kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салқындату жүйесінің тораптарын шешу және жинау жолдары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок по технологии для мальчиков. Для казахских классов или студентам 2 курса колледжа

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салқындату жүйесінің тораптарын шешу және жинау жолдары.»

Оқу практика жоспары.


Мамандығы: «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

АК-17

Сабақтың тақырыбы: Салқындату жүйесінің тораптарын шешу және жинау жолдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студентерге таңдаған мамандығын бағалай білуді, жаңа технологияға бейімдеп, салқындату жүйесін, бөлшектеу кезінде техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды үйрету.

Дамытушылық:Студенттердің кәсіби білімін жетілдіру мақсатында салқындату жүйесін шашу, бөлшектеп, қауіпсіздік шарттарын сақтауды,орнату,тексеру жұмыстарын жоспарлы орындау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Студенттерді еңбекке, іскерлікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін тиянақты орындауға дағдыландыру.

Сабақтыңтүрі: Өндірістік сабақ.

Сабақтың әдісi: оқу практикалық әдіс (оқу-өндірістік жұмыстарды, жаттығуларды орындау)

Материалдық-техникалық жабдықтар, құрал-саймандар мен оқу-әдістемелік құралдар:

кілттер жиынтығы, көрнекіліктер, салқындату жүйесін жөндеу кезіндегі қолданылатын жабдықтар

Сабақтың барысы:

1.Кіріспе нұсқау:

1.1 Сәлемдесу

1.2 Түгелдеу

1.3 Студенттердің назарларын сабаққа аудару, сыртқы кейпін тексеру

1.4 Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

1.5Студенттердің білімін тексеру, өткен сабақты қайталау.

1.5.1 Қозғалтқыш жөндеуші шеберханадағы жабдықтар мен құралдармен пайдалану тәртібін айту;

1.5.2 ГТМ негізгі кандай бөліктерден тұрады;

1.5.3 АБМ-нің қызметі қандай;


1.6. Жаңа сабақты түсіндіру:

1.6.1 ТҚЕ нұсқау беру

1.6.2 Тақырып материалдары бойынша түсіндіру.

Сұйықтық сорабы.Салқындату жүйесінде салқындатқыш сұйықтығын еріксіз айналдырып тұруға ортадан серпігіш сұйықтық сорабы қолданылады. Сораб цилиндрлер блогының алдыңғы жағына орнатылып, ремень арқылы иінді біліктің шкивінен жетекке алынып іске қосылады.

Қазіргі автомобильдердің қозғалтқыштарында пайдалы жұмыстарға қозғалтқыш цилиндрінен бөлінетін жылудың 23 – 40 % қолданылады, қалған жылулары пайдаланылған газдармен, салқындату сұйықтығымен немесе үйкеліске қолданылған ауамен, қоршаған ортаға бөлінген қозғалтқыштың сыртқы бөлшектерімен бөлініп кетеді.

