаш адамзат баласының бөлінбес жан серігі болғандықтан, ағаштың түрлерін жақсы біледі.
Ағаш оюының бұлайша, белгілі бір жүйемен ұсынылып, балалар мен жасөспірімдердің ұлттық көркемдік талғамын қалыптастыруға септігін тигізуге тәрбиелейді.
Ағаш ою еңбегі арқылы ағаш шеберлігіне қатысты ұғымдарды, ұсталық өнердің салаларымен түрлерін білу арқылы, ағаш оюдың негізгі тәсілдер меңгерілді.
Қорытынды: Әрине, ағаштан бір-екі зат жасау арқылы ағаш ою тәрізді өнердің күрделі де ауқымды саласын толық меңгеріп кете алмайсың.
Алайда, осы еңбек арқылы ағаш шеберлігіне қатысты ұғымдарды, ұсталық өнердің салалары мен түрлерін біле аласың, ағаш оюдың негізгі тәсілдерін өздігіңше-ақ меңгеріп шыға аласың. Алайда, нағыз ұсталық деңгейге көтерілу үшін осы сала бойынша жүйелі тәлім-тәрбие алғанымыз абзал.
Осы сала бойынша көркемдік талғамды өздігіңше көтеруің үшін, шеберлікке күнделікті дайындалумен қатар, көрнекті құралдарға, музей экспонаттарына көп қарау керек. Көрнекі құрал деп халық шеберлері жасалған қолөнері бұйымдарының нұсқаларын, немесе сол нұсқалардың фото көшірмелерін, альбом типтес басылымдарды айтамыз.
Соңғы жылдары академик Әлкей Марғұланның «Қазақ халқының қолөнері» атты үш томдық кітап-альбомы, тарих ғылымдарының докторы Х. Арғынбаевтың үш томдықпен аттас монографиялық еңбегі, бұрынырақ этнограф С. Қасимановтың да дәл осылай аталатын жалпы көпшілікке бағытталған кітабы жарияланған.
Ағаш шеберлігіне қатысты орталық баспалардан орыс тілінде жарияланып жатқан методикалық құралдардың көп септігі тиеді.
Себебі, ағаш ұқсату шеберлігі әдіс-тәсілі барлық халықта бірдей.
Ағаш оюының бұлайша, белгілі бір жүйемен ұсынылуы балалар мен жасөспірімдердің
ұлттық көркемдік талғамын қалыптастыруға септігін көп тигізеді.
Өнер зерттеуші Сейсен Мұқтарұлы: «Оюды оқуға бола ма? атты мақаласында «Ру»
таңбалары ою-өрнектің көптеген айшықты үлгілерінде суреттеледі дей келе, сонан
келіп туындайтын рулық үлгілерге тоқталады» .
Пайдаланған әдебиеттер:
1.«Ағаш ою» . Авторы: Атанбек Нәлібаев.
2. «Қазақ халқының қолөнері» үш том кітап-альбом. Авторы: Әлкей Марғұлан.
3. Тарих ғылымдарының докторы Х. Арғынбаевтың үш томдықпен аттас монографиялық еңбегі.
4. Этнограф С. Қасимановтың да дәл осылай аталатын жалпы көпшілікке бағытталған кітабы.
5. Садық Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері»
6. Сейсен Мұқтарұлы «Оюды оқуға бола ма?» деген мақала.
.
.
.
Ағаш ұқсату шеберлігі және оның тарихы.
Мажит Айым, 8-сынып, Ушинский ат. О.М.
Сарқан ауданы, жет.: Курмангалиева Б. Д.
Зерттеудің мақсаты: Ағаш ұқсату шеберлігі мен оның тарихымен таныстыру, ағаштың адамзат тұрмыс- тіршілігіндегі қолданылыс орнымен қатар, оның ата-баба
Таным түсінігінен алар жүйесі, табиғат дегенде, оның бір бөлшегі ағаш адамзат баласының бөлінбес жан серігі екенін, кез келген көркемдік мәні бар заттың өңіне таңбаланған оюдың әрбір жосығында тарихи мағлұмат, символдық мәні, ұлттық таным,
Ұлттық түсінік бар екенін, ағаш оюының бұлайша, белгілі бір жүйемен ұсынылуы балалар мен жасөспірімдердің ұлттық көркемдік талғамын қалыптастыруға септігін тигізуге тәрбиелеу.
Тезис
Ұсынылып отырған ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы:
«Ағаш ұқсату шеберлігі және оның тарихы»
Ғылыми-зерттеу жұмысым: Кіріспеден, 7-бөлім мен қорытындыдан тұрады.
Кіріспе бөлімінде композицияның өнердің барлық түрлеріне қатысты екенін, бейнелеу өнері туындыларының композициясы туралы айтылады.
І-кезең
Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегінде симметрияның басым екенін, ою-өрнектің түрлену жүйесі де сондай шексіз екендігі туралы.
ІІ-кезең
Ағаш ою-өнері ағаш ұқсату шеберлігңмен тікелей сабақтас екендігі туралы айтылады.
ІІІ-кезең
Қазақ халқының кеменгер ғалымы Шоқан Уәлиханов «Тәңір» атты еңбегіндегі ата-бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті санайтындығы туралы.
ІҮ-кезең
Ағашқа бағышталған айшықты сөздер туралы.
Ү-кезең
Ағаштың адамзат тұрмыс-тіршілігіндегі қолданылыс орнымен қатар, оның ата- баба таным-түсінігінен алар жүйесі туралы.
ҮІ-кезең
Ағаш оюды меңгеру үшін ескілікті таным-түсінік пен таным-сенім тарихын білу керектігі туралы, өнер сабақтастығы туралы.
ҮІІ –кезең
Ағаш ұқсату шеберлігі, ағаш ою үлкен тарихы бар дәстүрлі өнер.
Қорытынды.
Ағаш ою еңбегі арқылы ағаш шеберлігіне қатысты ұғымдарды, ұсталық өнердің салалары мен түрлерін біле алатындығы, ағаш оюдың негізгі тәсілдерін өздігінше-ақ меңгеретіндігі туралы.
Менің бұл жұмысым жан-жақты, ағаш ұқсату шеберлігі және оның тарихы туралы кеңінен қамтиды.
Кіріспе
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол-«жүйелеу , үйлестіру» ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым.
Композиция - творчество арқауы.
Алғаш бұл жүйенің ғылыми анықтамасын берген ежелгі грек ғалымы Аристотель.
«Ақындық өнер жайлы» атты еңбегінде ол өнер түрлерінің ішкі жүйесін тарқата келе,
Кәдімгі өлең шумағының композизиялық бітімді сөзді жүйелеуден, нақтырақ айтқанда, белгілі бір сөздерді қайталап қолданудан құралатындығын айтады.
Сіздерге түсінікті болуы үшін ақын Төлеген Айбергеновтің екі қатар өлеңін мысалға келтірейін:
«Жолдар, жолдар, алысқа апарыңыздар,
Апарыңдар алысқа, сапарым бар».
Композиция өнердің барлық түрлеріне де қатысты. Белгілі бір қаланың, немесе нақтылы бір архитектуралық құрылыстың композициясы жайлы да, не болмаса, музыкалық шығарманың, бейнелеу өнері туындыларының композициясы туралы да әңгімелей беруге болады.
Суреткер творчестволық процесс кезінде өз ойын, сезімін әрқилы тәсілмен жазушы, айшықты тілмен, композитор әуені ырғағымен, ал суретші өрнек, форма, бояу үйлестігімен жеткізеді.
Яки, кез келген суретші өз ойын баршаға ұғынықты, тартымды болып шығуы үшін картинаңыз композициялық жүйелеу мәселесіне көп көңіл аударады.
Алайда, әр суреткердің композициялық шешімі, айтар ойы, танымы, талғамы әр қилы.
Әр суретші нақты тақырыпты өзіндік нақышпен тарқатқан.
Өзінше қисынын тауып, өзінше жүйелеген. Бірінен бірінің қолтаңбалары, жүйелеу әдіс-
тәсілдері мүлде бөлек.
Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегінде симметрия басым. Адамның қиялы қандай шексіз болса, ою-өрнектің түрлену жүйесі де сондай шексіз.
Бәріңізге белгілі, табиғат әлемі өте бай. Ол тек үйлесімді симметриялы, пропорциялы пішіндерден ғана тұрмайды, мүлде ассиметриялы кейіпте де болуы мүмкін .
Ағашты әсемдеудің мұнан өзге тәсілдері бар. Ағаштың өрнектілік өз қасиетін орынды пайдалана білген жөн. Қасық пен тостақты ойғанда шебер ағаштың табиғи өрнегін көркемдік тәсіл ретінде ұтымды қолданған.
Сонымен, ағаш ою дегеніміз ағашқа кез келген геометриялық тәсіл ретінде ұтымды қолданған.
Сонымен, ағаш ою дегеніміз- ағашқа кез келген геометриялық пішінді белгілі ырғақпен өрнектей салу ғана емес, өрнек үлгілерін композициялық тұрғыдан творчестволықпен жүйелеу немесе бұл да өзінше бір үлкен өнер.
Үлкен өнердегі суреткерлік қиялың ұшқыр болсын !
Еркін ойлап, нақты үлгілерді көшірумен шектеліп қалмай, ағаш ою кезінде өз қолтаңбаңды батыл қалыптастыру керек.
Ағаш ою өнері ағаш ұқсату шеберлігімен тікелей сабақтас. Әдетте қазақ халқы ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандарды , оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген. Үйші деп негізінен киіз үй сүйегін, яки, кереге, уық, шаңырақ жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салынатын, жастықағаш, жүкағаш, төсекағаш, кебеже тәрізді үй- іші мүлкі мен аяқ-табақ оятын ісмерлерді оймашы деп таныған.
Ағаш қарумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етушілерді балташы десе, балық ұстау үшін қаза, түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, шырпы, шарбақ өрушілерді тоқушы деп атайтын болған. Алайда, бұл бөлістің тиянақты шегі жоқ. Олай дейтініміз, өмірде балташы үйшікпен, үйші тоқумен, немесе тоқушы оймашылықпен қабат айналыса берген. Сондықтан, ежелгі ұғымда ағаш ұқсату ісімен шұғылданатын шеберлерді ұста деп те атайды.
Ал, ұсталар айналысатын кәсібінің басты ерекшелігіне орай темір ұстасы, ағаш ұстасы болып бөлінеді. Бұл бөлініске қарамастан нағыз ұста ұсталық өнердің жоғарыда аталған екі түрін де жете меңгеретін болған.
Он саусағынан өнер тамған әмбебап шеберді ғана халықтық ұста деп танығандығы сонан да. Әрі ұста дүкенін жалпы жұрт құттыхана атаған.
Үлкен ұсталар соққан заттарды кие тұтқан. Атап айтқанда, үлкен ұсталардың қолынан шыққан заттарды ырым етіп ілу күні бүгінге шейін ел арасында да сақталған. Осындай жоралғы темір ұстасы сомдаған заттарға ғана емес, ағаш ұстасы жасаған мүліктерге де қатысты. Көшпенділер, тіпті, кәдімгі ағаштың өзін әулие көрген. Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов « Тәңір » атты еңбегінде біздердің ата-бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті санайтындығын айта келе , айдалада дара өскен ағаш тәу етіп, басында түнеуге жарап жатыр. Жанынан өткен әрбір жолаушы оларға ырым етіп, әлем байлап, жанына ыдыс-аяқ тастап кетеді, басына құрбандық шалады,-деп жазса, түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы саналатын Қорқыт ата кітабында:
Атың ағаш десем шамданба ағаш !
