kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Технология "Саба?тар жина?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

е?бек саба?ынан ашы? саба?тар, саба? жоспарлары, т?рбие са?аттары.........................................................

.................................................................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................................

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«kurak-kurau-smagulova-sh-zajsan-54b6389600f61»

Құрақ түрлері, тігілу жолдары, қолданылуы

Сабақтың мақсаты: құрақ түрлерін таныстырып, өздері құрай білуге үйрету, өнерді бағалауға, салт-дәстүрге баулу, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: құрақ түрлеріне арналған буклет, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ жазылған плакаттар.

Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, қазақ әдебиеті, математика.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, ине, жіп, қарандаш, сызғыш, түрлі-түсті қағаз, үлгі, мата қалдықтары.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақты тексеру

Бүгінгі сабақтың мақсаты құрақ құрау әдісін меңгеру. Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылытын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішіндегі ең ертен келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығатын болады. Құраққа әр түрлі матаның қиындыларын пайдалануға болады, әсіресе мақта матасынан жасалған құрақ төзімді болады, әрі жуылғаннан кейін қыртыстанбайды. Барқыт, шибарқыт, драп құрақ құрауға өте қолайлы және тиімді. Құрақ әртүрлі геометриялық фигуралардан тұрады. Бүгінде көрпе, жастық, жұмсақ ойыншықтар, шағын көрпешелер, әртүрлі естелік бұйымдар жасауда құрақ кеңінен қолданылады. Құрақтың бірнеше түрі бар: сегіз жапырақ, қызғалдақ, тырнақ қатар, ботагөз, шаршы т.б. Осы құрақтар сан алуан қиықтардан тұрады. Құрақты құрау кезінде қойылатын талап- ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және матаның негізгі және арқау жіптерін ескеуіміз керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалаңдығына қарай іріктеліп алынады. Матаны үлгі бойынша қию үшін тегіске кететін қосымшаны 0,5-1 см артық алып, матаның шығымдылығын ескерту керек және түр үйлесімділігін ұмытпаған жөн.

Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі- ысырап болса, өнердің бұл саласы да сол ысырапшылдыққааа жол бермейді.

Көрнекті педагог Ы.Алтынсаринның “Бір уыс мақта ”, “Әке мен бала” әңгімесін еске түсірейік. Осыдан ақыл, ой, сезім, іскер шебер қол болса, ешнәрсе ешқашан ысырап болмайды деп қорытынды шығаруға болады.

Құрақ құрау эстетикалық талғамды қажет етеді. Жұмыс барысында түс үйлесімділігі, қиындылардың симметрялылығы, дәл қиыстыру шеберлікті қажет етеді, төзімділікке баулып, еңбек етуге тәрбиелейді.

Матаның үлгі бойынша қию үшін алдын ала дайындалған матаның үстіне үлгіні қойып, бормен немесе сабынмен шетінсызып, қосымшаны ескере отырып белгілейміз де, бұдан кейін үлгіні алып тастап, бормен белгіленген жерді қиып аламыз. Құрақ қиындыларын әуелі көктеу тігістері арқылы бірітіреміз, одан соң тұрақты тігіс машинаға саламы. Құрақтың сәнді болуы сызбасы мен үлгісіне тікелей байланысты. Машина тігістері қолен тігу арқылы орындауға болады. Қол тігістері: тепшу, көктеу, қайып тігу т.б. соныыың ішіндегі қайып тігуімен тігеміз. Құрақтан жасалған бұйымның шетін түрлі мата қиындыларнан тұмаршалауға, шашақтауға немесе өзге түсті матттамен жиектеп, сәндеуге болады. Көрпенің астына лайықтаппп астааар қиып алып, беттттестіру кезінде екі жааағының да оң беті ішіне қарайды. Арасына көрпешенің немесе бұйымның барлық жақтауларына өлшеніп алынған тұмарша қосыла көктеледі. Мықты болу үшін машина тігістерін пайдаланамыз. Құрақ бұйымның оң бетін аудару үшін 8-10 см көлемінде астардың дәл ортасынан ашық тігілмеген жер қалдырамыз. Арасына тұмарша салынып, астарланған құрақтың ішіне мақта саламыз да көрпешені көктетеміз. Бізге көктеу не ушін керек?