Пайдалы жұмысқа қолданылған жылу және олардың белгіленген жылу бөліну түрлерінің шығыны қозғалтқыштың жылу балансысын құрайды. Өйткені қозғалтқышта жану жұмыстары 2100 – 2300о С жететін жоғары температурасында жүргізіледі, сондықтан еріксіз салқындату жүйесінсіз поршень, цилиндр, клапанның бағыттаушы төлкесі сияқты бөлшектер майдың жану температурасынан да жоғары температурада балқып кетеді. Механизмдер мен бөлшектердің қалыпты температуралық режимде жұмыс істеуі кезінде бір – бірімен қатынастағы бөлшектердің қызып кетпеуі үшін үздіксіз жылуды бөліп тұруға салқындату жүйесі қолданылады. Салқындату жүйесінің суытатын жылудың мөлшері қозғалтқыштың қуаттылығы мен жұмыс істеу режиміне байланысты болады. Қозғалтқыш қызып кеткенде үйкеліс күші артады және бөлшектер қажалады, жылу саңылаулары азаяды, майдың коксталып күйе орнауы көбейеді, карбюратолы қозғалтқыштарда цилиндрді жанғыш қоспамен, ал дизельді – ауамен толтыру қиындайды. Алайда қозғалтқыштың температурасының төмендеуі де майдың тұтқырлығына әсер етеді, бөлшектердің жылдам қажалады және үйкеліске механикалық шығын көп болады, қозғалтқыштың қуаттылығы мен үнемділігі азаяды. Сондықтан қозғалтқыштың жылу режимі оған түсірілген салмаққа және қоршаған ортаның температурасына қарамастан 85 – 95о С аралығында болуы тиіс. Қазіргі қозғалтқыштарда сұйықтықпен немесе ауамен салқындату қолданылады. Ауамен салқындату кезінде қырлап жасалынған цилиндр мен оның қалпақшаларынан артық жылуды, жеделдетіп салқындату реттегіші бар көп қалақшалы желдеткіш арқылы жылдамдатылған ауамен салқындатылады. Ауамен салқындату жүйесінде салқындату радиаторы, сұйықтық насосы, салқындату сұйықтығына арналған каналдар мен құбырлар болмайды, сонықтан мұндай жүйенің құрылымы қарапайым, массасы азайтылған, қызмет көрсету жеңілдеу, сонымен бірге қыстың күні қозғалтқыш қатып қалау қаупі болмайды. Қозғалтқыштарды сумен салқындату жүйесінде судың қатып қалуы цилиндр блогының жарылып кетуіне әкеледі. Дегенмен ауамен салқындату қатты қызған бөлшектерден жылуды жылдам бөлгенімен, оның желдеткішін іске қосып тұруға көп қуаттылықты талап етеді, төмен температурада ыстық сумен жылытуға мүмкіндік болмағандықтан қозғалтқышты оталдыру қиындайды.



Тұтандыру алдындағы жылытқыш. Қазанға берілген жанармай алғашқыда өткізгіштермен 15, 16 және 20 жалғастырылған, басқару пультінде 22 орнатылған аралық қосқышпен 21 қосылатын және жұмысын бақылау орамының 24 каналы арқылы бақылауға болатын, қыздыру шамы 6 арқылы тұтандырылады. Камерадағы жанған қоспаның жануы тұрақты болғанда, қыздыру шамын ажыратқышпен 25 ажыратып, жанармайдың жануы, жанғыш қоспаны желдеткіштің көмегімен үрлеп тұтандыру арқылы жүргізіледі. Жылытқыштың 1 – 2 мин. жұмыс істегенінен кейін қазанға қосымша 6 – 8 лқұйылады


1.7. Жаңа сабақты бекіту барысында қойылатын сұрақтар

А) Қозғалтқышты шашу, бөлшектеу кезіндегі ТҚЕ?

Б) Қозғалтқыш негізгі кандай бөліктерден тұрады?

В) Иінді білікті қозғалтқыштан қалай ажыратамыз?


II. Ағымдағы нұсқау (жұмыс орындарын арнайы аралап жүру арқылы):

2.1. Студенттерді тапсырма бойынша жұмыс орындарына бөлу

2.2. Жұмыс орнының ұйымдастырылуын және техника қауіпсіздік ережелерінің

сақталуын тексеру;

2.3. Еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын тексеру;

2.4. Технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;

2.5. Жұмыстарды қабылдау және жұмыс орынын тазалау.


III.Қорытынды нұсқау:

3.1 Сабақты қорытындылау;

3.2 Ерекше қателіктерін талдау;

3.3 Студенттердің орындаған жұмысын талдау;

3.4 Баға қою, студенттерге хабарлау;

3.5 Үйге тапсырма беру.

Қозғалтқышты шашып бөлшектеуді жанжақты үйреніп келу.


Өндірістік оқыту шебері: Әзімбай Н.А.






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Салқындату жүйесінің тораптарын шешу және жинау жолдары.

Автор: Әзімбай Нұрзат Азатұлы

Дата: 26.02.2019

Номер свидетельства: 501466


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства