Оқушылармен амандасып түгендеу,оқу құралдарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Токты өткізбейтін материалдарға нелер жатады?
2.Электр желісінің ең қарапайым түрі неше элементтен тұрады?
3.Токтың қайнар көзіне нелер жатады?
4.Шам күйген немесе толық бұралмаған жағдайда не істеу керек?
5.Электр сымының ашылған жерін немен залалсыздандырады?
6.Тексеру шамы не үшін қажет?
IІІ.Жаңа сабаққа даярлық:
Жаңа сабаққа қажетті құралдар мен материалдарды даярлау.
1.Ағаш бөлшектері,бұрама шегелер.
2.Ара,бұрауыш,бұрғы,қарындаш,сызғыш,бұрыштық.
ІY.Жаңа сабақ.
Бұрама шеге дегеніміз конус тәріздес металл діңгектер.Олардың бір қырынан қарағанда үшбұрышты ойық бұрандалары және жалпақ бұрауышқа арналған бір ғана кесік ойықты немесе крест бұрауышқа арналған крест ойықты қалпақшасы болады.Мұндай шегелер ағаштан жасалған құрылғы бөлшектерді құрастырып-бекітуге қолданылады,олар әсіресе фурнитуралық бұйымдарды(ілгектер,тұтқалар,құлыптар т.б)ағаштан жасалған заттарға бекіту үшін жиі пайдаланылады.
Бұрама шегемен құрастырып-бекіту анағұрлым мықты әрі берік болады.Бөлшектерді бұрама шегемен құрастырып-бекітудің мықты болуы ағаштың тығыздығы мен қаттылығына,дымқылдығына,шегенің ұзындығы мен диаметріне,оның бұрандалы бөлігінің ұзындығына т.б жағдайларға тікелей байланысты.
Бөлшектерді құрастырып-бекіту кезінде бұрама шегелерді ұрып қағуға үзілді-кесілді тыйым салынады.Өйткені ондай жағдайда ағаштың ішкі қуысындағы тесіктің қабырғасын шегенің бұрандалы бөлігі опырып кетедіде,діңгектің қысып ұстау күші бірден кемиді.Сөйтіп бұлай бекітудің тиімділігі шегемен бекіткендегіден де нашар болып шығады.
Жұмыс барысындағы ұстанатын техника қауіпсіздігінің ережелері:
1.Сапасыз құралдарды жұмысқа пайдалануға болмайды.
2.Бұрама шегені балғамен ұрып қағуға тыйым салынады.
3.Ұшы кетілген бұрауышты пайдалануға болмайды..
4.Бұрғыны қозғалтпай,тік ұстап тесу керек.
Y.Жаңа сабақты бекіту.
Сарамандық жұмыс.
Ағаш бөлшектерін бұрама шегелермен құрастырып-бекіту арқылы орындық жасау.
Жұмысқа қажетті құралдар:өлшеу белгілеу құралдары,қол ара, бұрауыш, бұрғы.
Сұрақ-жауап арқылы қорыту:
Бұрама шегенің кәдімгі шегеден айырмашылығы неде?
Бұрама шегеге балғаны пайдалануға бола ма?
Орындық жасауға қандай материалдар пайдалануға болады?