О, Мекке мен Мәдиненің есігі болған ағаш ! Құдаймен тілдескенде Мұсаның асасы болған ағаш !
Ерлердің ері Әлидің дүлділіне ер болған ағаш ! Зұлыпқарға сап болған ағаш ! Хасан мен Хұсайынға бесік болған ағаш ! Басыңа қарасам, төбең көрінбес ағаш ! Түбіңе қарасам тамырың көрінбес ағаш! Мені саған асар болса, құлап түс ағаш! –деп келетін тікелей ағашқа бағышталған айшықты сөз бар. Бұл талғамнан біз ағаштың адамзат тұрмыс- тіршілігіндегі қолданылыс орнымен қатар, оның ата-баба таным-түсінігінен алар жүйесін де өте айқын байқай аламыз.
Осы бір асыл сөз Қорқыт Ата кітабында Сыр бойын мекендеген оғыз ұлысының бегі Қазанның бел баласы Ораздың аузымен айтылады. Әсте жырдың бұл жолдары бертінірек, яки, ислам дінінің қуат алған кезеңінде үстінен өңделсе керек. Әуелгі түп нұсқа, эпостық жырда Ағаш көп тәңірдің бірі ретінде алынуы хақ.
Себебі, мұсылмандық ықпал ете қоймаған шаман діні кезеңіндегі көшпенділер ұғымында:
Ғарыштан ғарыш ғалым бар,
Ғаламдар сайын әлем бар,
Сол әлемнің тұрақтайтын мекені
Тәңірге тәңір-Көктебе!
Көктебенің шоқтығы
Ұлылықтың боп шыңы
Жайқалып өскен
Жападан жалғыз Бәйтерек
Ол бәйтерекпен теңдесер
Бұл әлемде кезіге қойсын қай терек.
Сол Бәйтерек бұтағымен көк тірер
Тамырымен жер тірер,
Жапырағымен желпінер,
Желпінер де сілкінер,
Сілкінген кезде жер тұрар,
Қара дауыл құтырар,
Алып тауың арқырар, Аузынан от шашырар,
Суың тасып дүркірер
Қара аспаның күркірер!
Төрт бұрышты жеріңде
Төрт құбыла,
Құбыла сайын Көктеңіз,
Көктеңіз сайын Тәңіртау.
Осының бәрін көтеріп тұрған Көкөгіз ! – деген түсінік болған. Мұның мәнін былай түсінуге болады.
Біздің жыл санағымыздан бұрынғы 111-шы ғасырлар аралығында Алтай өңірінен Қаратеңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоныстаған түркі халықтарының түпкі аталары- байырғы сақтар әлемдік мәдени өмірде өнерінің өшпес асыл мұраларын өнер жарықтарын қалдырған. Оны ғылымда «звериный стиль» деп атау қалыптасып кеткен. Қазақи жалпақ тілмен айтқанда, бұл атауды жан-жануар көп бейнеленген өнер кезеңі деп түсінуімізге болады. Академик Әлкей Марғұлан айтылмыш өнер кезеңіне «аңдабы мәнер» деп ат берген. Есік отбасынан қазылып алынған «Алтын адам» киімі осы аңдабы мәнерінде жасалған. «Алтын адам» тәжіндегі өрнектерде жоғарыда келтірілген сарында аталып өткен «Көктеңіз» , (Мұхит) , Тәңіртау.
Осының бәрін көтеріп тұрған Көкөгіз- деген түсінік болған. Мұның мәнін былай түсінуге болады.
Біздің жыл санағымыздан бұрынғы Ү-ІІІ ғасырлар аралығында Алдай өңірінен Қаратеңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоныстаған түркі халықтарының түп аталары – байырғы сақтар әлемдік мәдени өмірде өнердің өшпес асыл мұраларын өнер жарықтарын қалдырған. Оны ғылымда «Звериный стиль» деп атау қалыптасып кеткен. Қазақы жалпақ тілмен айтқанда, бұл атауды жан- жануар көп бейнеленген өнер кезеңі деп түсінуімізге болады.
Академик Әлкей Марғұлан айтылмыш өнер кезеңіне «аңдабы мәнер» деп ат берген. Есік отбасынан қазылып алынған «Алтын адам» киімі осы аңдабы мәнерінде жасалған. «Алтын адам» тәжіндегі өрнектерде жоғарыда келтірілген сарында аталып өткен «Көктеңіз» ( Мұхит), Тәңіртау, «Бәйтерек» (ғылыми тілде «Өмір діңгегі» өрнегі) бейнеленген.
Міне, қазақ халқының ою-өрнек өнері осылайша түркі жасағымен, ол жосақ ежелгі сақтар өнері зергерлік әшекейлерімен тікелей сабақтасып отырады. Халық аузында: Жандыда жайын үлкен, жансызда қамыс үлкен» деген ұғым бар.
Бұл аталы сөздің төркіні де жаратылыстағы табиғи үйлесімді мақтау мен қастерлеуден туған. Себебі, адам мәңгі- бақи табиғатпен етене қатыстылықта болып келеді. Табиғат дегенде, оның бір бөлшегі ағаш адамзат баласының бөлінбес жан серігі десе болғандай.
Арыға барсақ, аяғын қаз-қаз басқан неондерталдық пен краманвондық сатыға жетіп, белін тіктегенше таяққа сүйенген. Белін тіктеу халіне көтерілген адамдар қолындағы қажетсіз болып қалған таяқтың ұшына үшкір тас байлап, қару орнына жұмсаған.
