Жасалатын бұйым материалын дайындау. Дайындаманы өңдеу.
2
55
Дайындаманы берілген контур бойынша кесу. Дайындаманы ажарлау.
2
56
Бұйымға салынатын ою - өрнек түрлерін таңдау. Ою - өрнек эскиздерін дайындау.
2
57
Дайындамаға өрнек түсіру. Электр күйдіргішімен өрнек салу.
2
58
Әрлеу, әрлеу материалдары және құралдары. Әрлеу жұмыстары кезіндегі ТҚЕ. Бөлшектеу тақтасын лактау.
2
Қорытынды бөлім (4 сағат)
59
Көрме ұйымдастыру
2
60
Сабақты қортындылау
2
Барлық сағат саны
144
Түсінік хат
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болшағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегіндегі: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді.Қазақстанда ұлттық өнерде, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселеде «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізі бағытында: «Қосымша білім беруді дамыту үшін сол ұйымдардың желісін нығайту мен дамыту, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, балаларды сабақтан тыс жұмыспен мейлінше қамту» - деп көрсетілген. Сондықтан соңғы жылдары оқушыларға мектептен тыс қосымша білім мен тәрбие алу талабы қойыла басталды.
Қосымша білім беру бағдарламалары педагогтар мен жасөспірімдердің атқаратын қызметтерінің мазмұнын толық ашуы керек. Демек жалпыға бірдей білім беру бағдарламасының аясында сабақтан тыс уақыттырда ұйымдастырылатын қосымша сабақтардың бала құштарлығын оятып, қиялына қанат бітірері хақ. Қосымша білім беру бағдарламалары ұйымының мақсаттарына және тәрбиеленушілердің талап-тілектеріне сәйкес болуы тиіс, сонда ғана жеке тұлғаға бағдарланған ұстанымдағы бірынғай педагогикалық процесс ерекшелігі айқындала түседі.«Қиял сыры» үйірмесінің бағдарламасында жергілікті жердің аймақтық ерекшеліктері ескерілді. Сонымен қатар бағдарлама әрбір баланың жеке мүмкіндіктері мен олардың шығармашылық жұмысқа деген қабілеттерін ескере отырып, біртіндеп қызметтің бір түрінен екінші түріне ауысып отыруды қарастырады. Бағдарлама 144 сағатқа есептеліп құрылған. 9-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Оқыту мерзімі бір оқу жылына есептелген
Мақсаты: Жасжеткіншектерді адамгершілікке,әсемдікке тәрбиелеу. Қолөнердің қыр-сырынан мағлұмат беру.Ұлттық қолөнерді таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Оқушыларға сабақтан тыс уақытта әр түрлі бұйымдар жасаудың ең жетік әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Міндеті: Үйірмеге қатысушы оқушылардың бойындағы талабы мен таланттарын одан әрі қарай дамыту,терең білімділікке жетелейтін түрлі әдіс-тәсілдер мен заңдылықтарын меңгерту.
Пәнаралық байланыс:
Тарих,биология,физика,геометрия,бейнелеу өнері.
Үйірмені ұйымдастыру формасы:
Лекция,сарамандық жұмыс, шығармашылық жұмыстар.
Үйірмені қорытындылау формасы:
Көрме ұйымдастыру,жекелеген оқушылардың шығармашылық көрмелерін ұйымдастыру.
Болжамы:
Егер үйірме меңгерілсе,онда оқушы шығармашылық сауатты,қазақтын сәндік-қолданбалы өнерінің қыр-сырына қаныққан,қабілетті дамыған шығармашыл сауатты тұлға қалыптасады.
Күтілетін нәтижелер:
Оқыту барысында оқушылар болашақ маман иесі ретінде икемдік,қолданбалы іс-әрекеттерді орындай алады және шығармашылық жұмыстарын қорытындылап дәлелдеп береді.
1.Өз ойларынан ,қиялдарынан әр түрлі бағытта жұмыстар жасай алады;
2.Басылымдар мен газет-журналдарға өздері жасаған бұйымдардың суреттерін жібере алады;
3.Шығармашылық жұмыстар арқылы байқауларда орын ала алады;
Бағдарламаның мазмұны
« Ұлттық таным » үйірмесінің бағдарламасы
І. бөлім: Ұйымдастыру жұмыстары (4 сағат) Балаларға үйірменің мақсаты мен міндетімен таныстыру. Техникалық қауыпсіздік ережелерімен таныстыру.
ІІ. Бөлім:Ағашты көркемдеп өңдеу(24 сағат)
Ағаш өңдейтін жұмыс орнын ұйымдастыру және шеберханасының ішкі тәртібі. Құралдарды қолайлы жерге қою,ағаш дайындамаларын ұста үстеліне ыңғайлап орналастыру. Ағаш өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері,ағаш өңдеу мен ағаш материалдары. Оқушыларды жасалған бұйымдармен таныстыру. Халық ою-өрнек формаларының қалыптасу тарихы. Ою мативтері:геометриялық,өсімдік тектес,жануар тектес. Эскиз дайындау және дайын эскизді тақтай бетіне көшіру. Композиция туралы түсінік. Симметрия,пропорция. Ою-өрнекті жолақта, төртбұрышта, шеңберде және овалда орналастыру.