Көктеу жұмысы мақтаның түйдектеліп, көрпешенің бір шетіне жинақталып қалмауы үшін қажает. Көктеп болған соң көрпешені сулы дәкемен үтіктейтін болмақ, тігістің кейбір кемшілігі білінбей кетті. Осындай тәсілдермен құрақ корпеше, көрпе, жастықша құрауға болды.

Машинаны жұмысқа дайындау үшін ең әуелі шөлмекке жіп төгеміз. Тетіктерін орташа тігіске келтіреміз. Тігіз дегеніміз- бір жүйелікпен қайталанатын, иненің шаншымы аралығының қатарын айтамыз. Тігіс екі жіптен пайда болды: жоғарғысы-инедегі жіп, төменгісі- шөлмектегі жіп. Ең әуелі тігілетін матаны беттестіріп көктеп аламыз, көктеу дегеніміз матаны сирек тігіспен тігу.

-Міне, балалар, бүгінгі сабақтан құрақ құрауды үйрендік. Ең бастысы бұйымды жасаудың технологиялық картасын меңгеруіміз керек.

Қауіпсіздік ережесі:

  1. Жұмыс барысында құрал-жабдықтарды өз орнында ұста.

  2. Инені ине шанышқа түйре.

  3. Қайшыны ашық ұстама

  4. Жұмыс орныңды таза ұста

Сарамандық жұмысты ұйымдастыру.

Сабақты қорытындылау.

  1. Біз бүгінгі сабақтан не үйрендік ?

  2. Құрақ неден тұрады?

  3. Құрақтың сәнді болуы неге байланысты?

  4. Құрақ құрауға арналған құрал жабдықтарды атаңлар.

Оқушылар еңбегін бағалау: оқушылардың жұмысын тексеріп, ережелердің сақталуын, жұмыстың ұқыптылығына қарай бағалау.

Үйге тапсырма: «Қыз еркем, кестесімен көркем» деген тақырыпқа реферат жазу, құрақ құрап келу.



Просмотр содержимого документа
«su-monshakpen-bujym-zhasau-54b92a9b4fc16»

Арықты орта мектебі














Су моншақпен бұйым

жасау технологиясы

4 – сыныпқа арналған









Технология пәні мұғалімі: Тұрсын Қуанар

















Арықты ауылы.

2015 ж.









Бағдарламаның маңызы атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнері түрлерінің қадірін біліп бағалауға, ол өнерді уақыт талабына сай етіп жаңартып, одан әрі дамыта түсу.








4-сынып мұғаліміне бейнелеу пәніне қосымша құрал ретінде ұсынылып отыр.
























Аннотация




Бағдарламаның өзектілігі

Су моншақпен кестелеудің оңай тәсілін таба білу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бастауыш сатыдағы оқу – тәрбие үрдісінде білім мазмұнын жаңарту, ақпараттандыру арқылы, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, шығармашылық мүмкіндігін дамыту мақсатында 4 сыныпқа арналған «Су моншақпен бұйым жасау технологиясы» атты арнайы бағдарлама құрастырылды



Бағдарламаның негізгі мақсаты:


Моншақтармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауға, түрлі-түсті заттардың көлемін беруге немесе әсем сәндік жұмыстар кестелеп тігуді үйрету.



Міндеттері :

  • Эскиз салу

  • Түстердің сәйкестігін айқындау;

  • Тиімді кестелеу әдісін үй»рену;

  • Композиция құрылымын анықтау

  • Шеберлікті арттыру

  • Әсемдік пен сұлулықты айқындау


Бағдарламаның нәтижесі мен қорытындысы:


1. Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден жемісі үзілмей келе жетқан көне де, ізгі дәстүрі жас ұрпақты ұлттық, сәндік қолтаңбалы қолөнерінің тұнығынан сусындатып, халық шеберлерінің тамаша шығармаларымен таныстыра отырып талғам деңгейін, сұлулық іздеуге құштарлығын танытады.