Ағаштың жасыл жапырағын жастық, құрғақ бұтағын отын еткен.
Алғашқы қауымдық кезең жұрағаты үшін жеке жортқан түздік үшін ағаш-ызғырықта ықтасын, аптапта сая болған. Ағаш, оның ішінде Бәйтерек ауыз әдебиеті нұсқаларынан өте мол орын алған.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Қозы шоқ теректі мекен қылады.
Қозы мен Баян өлгеннен кейін қатар өскен қос бәйтерекке айналып кетеді. Осы дәлелдің өзі-ақ қазақ халқының табиғатты аса ардақтағанына мысал бола алса керек.
Ертеректе көшпенділер ағаш еккенге, оның төңірегіндегі алты адым жер, құдық қазғанға, оның қапталындағы қырық қадам жер жеке меншігіне көшеді деп түсінген.
Бұл қағидаға хандар да, билер де қарсы тұра алмаған. Ізгі ниетті мұндай іске бөгет болу қай дәуір үшін де табиғат қамын ойламау болып шығар еді ғой. Осы салтты жақсы білген ұсталар әулеті, мүмкіндігінше, тоғай ағашын емес, ұсталық қажетке жарату үшін өздері арнайы еккен бау ағашын пайдаланатын болған.
Сыр өңірінде мұнан сексен- тоқсан жыл бұрын арнайы егілген бау ағаштарының жұрнағы әлі де ұшырасады. Бір өкініштісі, мұндай екпе баулар төңкерістен кейін, егіндікке жер аршу кездерінде арнайы өртенген.
Әрине, жасөспірім арасынан «ағаш оюды меңгеру үшін ескілікті таным-түсінік пен таным-сенім» тарихын білудің қажеті қанша» деушілердің табылып қалуы да мүмкін.
Көңіліңе ондай ой түскен талапты жас, ағаш ұқсату шеберлігін белгілі бір деңгейде меңгергенімен, тамыры тереңде жатып ою-өрнек өнерінің мән-мағыналық парқын жіті пайымдалмайды.
Себебі, кез келген көркемдік мәні бар заттың өңіне таңбаланған оюдың әрбір жасығында тарихи мағлұмат, символдық мән бар.
Ұлттық таным, ұлттық түсінік бар. Беймәлім тілді үйренбей, ести сала бірден ұғу мүмкін бе ?
Әрине, мүмкін емес. Сол секілді, ою- өрнектің де белгілі бір ұлтқа тән өзіндік сипатын тікелей көріп таныспай, түбегейлі зерттеп, зерделемей меңгеріп кете алмайсың. Музыкалық туындыны тыңдап қана түйсінуге болатын тәрізді, ою өнері үлгісін көріп қана көңілге тоқи аласың. Енді бір есіңде болуға тиісті жайт, кәсіп пен өнердің арасында айтулы айырма барлығы.
Мысалы, балташы жасаған ат арбаның, тоқумен өрген ергенектің, темір ұстасы соққан тағаның өнер туындысы қатарына қосылуы екіталай. Бұлардың көркемдік мәні жоқтың қасы.
Десек те, көркем жасалған күймелі арба, тарту ретінде әсем соғылған сый тағаның өнер шығармасына айналып кетуі де ықтимал.
Сондықтан, өнертану ғылымында сән және қосалқы өнер ( декоративно- прикладное искусство) деген, кәдімгі тұрмыста қолданылатын кәсіп (ремесло) деген ұғым бар. Кез келген кәсіпке кім де кім болмасын күнделікті іс тәжірибесі арқылы машықтана, мамандана алады. Өнер тудыру үшін іс тәжірибе, машықтанумен қатар табиғи талант пен дарын да қажет.
Сондықтан да енді біз өнердің кәсіби емес, творчестволық жағын ғана әңгімелейміз.
Сонымен, сән өнері (декоративное искусство) дегеніміз бейнелеу өнері тәрізді пластикалық өнердің үлкен бір ауқымды саласы. Кең түсініктегі сән өнері ұғымы архитектураға (архитектуралық өрнек, бедерлі-мүсін, витраж т. б. Қатыстылығына қарай монументті сән өнері болып, тұрмысқа қажетті көркем дүние өндіруіне қарай сән және қосалқы өнер немесе, сәндік қолөнер болып бөлінеді. Сәндік қолөнер жасалу тәсіліне қарай кесте, кілем, сырмақ, құйма, қалыптама т. б. болып, қолданылатын материалына қарай сүйек, металл, ағаш ұқсату және басқа болып жіктеледі. Өнердің бұл түрлерінің бәрімен де қазіргі таңда арнайы білім алған қолөнер шеберлері, яки, маман суретшілер шұғылданады.
Сәндік қолөнер шеберлері туындыларын көптен өндірумен көркем-кәсіп орындары айналысады. Әдетте, механикалық тәсілмен көптен өндірілген туындылар тікелей қолмен жасалған заттардың сапасынан көркемдік деңгейі төменірек болып келеді.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған иллюстрациялық материалдарда суреті берілген сәндік туындылардың бәрі де қолмен жасалған бұйымдар. Олар арқылы ежелгі дәуірлерден күні бүгінге дейінгі ұлттық ағаш ұқсату шеберлігінің тарихи бағыт-бағдарынан қысқаша мағлұмат ала аласыздар.
Отырар төңірегін қазу жұмыстары кезінде Құйрықтөбеден ашылған, сәулетті ғимарат ұстынының үстіңгі бұғағына бедерлеген ою үлгісі мен табыну тұғырына мүсінделген пұт тәңірлерінің кескіндерін тапқан ҮІІ-ІХ ғасырларда қазақ жерінде мүсін өнері қаншалықты жоғары деңгейде болды.
Құйрықтөбе монументті сән өнері туындылары, яки архитектурамен сабақтас мүсіндік шығармалары сақтар өнерін еріксіз еске түсіреді. Сақтар кезеңінде ағаш бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алған, ағаштан ойып жасалған шағын мүсіншілермен сақтар ер-тұман әбзелдерін көркемдеген. Ағаш табыттарды безендірген. Сақтар мен байырғы түркі өнерінде, мүсін негізінен аңдабы мәнерінде көрінсе, моңғол шапқыншылығына дейінгі өнерде діни мазмұн алып отыр.
Құйрықтөбе өрнегінде бертіңгі ою үлгілермен сабақтастық бар. Көңіл бөле қарасақ, бұтақтағы «қошқар мүйіз» өрнегінің киіз үй туырлығындағы өрнектен айырмасы жоқ.. Дәл осы пішінде «қошқар мүйіз» өрнегінің мәнері кесесалғыш өрнегінде де, кебеже өрнегінде де, бағандағы бедерде де, жастықағаш оюында да бар.
Ахмет Иассауи сәулет ғимаратындағы көрхана есігінің өрнегі сәндік қолөнер бұйымдары өрнегімен ұштасып жатыр. Міне, өнер сабақтастығы дегеніміз осы. Ұлттық ою-өрнек өнеріндегі өткен мен бүгіннің ұласымы өнер туындыларынан осылайша қылаң береді.
Қорыта айтқанда, ағаш ұқсату шеберлігі, ағаш ою үлкен тарихы бар дәстүрлі өнер.
Қазақ жерін мидай дала, ұшы қиырсыз шөл мен шөлейт деп түсінушілер әлі де ұшырасады. Алайда, көлденеңі үш мың шақырымнан, ені екі мың шақырымнан асатын ұланғасыр өлкеде ұшан-теңіз бау мен бақ,жидесі мен тораңғысы толқыған
тоғай, қарағай, шырша, самырсын, сыңсыған, ит тұмсығы батпайтын сансыз орман
толып жатыр.
Қазақстан одақ көлемінде Ресеймен иықтас. Тарқата айтсақ, ағаш еліміздің солтүстік далалы аймақтарында қайыңды шоқ орман.
Ертіс, Тобыл өзендері саласы мен Сарыарқада қарағайлы орман, шөлейтті аймақтың өзен аңғарларында жиде тоғай, тораңғыл тоғай, ал, Алтай өңірі мен Іле Алатауы жоталарында шыршалы, қарағайлы, самырсынды орман түрінде ұшырасады. Ағаштың неше алуан түрі ақындардың шипалы аузына да ілінген. Ондай жырлардың көріктілерінің бірі Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» атты топтамасы болса керек.
Осы топтамаға енген «Жер жүгі» деген өлеңінде ақиық, асқақ ақын:
« Ағашта өзің білген қарағай, тал,
Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.
Долана, ұшқат, жөке, ырғай, арша,
Ақсасық, қызыл қайың, барша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,
Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар.
Сарыағаш, қой қарақат, жиде, шетен,
Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар,
Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік,
Сықылды ағаштардың талайы бар»,-деп шабыттана шалқи жырлайды. Осы бірер шумақ өлеңнің ішінде бұтасы бар, талы бар отыздан астам ағаш пен туыстастардың аты жүр. Ақын жекелеген ағаштардың қолөнеріндегі қолданылыс ретінде өзіндік қасиеттерін де өте жақсы білген.
Мысалы: «Саптыаяқ» атты өлеңінде саптыаяқ: «Қабаққа біткен қайыңның беріші еді , безі еді » деп, ыдыстың берік болуы үшін қайыңның безді берішінен жасалатындығын айқын суреттейді.
Ағаштың өзіндік қасиеттерін, әдетте, екінің бірі біле бермейді. Соған қарағанда Ілекең ағаш ұқсату шеберлігіне өте қанық болса керек.
Осы ретте қазақ жазушылары арасында жазушы Тәкен Әлімқұловты да атай кеткен жөн. Асыл сөздің нағыз зергері тілдің бейнелік сипатына ғана емес, ішкі астарына да назар аударады екен-ау. Сондай, суреткерлердің бірі Тәкең бе ,-деймін. Ол бір сөзінде: «Әлемдік әдебиетте Қорқыт- некен-саяқ ұшырасатын кейіпкер! Ол жөнінде алып қашпа қауесет, ауызекі жыр, аңыз маған балауса жастан таныс. Өкіл әкем Керімқұл колхозда ұрғашы қарағайдан қобыз шауып, Қорқыттың күйлерін тартатынды»,- деп жазды.
«Ұрғашы қарағай» деп жазушы аталық ұрығынан, аналық гүлі басымдау келетін қайың түрін меңзеп отыр, ондай қарағайлардың шайыры аз, беріктік қасиеті басым болады. Әрі көбіне қобыздың қарағай түбірінен жасалатыны да рас.
Тағы да Қорқыт Атаға телінетін мына бір жыр жолдарын алайықшы:
«Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым,
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым,
Желмаяның терісін
Шанақ қылған қобызым,
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым,
Бесті айғырдың құйрығын
Ішек қылған қобызым ,
Құлағыңды бұрайын,
Осы айтқаным болмаса
Қайырып жерге ұрайын...»
Бұл жолдарды өлең деп қана емес, қобызды неден, қалай жасайтындығы жайлы методикалық нұсқау десе де болғандай. Сөз реті келіп қалған соң айта кетейік, ертеректе ғылыми трактаттар да өлеңмен жазылатын болған.
Мысалы, әзірбайжан ақыны Садықбек Афшар «Бейнелеу қағидалары» атты сурет салу ережелеріне арналған еңбегін өлеңмен жазған.
Оның ішінде бояу араластыру әдіс- тәсілі де жыр түрінде беріледі.
Қазақ: « Шайнап берген ас болмас» деп орынды айтқан –ау.
Өнерде ұстаз тек бағыт қана нұсқай алады, қалғанын зерделі шәкірт өз қиялымен толықтырғаны оңды. Бұған тағы да мысал келтірейік.. «Мұндай керемет мүсіндерді қарапайым тастан келісті етіп қалай оясыз ?»- деп сұраған кісіге Италияның ұлы
Мүсіншісі Микеланджело: «Түгі де жоқ, артық жерін алып тастасаң болғаны»- деп
жауап берген. Төркіні әзіл болғанмен мұның өзінде де шындық жатса керек.
. Қобызшылар Қорқыт жырындағы «нұсқауға » сүйеніп-ақ кәдімгі қылқобызды өздігінше жасап ала беретін болған. Осы бөлімге қазақ ұсталары басымырақ қолданған ағаштың бес-алты түрінің- тораңғыл, жиде, шырша, қарағай, қайың, еменнің жалпы тұрқы мен қабығының сыртқы көрінісін, ал ағаштардан жасалған тақталардан өң-бедерінің суретін ұсынып отырмыз. Енді ағаш түрлерінің қасиеттері жөнінде мағлұмат бере кетелік.
Ағаштың өзіндік, яки, техникалық қасиеті оның ішкі түзілімі мен механикалық сипаттамасына тікелей байланысты.
Ағаш талшығы, әдетте, өзектің ұзына бойына қуалай өрбиді.
Кейде өзек талшықтарының өрімі бұйраланып , матасып жатуы да мүмкін.
Талшық өрімі бұйраланып біткен ағаш көбіне сәндік материал ретінде пайдаланылады. Ағаштың техникалық қасиеті беріктік, серпінділік сияқты механикалық сипаттамалса, сәнділігі өрнектілігімен, өңділігімен, жылтырақтық белгілермен бағаланады.
Ағашты қажетті өз орнына пайдалану үшін сендер оны механикалық және физикалық белгілермен бірге кәдімгі жарағаштық сипаттамаларын да білулерің керек.
Ағаштың ол қасиеттеріне оның ұқсатуға (кесуге, сүргілеуге, түсуге) икемдігі, тезге, шорға салып июге көнгіштігі, бояу сіңіргіштігі мен ыстық пен суыққа шыдамдылығы,
топсалауға, құрсаулауға төзімділігі жатады.
Ұсталар әрбір ерекшелігіне қарай, әр түрлі сападағы ағашты орны- орнына пайдалана
білген. Мысалы, салмағы жеңіл, жонуға көнгіш болғандықтан ерді, күйменің төс ағашын қайыңнан, ал өрге ағашын солқылдақ әрі берік келетін мойылдан, су сіңірмейтін, суға ісінбейтін болғандықтан науа мен астауды самырсыннан жасайтын болған.
Қолөнер бұйымының түрі өзгергенде де, тіпті, ағаштың түрі өзгергенде де оған салынатын ою-өрнек үлгісі де өзгереді. Ал, енді ою-өрнек түрлерінің қолданылу жүйесіне тоқталайық..
Орнамент «әсемдеу, сәндеу» деген ұғымды білдіретін латын сөзі.
Қазақ тілінде бұл термин «ою-өрнек» боп алынып жүр. Ою-өрнек деп орнамент деп әдетте бейнелік нақыштары жүйелі ырғақпен қайталанылатын, белгілі бір үйлесімге негізделген көркем жосықтың бәрін айта береді. Ою-өрнек қазақ халқының сәндік қолөнер туындыларынан айрықша орын алатындығын алғашқы бөлімдерде әңгімелегенбіз. Бір ғана этнограф Садық Қасиманов « Қазақ халқының қолөнері»
атты кітабында өте жиі қолданылатын екі жүз ою мен өрнекті атап өтеді.
Бір қызықты жәйт, ою-өрнек үлгілерінде сол өрнекті тудырған рудың таңбалары оюдың ең негізгі құрамды бөлімі ретінде еніп отырған.
Өнер зерттеуші Сейсен Мұқтарұлы: «Оюды оқуға бола ма?» атты мақаласында :
«Ру таңбалары ою-өрнектің көптеген айшықты үлгілерінде Дулаттың «бүтін ай» таңбасы, Жалайырдың «тарақ» таңбасы, Қоңыраттың «босаға» таңбасы, Қыпшақтың «қос әліп» таңбасы, «Адай мен Төлеңгіттің «жебе» таңбасы, Найман руының бір тармағы Бағаналының «үш айрық алау» таңбасы ретінде суреттеледі» дей келе, сонан келіп туындайтын рулық үлгілерге тоқталады.
Сол еңбекте ою-өрнектің ойып, жапсырмалап, сырып өрнектелетін түрлерімен шұғылданатын шеберді оюшы деп, ал осы өңірдің зер төгіп, кестелеп жасалатын нұсқаларымен айналысатын ісмерлерді өрнекші деп айтатындығы дұрыс көрсетілген.
Шындығында да, ел ішінде ағаш, киіз тәрізді материалдарды ойып, тесіп, бедерлеп сүйек, металл, жасаған сәндік жосықтарды ою,-дейді де, ал кестелеп, термелеп, жонымалап шығарған ою ырғақтарын өрнек,- дейді.
Ағашқа бедерленген оюдың көннен қиылған ою мен сүйек қондырып жасаған оюдан, қоладан құйылған мүсінше мен өрнектен соққан тұтқадан немесе қалыптан жасалған алтын әшекей мен кесте өрнегінен, не болмаса терме алаша мен басқұр өрнегінен үлкен айырмасы барлығын байқауға болады.
Немесе, осы беттегі Сақтар кезеңінде теріге түсірілген өрнек пен құлпытастағы шекіп салынған оюдың, қам кесек кезінде өрнекті ойып салып барып күйдірілген Айша бибі күмбезі қыш өрнегі мен өрнектеп қаланған қыш кесектің, шынылық сылақпен өрнектелген Ахмет Иассауи сәулет ғимараты оюы мен көз қондырылған күміс білезік өрнегінің, таңбалап және жазулап өрнектеу үлгісі мен өрнектеп тоқылған шидің ағашқа түсірілетін оюға келетіні, ағаш оюы сарынын қайталайтыны барма ?
Әрине, бұл өрнектердің бірде бірі ағашқа ойылатын оюға айна қатесіз ұқсауы мүлде мүмкін емес.
Себебі, әрбір материал өз ыңғайына ғана келетін өрнектің бейнеленуін қажет етеді.
Сондықтан, әрбір материалдың өзіндік көркемдік мүмкіндігін толық сезінген шебер ғана, өз саласында биік көркемдік деңгейге көтеріле алады.
Расында да, қазақтың ұлттық ою-өрнегі арасында «қошқар мүйіз» өрнегінің өте көп ұшырасатындығы даусыз. Біздің кейде қазақы өрнек салаиыз деп сырмаққа чырылатын абажадай «қошқар мүйізді» шапан мен қамзолға апарып жапсыратынымыз бар.
Сол секілді тасқа, қышқа, ағашқа ою неғұрлым ойыңқы не шығыңқы салынған сайын көрнекі де әдемі көрінеді. Ал, көнді бедерлеп, қоланы құйып, темірді соғып, күмісті қара алалап, сүйекті шекіп өрнектеу қолайлы.
Симметриялы өрнектерден де күрделі құрылымдағы ою композициясын жасауға болады. Ол үшін бір-екі өрнектік элементті ғана пайдалану тым артық , жұтаңдық етеді. Ағаштағы ою үлгісінің күрделі де тартымды болып шығуы үшін есік оюындағы секілді көптеген өрнектік элементті аралас қолдану керек.
Оның үстіне өрнек нақыштарын теп-тегіс бір ғана жазықтық бетіне емес, екі немесе үш жазықтыққа бедерлеу ретті. Сонда бір оюдың нақышынан екінші оюдың нақышы оқшауланып, іріленіп, тұрпаттанып көрінеді. Ал мұның үстіне үлгі еркін, немесе, асимметриялы болса, ажарлана, әрлене түседі .
Қарашы, Ахмет Иассауи ғимараты есігінің оюы қандай тартымды. Алайда, мұндай
Тым күрделі ою нақышын бірден бедерлей алу мүмкін емес. Сондықтан, әзірше, оңайлау ойылатын өрнек үлгілерін бедерлеуді қанағат ет , өрнек үлгісін ұңғылап көп
тегістеуді қажет ететінін алмау керек.
Себебі, үлкен аумақты ойып тегістеу ауырлыққа түседі. Оң қанаттағы есік өрнегіне
өрнек жосығы көлбеу түскен. Бұлай ою ыңғайлы әрі жеңіл. Оюды толық бедерлеп біткен соң, үстінен бояуға да болады. Алайда, ағаш оюларының бәрі бірдей үстінен
сырлауды қажет етпейді.
Ағаш оюдың бірнеше тәсілдері бар. Негізінен оларды бедерлеп ою және жұмырлап ою деп шартты түрде екіге бөліп топтауға болады. Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлемімен мүсіндеуді, яки, ағашқа бедерленетін барельефті атауға болады.
Ал мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі- келсап, аяқ-табақ, саптыаяқ, ожау сияқтыларды жасау тәсілін жұмырлап оюға жатқызамыз.
Бедерлеп оюдың өзі де орындалу әдіс-тәсілдеріне қарай тарқатуға келеді.
Егер тақтаға өрнек жосығын тіліп түсірсек жосықтау деп, қашау ізін тік салсақ қиып ою деп, қашау жүзін көлбеу салып нұқи ойсақ қиып ою деп, қашау жүзін көлбеу салып нұқи ойсақ кертіп ою деп атаған дұрыс.
Енді, ағаш оюға кірісу үшін арнайы құрал-саймандардан өзге не жағдай керектігіне тоқталалық..
Ал ағаш ою үшін шеберхана температурасы тұрақты, жел соқпайтын, ауасы ылғалсыз, құрғақ, қоналқы үйден оқшаулау болуы керек. Себебі, ағаш ою шулы жұмыс әрі үлгісінің де сәнді шығыршықтары бар.
Халық шеберлері сәндік үшін шығыршықты көп қолданған. Бұл бұйымды жасайтын ұстаны ағаштан түйін түйген деп мадақтаған.
Музейлерден осы тәрізді нәзік болғанымен берік жасалған сәнді бұйымдар көп ұшырасады. Соған қарағанда, бұрындары ел арасында ағаштан түйін түйе алатын нағыз өнерпаз ұсталар жеткілікті болған болса керек.
Ұмытылып барып, қайта жанданып келе жатқан дәстүрлі өнеріміздің жанашыры, жалғастырушысы бола білуіміз керек.
Ағаш шеберлігіне қатысты ұғымдарды, ұсталық өнердің салалары мен түрлерін білсеңіз, ағаш оюдың негізгі тәсілдерін өздігіңше-ақ меңгеріп шыға аласыз.