ІІІ. бөлім: Ағаш кесу технологиясы (38 сағат)
Ағаш кесу технологиясы.Аралардың түрлері.Құралдар мен қосымша қондырғалар.Ағашты тігінен және көлденеңінен кесу.Лобзиктің құрылысы.
Ағашты кесіп жұмыс жасауға үйрету.Ағаштардың түрі,тектурасы,тұқымы.
Тамырдың және бұтақ орындарының әсемдік көркемдік мәні және оларды пайдалана білу.Ағашты сүргілеу және егеу технологиясы.Сүргілердің түрлері.Жұмыс жасау жолдары.Егеудің түрлері.Қосымша құрал- саймандар.
Сүргілеу және ағашты егеуді үйрену.Ағашты тесу.Тесу құралдары. Ағаш табиғи конструкциялық және қолөнер бұйымдарын жасайтын материал.Ағашты бояу.Ағашты бедерлі және жай бояу.Ағашты бояуға арналған бояулар түрлері. Лак немесе майлы бояу.Бояу технологиясы.Жасалған бөлшектерді бояу және өңдеу.Акварель,гуашь,темпера бояулары.Ағаш бетіне түрлі-түсті сурет салу.
ІV. бөлім: Ағашқа күйдіріп бедер салу тәсілі (36 сағат)
Ағашты кесіп оюдың түрлері:геометриялы,нұсқалы,аумақты.Әшекейлеп ою аспаптары. Кесіп оюдың тәсілдері.Құралдарды дұрыс қолдану және жұмысқа қажетті қосалқы құралдар.Нұсқа кесіп ою тәсілдерін үйрену.Техника қауіпсіздігі.Қашау т.б құралдарды қолға дұрыс ұстауға және жұмыс жасауға үйрену.Ағашты токарлық станокта өңдеу.Токарлық станоктың құрылысы.Құралдардың түрлері.Ағашты станокка орналастыру.
Цилиндр пішінді бөлшектерді дайындау.Фасонды пішінді бөлшектерді дайындау.Бөлшектердің ішкі беттерін қырнау.
V. бөлім: Былғары мен тоқыма өнері (12 сағат)
Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, пішу, бояу. Жұмыс жүргізу құрал-жабдықтармен таныстыру. Әдіс-тәсілдерін меңгеру.Былғары мен матадан тұмар жасау технологиясымен таныстыру. Тұмар жасау.Тоқыма өнері. Тоқу өнері туралы түсінік беру, керекті құралдармен танысу.Тоқылу әдіс-тәсілдерін технологиясын меңгеру, үйрету, жұмыс жүргізу.Кесте тоқу әдіс-тәсілдерін түсіндіру. Еркін тақырыпта кесте тоқу.
VІ. бөлім: Тұрмыстық еңбек (26 сағат)
Шеберлер, туынды жұмыстарымен, еңбектерімен таныстыру.Қолданбалы сәндік, көркем өнер, бұйым, әйнектен жапсырма және ыдыстарды мүсіндеу.
Ыдыстарды әр түрлі материалдан құрастырма жапсыру.Папе маше әдісі туралы түсінік бере отырып, ыдыс-аяқ түрлерін жасап үйрену.Папе маше әдісі арқылы жасалған ыдыс-аяқ түрлерін бояп, әсемдеу.Асүй жабдықтарын дайындау. Бөлшектеу тақтасының (Разделочная доска) эскиздерін дайындау.
Жасалатын бұйым материалын дайындау. Дайындаманы өңдеу.Дайындаманы берілген контур бойынша кесу. Дайындаманы ажарлау.Бұйымға салынатын ою - өрнек түрлерін таңдау. Ою - өрнек эскиздерін дайындау.Дайындамаға өрнек түсіру. Электр күйдіргішімен өрнек салу.Әрлеу, әрлеу материалдары және құралдары. Әрлеу жұмыстары кезіндегі ТҚЕ. Бөлшектеу тақтасын лактау.
VІІ. бөлім: Қортынды бөлім (4 сағат) Көрме ұйымдастыру. Сабақты қортындылау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ай сайын шығатын «Мектептегі технология» Республикалық әдістемелік журналы
2.Ай сайын шығатын қоғамдық-саяси, әдеби- көркем және суретті «Қазақстан әйелдері» журналы
3.Маргулан А.Х. Казахское народное Прикладное искусство- Алма-Ата: Өнер 1986,256 бет.
4.Шоқпарұлы .Д. Теріөңдеуөнері, Технология оқулығы
5.Технология оқулық. Авторлары: Е.Ермилова, И.Товченик. Мектеп 2013жыл.
6.Мектептегі технология №10.2013 жыл.
7.Быков.З.Н.Көркем құрастыру. 1986 жыл.
8.Марғұлан.А.К. Қазақ халық қолданбалы өнері.Өнер 1986.
9.Оразбаева.Н.И.Халық әшекей қолданбалы өнері.Алматы 1988
10. Технология.5 сынып.К.Өстеміров,Б.Қалназаров.
11. Технология.7 сынып.К.Өстеміров,Н.Адамқұлов
12. Технология.8 сынып.Е.Ермилов.И.Товченик.
13.Мектептегі технология №7.2013.
14. Мектептегі технология №8.2013.
15. Мектептегі технология №9.2013
16.Ботвинников.А.Д Мұғалімге арналған оқу құралы.1984 жыл.