2.Су моншақ өнерін көркем, эстетикалық талғаммен әсемдік пен сұлуңлықты бағалап, өрнектеп, әшекейлейді.












Түсінік хат


Бүгінгі ұрпақ өзінің қолданбалы өнерін жалғастыруы тиіс. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Осы мақсатта құрылған 4-сыныпқа арналған «Су моншақпен бұйым жасау технологиясы» оқушыларды қолөнерге баулу, ынта - ықыласын дамытуға, болашақ маман ретіунде өзін - өзі тануға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның апталық жүктемесі 1 сағатқа арналып құрастырылған. Оқушылардың қабілетін ашып, шығармашылығын дамытып, ізденуге, іс-әрекетін, жобалаушылығын дамытуға жағдай жасап, ынта жігерін арттыра түседі.

Қазіргі уақыт талабына орай моншақ, су моншақтармен жаңа технологиялық кестелеу өнері арқылы панно, картиналар, зергерлік бұйымдар, тұрмысқа керекті заттар жасау жолдары ұсынылады.






















Мақсаты:

- Сиқырлы су моншақтар тарихы оқушыларды бірден өзіне баурап алып,олардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытуға, түрлі ұлттардың қолөнерін бағалай білуге және өз үлесін қосуға тәрбиелейді.

- Халық өнерін игеру арқылы оқушыны еңбек сүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.

- Оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау, кәсіпті игеруге көмектесу, оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы олардың ой-қиялдарын дамытып, табиғи қабілеттеріне сай мүмкіншілік жасау.



Міндеттері:


  • Қолөнер, өнер туралы білімдерін тереңдету;

  • өзіндік жұмыс жасай білуі;

  • Оқушылардың бойына ізгілік, адамгершілік, еңбекқорлық пен төзімділік, тапқырлық қасиеттерді қалыптастыру;

  • Эскизін салу;

  • Шеберлікті арттыру;


Күтілетін нәтиже:


-Шығармашылық жұмыстарды жинау;

- Ауылдық, қалалық қөрмелерге ұсыну.

























Мазмұны:


  1. Моншақ, су моншақтың пайда болу тарихы, қолданбалы сән өнеріндегі пайдасы, кестелеу технологиясы(15 сағат)

  • Моншақ, су моншақтың пайда болу тарихы /1сағат/

  • Қолданылатын құрал жабдықтар және бисер түрлері . Қауіпсіздік ережесі. /2 сағат/

  • Матаны дайындау,сурет салу /1сағат/

  • Бояу түрлеріне байланысты су моншақ түрлерін таңдау /2сағат/

  • Су моншақты матаға өрнектеу технологиясы / 2 сағат/

  • Су моншақты кестелеу өнері «Гүл шоғыры» /3 сағат/

  • Үлгі бойынша жапырақ жасау/сым қолдану/ 1 сағат/

  • Су моншақпен гүл жасау /3 сағат/



  1. Су моншақтан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау технологиясы

(13 сағат)

- Алқа, білезік бұйымдарын жасау технологиясы

Зергерлік бұйымдар /4 сағат/

  • Сыйлықтар жасау /3 сағат/

  • Сөзжұмбақ, ребус шешу /1 сағат/

  • Су моншақтан. Ою-өрнек жасау технологиясы /2 сағат/

  • Ұсақ моншақтардан аппликация жасау

-Табиғат көрінісін бейнелеу /3 сағат/


  1. Жәндіктер мен су астын бейнелеу технологиясы /6 сағат/

  • Қолтырауын, инелік бейнесін жасау технологиясы /3 сағат/

  • Су асты жәндіктерін бейнелеу технологиясы / 2 сағат/

  • Қорытынды. Көрме ұйымдастыру / 1 сағат/























«Су моншақтан бұйым жасау технологиясы» бағдарламасының күнтізбелік жоспары

4- сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат


р/с

тақырыбы

сағ

теория

Прак.