Алайда, нағыз ұсталық деңгейге көтерілу үшін осы сала бойынша жүйелі тәлім-тәрбие
алған дұрыс.
.
Қорытынды
Әрине, ағаштан бір-екі зат жасау арқылы ағаш ою тәрізді өнердің күрделі де ауқымды
саласын толық меңгеріп кете алмайсың. Алайда, осы еңбек арқылы ағаш шеберлігіне қатысты ұғымдарды, ұсталық өнердің салалары мен түрлерін біле аласың, ағаш оюдың негізгі тәсілдерін өздігіңше-ақ меңгеріп шыға аласың.
Алайда, нағыз ұсталық деңгейге көтеру үшін осы сала бойынша жүйелі тәлім-тәрбие алғанымыз абзал.
Осы сала бойынша көркемдік талғамды өздігіңше көтеруің үшін, шеберлікке күнделікті дайындалумен қатар, көрнекті құралдарға, музей экспонаттарына көп қарау керек. Көрнекі құрал деп халық шеберлері жасалған қолөнері бұйымдарының нұсқаларын, немесе сол нұсқалардың фото көшірмелерін, альбом типтес басылымдарды айтамыз. Соңғы жылдары академик Әлкей Марғұланның «Қазақ халқының қолөнері» атты үш томдық кітап-альбомы, тарих ғылымдарының докторы
Х. Арғынбаевтың үш томдықпен аттас монографиялық еңбегі, бұрынырақ этнограф
С. Қасимановтың да дәл осылай аталатын жалпы көпшілікке бағытталған кітабы жарияланған. Ағаш шеберлігіне қатысты орталық баспалардан орыс тілінде жарияланып жатқан методикалық құралдарын көп бізге септігі тиеді.
Себебі, ағаш ұқсату шеберлігі әдәс-тәсілі барлық халықта бірдей. Ағаш оюының бұлайша, белгілі біо жүйемен ұсынылуы балалар мен жасөспірімдердің ұлттық көркемдік талғамын қалыптастыруға септігін көп тигізеді.
Өнер зерттеуші Сейсен Мұқтарұлы : «Оюда оқуға бола ма ?» атты мақаласында «Ру»
таңбалары ою-өрнектің көптеген айшықты үлгілерінде суреттеледі дей келе, сонан
келіп туындайтын рулық үлгілерге тоқталады .
Аннотация.
Ұсынылып отырған ғылыми – зерттеу жұмысы мына бөлімдерден тұрады.
Кіріспе
1. Кіріспе
а) Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым.
ә) Композиция- творчество арқауы.
2. І- кезең.
Қазақ халқының ұлттық ою- өрнегінде симметрияның басым екенінің, ою - өрнектің түрлену жүйесі де сондай шексіз екендігі туралы.
ІІ-кезең
Ағаш ою өнері ағаш ұқсату шеберлігімен тікелей сабақтас екендігі туралы айтылады.
ІІІ-кезең
Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов «Тәңір» атты еңбегіндегі ата-
бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті санайтындығы туралы.
ІҮ- кезең
Ағашқа бағышталған айшықты сөздер туралы .
Ү- кезең
Ағаштың адамзат тұрмыс- тіршілігіндегі қолданылар орнымен қатар, оның ата-баба
таным-түсінігінен алар жүйесі туралы.
ҮІ- кезең
Ағаш оюды меңгеру үшін ескілікті таным-түсінік пен таным-сенім тарихын білу керектігі туралы, өнер сабақтастығы туралы.
ҮІІ- кезең
Ағаш ұқсату шеберлігі, ағаш ою үлкен тарихы бар дәстүрлі өнер.
Қорытынды
Ағаш ою еңбегі арқылы ағаш шеберлігіне қатысты ұғымдарды, ұсталық өнердің салалары мен түрлерін біле алатындығы, ағаш оюдың негізгі тәсілдерін өздігінше-ақ меңгеретіндігі туралы.
Аннотация.
Предлагаемая научно-исследовательская работа состсит из следующих разделов.
Введение
а) Композиция-сложное понятие во всех областях искусства.
б) Композиция- опора творчества
2. 1-раздел
Значительность симметрии в казахских национальных узорах и бесконечное разнообразие видовой систкмы узоров.
2-раздел
Понятие о связи искусства резьбы по дереву с мастерством деревообработки
3-раздел
О восприятии предками явлений природы как святых признаков всевышнего в
Значение дерева, в быту, в повседневной жизни людей и формирование системного
использования дерева из познавательных методов предков.
6-раздел
Об изучении истории доверия – понятия и познания- освоение древних познаний
резьбы по дереву, о взаимосвязи культур
7- раздел
Мастерство использования дерева, традиционное искусство резьбы по дереву
Заключение
Понятие, связанные искусным исполнением дерева по труду резьбы познание видов и кузнечного искусства, о самостоятельном усвоении основных методов резьбы по дереву.
Аnnotation
This represented scientific- research work is consisted of these parts.
Introduction
In all spheres of art composition is a complicated conception
Composition is, the bases creation.
Part One (I)
symmetry plays a qrcat or le national desiqn of Kazakh people, and there are great species of desiqn
Part Two (II)
Carving is closely together with, wood work
Part Three (III)
An outstanding scientist of Kazakh people Shokan Valikanov said that our ancestors called unusual phenomenon of nature are sacred.
Part Four (IY)
Special words devoted to wood
Part Five (Y)
the usage of wood in the life of manking and its place in the understanding of our ancestors
Part Six (YI)
About necessity of knowing ancient understanding and history
Part Seven (YII)
Skills of wood carving, carving is a traditional art with a great history
Conclusion
Knowing of notions through wood carving to skills of wood carving, kinds and sorts of wood carving, and skills of working with wood carving.