?арапайым электр к?йдіргіш аспап б?се?дегіш трансформатордан, реостат - тан, т?т?адан ж?не шифт деп аталатын ауыспалы ?ыздыру жібінен т?рады.К?йдіруге ж?мса? жапыра?ты а?аштарды – к?к терек, ж?ке, ?андыа?аш, терек ті ?олдану тиімді.Кейбір а?аш т??ымдары 150 °С температураны? ?зінде, ал бас?а т??ымдар б?дан жо?ары тіпті 250°С – ?а жеткенде жанатына белгілі. Мысалы, ж?мса? ж?ке а?ашы камшат немесе ?айы? а?ашына ?ара?анда т?менірек температура да жана береді. Сонды?тан ж?мса? а?ашты к?йдіру ед?уір же?іл ?рі тез. Егер к?рделі суретті к?йдіріп салу керек болса, оны к?шірме ?а?азды? к?мегімен а?аш?а т?сіреді. Кейде а?ашты? бетін таза са?тау ?шін шеберлер бас?а ?дісті ?олданады. Алдын ала темекі ?а?азына суретті эскизінен т?сіреді. Одан кейін оны а?аш?а крахмал болмаса, ?н желімімен желімдейді. Тура темекі ?а?азына к?йдіреді де, к?йдіргеннен кейін ?а?азды ептеп алып тастайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1. Күйдіріп сурет салу технологиясын таныстыру. 2. Күйдіргіш станок құрылысымен таныстыру. 3. Қауіпсіздікті сақтау ережесін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:
Күйдіргіш станок, терек тақтай, қауіпсіздікті сақтау таблица.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа тақырып мазмұны
3. Қорытындылау
4. Үйге тапсырма
1. Теориялық кезеңі.
Жаңа сабақ мазмұны
Қарапайым электр күйдіргіш аспап бәсеңдегіш трансформатордан, реостат - тан, тұтқадан және шифт деп аталатын ауыспалы қыздыру жібінен тұрады. Күйдіруге жұмсақ жапырақты ағаштарды – көк терек, жөке, қандыағаш, терек ті қолдану тиімді. Кейбір ағаш тұқымдары 150 °С температураның өзінде, ал басқа тұқымдар бұдан жоғары тіпті 250°С – қа жеткенде жанатына белгілі. Мысалы, жұмсақ жөке ағашы камшат немесе қайың ағашына қарағанда төменірек температура да жана береді. Сондықтан жұмсақ ағашты күйдіру едәуір жеңіл әрі тез. Егер күрделі суретті күйдіріп салу керек болса, оны көшірме қағаздың көмегімен ағашқа түсіреді. Кейде ағаштың бетін таза сақтау үшін шеберлер басқа әдісті қолданады. Алдын ала темекі қағазына суретті эскизінен түсіреді. Одан кейін оны ағашқа крахмал болмаса, ұн желімімен желімдейді. Тура темекі қағазына күйдіреді де, күйдіргеннен кейін қағазды ептеп алып тастайды. Өрнектер алдын ала дайындалған штифтермен күйдіріледі. Штифті диаметрі 0, 3 – тен 1, 5 мм - ге дейін нихром сымнан дайындайды. Сымды кішкене бөліктерге бөледі де, қысқышпен немесе дөңгелек қысқышпен керекті қалыпқа келтіреді. Электр күйдіргішпен жұмыс істегенде, техника қауіпсіздігі ережелерін ұмытпау керек. Қосылған аппаратты қараусыз қалдыруға болмайды. Штифттерді аппарат токтан шығарылған кейін ғана ауыстырады. Жұмысты жақсы желдетілген жерде істеу керек.
Практикалық кезеңі
1. Ағаш беттеріне суреттер салу көшірме қағаздарын пайдалану кезеңдерін орындау.
2. Оқушыларға қарапайым күйдіру жұмыстарын орындатқызу.
3. Штифттер жасату. Оларды аспапқа бекіту.
4. Қауіпсіздікті сақтау ережесіне сұрақ – жауаптар өткізу.
Өткен сабақты пысықтау.
1) Сұрақтарға жауап алу: - Қарапайым электр күйдіргіш аспап нелерден тұрады? - Күйдіруге жұмсақ жапырақты қандай ағаштарды таңдаған жөн? - Не себепті жұмсақ ағаш таңдалады? - Ағашқа суретті түсіру әдісі қандай? - Штифті қалай дайындайды?
2) Өзара жасалған жұмыстарын қарап, баға беру. Кемшіліктері мен артықшылықтарын айтып тәжірибе алмасу.
Үйге тапсырма:
Ағаш бетіне сурет салып келу. Берілетін ою үлгілері.