күні


1. Моншақ, су моншақтың пайда болу тарихы, қолданбалы сән өнеріндегі пайдасы, кестелеу технологиясы / 15 сағат/



1

Моншақ, су моншақтың пайда болу тарихы

1





2

Қолданылатын құрал жабдықтар және бисер түрлері . Қауіпсіздік ережесі.

1





3

Матаны дайындау,сурет салу

2





4

Бояу түрлеріне байланысты бисер түрлерін таңдау

2





5

Су моншақты матаға өрнектеу

2





6

Су моншақпен кестелеу өнер «Гүл шоғыры»

3





7

Үлгі бойынша жапырақ жасау./сым қолдану/

1





8

Моншақпен гүл тоқу

3





Су моншақтан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау технологиясы /13 сағат/





8

Алқа, бұйымдарын жасау технологиясы /Зергерлік бұйымдар

4





9

Сыйлықтар жасау

3





10

Сөзжұмбақ , ребус шешу

1





11

Су моншақтан ою-өрнек жасау технологиясы

2





12

Ұсақ моншақтардан аппликация жасау.

Табиғат көрінісін бейнелеу

3





Жәндіктер мен су астын бейнелеу технологиясы /6 сағат/



13

Қолтырауын, инелік бейнесін жасау технологиясы

3





14

Су асты жәндіктерін бейнелеу технологиясы

2





15

Қорытынды. Көрме ұйымдастыру

1

























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Мектептегі технология 2009 ж . № 2

  2. Цветы из бисера Н.И. Бондарева 2004 ж.

  3. Шебердің сиқырлы қаласы О Гумирова 2001 ж.

  4. Украшения и сувениры из бисера Е. Артманова 1999 г.

  5. Декоративно – прикладное искусство в школе. Изд. «Просвещение»1998 г











































Просмотр содержимого документа
«Ашы__ саба__»

Сабақтың тақырыбы : Қазақстан Республикасы туралы не білесіздер


Сабақтың түрі : сайыс түріндегі нәтиже сабақ

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін тексеру

Міндеті: 1) Оқушының ой-өрісін кеңейту, өткенді қайталау

2) Шығармашылық қасиеттерін дамыту

3) Өз Отанын сүйетін, озық ойлы, мәдениетті азамат болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар,


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін тексеру. Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Оқушылар 2 топқа бөлінді

1топ – «Азамат», 2 топ – «Жас ұрпақ» Оларды Әділқазылар алқасы бағалайды Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең – Тарих беттері

2 кезең – Тәуелсіздік рәміздері

3 кезең – Мақал-мәтелдер.

4 кезең – Грамматика әлемінде

5 кезең – Қазақстанның басты қалалары

6 кезең - Өнер Өлең: М.Мақатаев Отан, Үш бақытым, Қазахстан мой

Қазақстан әнұраны айтылады


1 кезең Жүргізуші сұрақ қояды, топ жауап береді (слайдтар арқылы)

1. Абылай кім болған? Қай кездері билік құрды?

2. Абылайдың шын аты кім?

3. Қазақ билері кімдер?

4. Ақмола облысынан шыққан батыр кім? (17-18ғ)

5. «Кеңес одағының батыры» атағын алған қазақ қыздары кімдер?


2 кезең Тәуелсіздік рәміздері

10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40


1. Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды? (4 маусым 1992 жыл) -20

2. Ән ұран авторы кімдер?(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні Шәмші Қалдаяқов)-10

3. Елтаңбада не бейнеленген (Шаңырақ, күн сәулесіндей уықтар, қанатты пырақтар, жоғарғы жағында жұлдыз, төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу)- 30

4. Елтаңба авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов)-10


5. Байрақта не бейнеленген? (күн, қыран, өрнек) -20

6. Байрақ авторы кімдер? (Шәкен Ниязбеков)-10

7. Қай жылы тұңғыш Президент сайланды?(1 желтоқсан 1991 жыл) -30

8. Қай жылы Тіл туралы Заң қабылданды? (11шілде 1997)- 40

9 Қай жылы ҚР-ның Ата Заңы қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)-20

10. ҚР Негізгі заңының 7 бабы не туралы? (мемлекеттік тіл туралы)-30

11 ҚР-нда қандай білімді міндетті түрде әр азамат алу керек? Бұл қай бап?- 40

12. ҚР Негізгі заңының 34 бабы не туралы? (Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.

Әркім ҚР рәміздерін құрметтеуге міндетті) - 40


3 кезең Слайд «Қазақстан бүгін»

Мақал мәтелдің бірінші бөлігін айтамын, сіздер екінші бөлігін айтып, мақалды орыс тіліне аударуыңыз керек.

  1. Бірлік болмай, ... (тірлік болмас)

  2. Басшысын сыйлаған ... (ел озады)

  3. Хан тірегі - ...(халық)

  4. Әрекет болмай - ...(берекет жоқ)

  5. Кісі елінде сұлтан болғанша, ...(өз еліңде ұлтан бол)

  6. Отанға опасыздық еткенің, ...(қз түбіңе жеткенің)

  7. Батылдық – рухы күшті ...(адамдар қасиеті)

  8. Күш – білімде, ...(білім – кітапта)

  9. Есепсіз не... жоқ? (ақша)

  10. Байлықтың атасы - ...(еңбек)

  11. Әркімнің өз жері... (жұмақ)


4 кезең Грамматика әлемінде.

Сөз таптарына жіктеңіздер.

Студенттер емтихандар мен сынықтар тапсырып жатыр.

Ел астанасының тұсау кесер рәсіміне он бестен артық елден қонақтар келді.


5 кезең Қазақстанның басты қалалары

Суретпен жұмыс. Слайдта көрсетілген ғимарат қалай аталады және ол қай қалада орналасқан?

Суреттер: Ақорда, Бәйтерек, Кенесары ескерткіші, Медеу, Қазақ елі монументі, «Қазақстан» қонақ үйі, Әлия М. ескерткіші , Хан шатыры, Алматы циркі, Абылайхан ескерткіші (Көкшетау)


6 кезең Өнер Әр топ өз өнерін көрсетеді


Сайыс қорытындысы. Бағалау,

Үйге тапсырма: Өз ауылыңыз туралы суреттеп жазыңыздар.


Просмотр содержимого документа
«Т__уелс│зд│к ел т│лег│»








(




























1 –жүргізуші: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі.


2 – жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел.

1 – оқушы:

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл озат ел танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Тәуелсіздік бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар болып жанбай қалған шырағы.


1 – жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата – бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.


2 –оқушы: 1466 жылы қазақ хандығы құрылды. Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек.


3 – оқушы: 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда», Жоңғарлармен болған соғыста: Бір миллион адамнан, яғни, сол кездегі халықтың 40 пайызынан айрылды. Адамдар мал мүлкін тастап, өлімнен қашты.


4 – оқушы: 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс пен 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезінде шаруашылық күйзеліске ұшырағандықтан 950 мың қазақ ашаршылыққа ұшырап апат болса, 300 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.


5 –оқушы: 1918 жылы Қазақстанда Кеңес үкіметі құрылды.

6 – оқушы: 1937 жылы қазақ халқының зиялы қауымының өкілдері қуғын-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» атанды. Олардың 105 мыңы абақтыға жабылып, 27 мыңнан астамы атылды.


Енді бізге қайта оралды заңғарлар

Сталиндік тозақтарда жанғандар

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар...


2 – жүргізуші: Қазақ халқының ең соңғы өліп – тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасыретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.


1 –жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты салтанатты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2 – жүргізуші: 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасыретті күн еді.

1 – жүргізуші: 1986 жылы Қазақстанда жастардың қозғалысы «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен белгілі болды. ( көрініс)



7 – оқушы:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырда.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында.

2 – жүргізуші:1991 жылы 16 желтоқсан күні 18-сағат 14-минутта еліміздің тәуелсіздігін жария еткен ұлы заң қабылданды. Ақ түйенің қарны жарылып, иісі қазақ тәуелсіздікке қолы жетіп, шаттыққа бөленді. Ел өмірі түгелімен өзгерді.


1 – жүргізуші: Қазақ хандығы ХV ғасырда тұңғыш құрылса, арада 535 жыл өткеннен кейін Қазақстанның нағыз тәуелсіз мемлекет екендігі жарияланды. Біз бақытты өмірдің есігін аштық.


8 – оқушы:

Дүр сілкінтіп бар әлемді, алапты,

Аңсай күткен Тәуелсіздік таңы атты.

Күні кеше азап шеккен қазақтар,

Дос – дұшпанды таңырқата қаратты.

2 – жүргізуші: 1991 жылғы 16 желтоқсан қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманның орындалған күні болды. Екі ғасыр Ресей империясының отары болған, жетпіс жыл бойы Кеңес Одағының қысымын көрген Қазақстан үшін бұл күн ұлы мереке. Ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік туын биікке көтерген күн болды. «Тәуелсіздік шежіресі» парақтарын ашайық.


1 – оқушы: 1991 жылы 2 қазанда Қазақстан тарихына ғасырдың тағы бір ұлы оқиғасы жазылды. Қазақ ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Қазіргі күні авиация генерал-полковнигі, Қазақстан республикасының Халық қаһарманы.


2 – оқушы: 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан президенті «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлыққа қол қойды.


3 – оқушы: 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасының әлемдегі ең беделді ұйымдардың бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігін мақтанышпен айта аламыз. Бүгінде Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті танып, 70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. Бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі.


4 – оқушы: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Мемлекттік рәміздерімізді қабылдады.


Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Боасғсдс қалып келген Елтаңба,

Баяғыда төріме кеп ілінді.


5 – оқушы:1993 жылы 28 қаңтарда Тәелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Уақыт өте келе ол заманның талабына сай келмегендіктен өмір сүруін тоқтатып, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстанның жаңа екінші Конституциясы қабылданды.


6 – оқушы: 1993 жылғы 15 қараша Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз. Себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі-теңгеміз айналымға енгізілді.


7 – оқушы: 1994 жылы 1 маусымнан 4 қарашаға дейін «Союз ТМ» ғарыш кемесімен ғарышта болған, екі рет ғарышқа ұшқан қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы.


8 – оқушы: 1996 жылы Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды. 1997 жылы «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңы қабылданды.


9 – оқушы: 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырда елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті.


10 – оқушы: 2000 жылы «Алтын адам» қоры (төрағасы Е. Қанапиянов) арқылы құрылған Ұлттық қоғамдық кеңестің шешімімен «Ғасыр адамы» болып танылғандар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Дина Нұрпейісова, Мұқтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы, Дінмұхаммед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов, Тоқтар Әубәкіров


11 – оқушы:

Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,

Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Тәуелсіздік – Арымдай аңсар әнім,

Тау – тасындай аңсаған жан самалы.

Қазақтың жанына жат пиғылдарға,

Қамығып қара судай қарсы аламын.


1 – жүргізуші: Бүгін қазақ халқы өзінің көптеген аңсаған арманына жетті. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Халқының ар-намысы үшін қаза болған ұл-қызы ақталды. Өшкені жанып, өлгені тірілді. Тәуелсіздік күні құтты болсын!


2 – жүргізуші: Мемлекетімізге жарқын болашақ, елімізге саналы ұрпақ тілейміз. Айымыз үнемі оңымыздан тусын, ағайын! Осымен «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты кешіміз аяқталды. Көріскенше сау болыңыздар!


Просмотр содержимого документа
«Еттен кеспе»

Еттен кеспе, сорпа дайындау



Сабақтың тақырыбы. Практикалық жұмыс «Еттен кеспе, сорпа дайындау» Еңбек рыногы.
Мақсаты: Аспаздық жұмыстарды дұрыс орындауға ет және ет тағамдарын дұрыс өңдеуге, тұрмыста аспаздық жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтауға, тазалық талаптарын орындауға және ет тағамдарын дайындау технологиясын үйренуге оқушыларды дайындау. Оқушылардың өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру, Күнделікті алған білімдерін практикада қолдануды арттырып, қол шеберліктерін, іскерліктерін дамыту аспаздық шеберлігін дамыту.
Дастархан мәзірін жасау барысында, тазалыққа, ұқыптылыққа ұйымшылдыққа, шалттыққа, өзара көмек беруге, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық Сабақтың көрнекілігі: жұмыс форма, азық - түліктер, құрал - жабдықтар, нұсқау карта, ас үй жабдықтары, аспазшылық әдебиеттері, дәмді және денсаулыққа пайдалы тағам туралы кітап.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Арнайы формасын түгелдеу.
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
5. Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгелдеу.

ІІ. Жаңа сабақ Кеспелер мен сорпалар.
Дәмді сорпа дайындау
Қайнаған кезде сорпаға майсыз табада қуырылған пияз салсаңыз, сорпаңыз алтын түстес реңге ие болады.
Қайнаған сорпаға бір шөкім кепкен ірімшік (сыр) салсаңыз, дәміне дәм қосылады.
Тауық сорпасына ешқандай сөл қосуға болмайды, өйткені ол дәмін жоғалтады. Тек пияз бен сәбіз қосқан дұрыс.
Сорпаға салатын пиязды текшелеп кесу керек, сөйткенде тамақтың түрі де, дәмі де кіреді.
Сақиналап кескен пиязбен салыстырғанда текшелеп туралған пияз қуырған кезде нәзік дәмін сақтап қалады.
Петрушканы, укропты, жасыл пиязды, сарымсақты бірінші, екінші тамақтарда тек дастарқанға қояр алдында салу керек. Бұларды қайнатуға болмайды – түсінен, дәмінен айрылып қалады.
Астың қанды көбігі сорпаның түбіне тұнып қалса, оған бір кесе салқын су құйыңыз. Сонда көбік сорпа бетіне қалқып шығады. Қонақтарға берілетін, үй ішінің өзі ішетін сорпасында көбік болмауға тиісті.
Сорпаны тұщыту былай жасалады: тұзы ащы сорпаның үстіне таза шүберекке түйілген ұн немесе жуылған күріш салып, шамалы уақыт қайнатады да, шүберекті сүзіп алып тастайды. Артық тұзды ұн немесе күріш өзіне сорып алады.

ІІІ. Сарамандық жұмыс.
Кіріспе нұсқау
- қауіпсіздік ережелерін, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау
- түсіндіру
- практикалық жұмысқа дайындығын тексеру
- нұсқаулық бойынша жұмыс, топ басшының, кезекшінің міндеттерін айту.
Етпен кеспе дайындау.
Қажетті ыдыс - аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.
Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз, 40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін: 75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.
Дайындау технологиясы: — қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2 - 3мин, содан кейін кеспе салып 10 - 12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуіш заттарды қосамыз
Ағымдағы нұсқау:
Кіріспе нұсқауға және нұсқау карталарына сай тапсырмалардың орындалу ретіне бақылау жасау.
Дайындау технологиясының сақталуына, шикізат мөлшерінің дұрыс салынуына назар аудару, қажет жерінде практикалық көмек көрсету.
Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау.

Жұмыс барысы
1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.
2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.
3. Сорпаны отқа қояды.
4. Қамырды қалыңдығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.
5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2 - 3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуіштер қосып, кеспені салып 10 - 12 минут қайнату.
6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.
7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.

Қорытынды нұсқау:
Дайын тағамдардың дәмін, сапасын тексеру. Әр бөлімшеге бір - бірінің дайындаған тағамдарына сараптама жасап, өз ойларын айту. Әрбір оқушының жұмыстағы жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасау, қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Технология "Саба?тар жина?ы"

Автор: Турсын Хуанар

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162515


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства