Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй және оның жасауы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: киіз үй және оның жасау - жабдықтары туралы түсінік беру.
ә) тәрбиелік: сабақ барысында өз ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірбиелері мен қолөнерін оқушы бойына сіңіру. Ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: баланың жүрегіне ұлттық сана - сезімді ұялату, танымдық қабілетін және ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (ойын)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгіме, тарихи деректер.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, киіз үй және оның жасауларының суреттері (слайд), тірек сызбалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. («Кім тапқыр?» ойыны. Жасырын сұрақтар)
1. Киіз кілемдерді дайындауға пайдаланатын негізгі материал. (қой жүні )
2. Сырмақ дегеніміз не? (киізден сырылып, оюлап жасалған төсеніш )
3. Тоқыма кілемнің неше түрі бар?( екі түрі бар: тақыр кілем және түкті кілем)
4. Тұскиіз дегеніміз не? (аппликацияланған, безендірілген, кестеленген қабырға кілемдері)
5. Тұскиізді неден жасайды? (барқыттан, жібектен, мауыттан, мақта - матадан жасайды)
6. Кілем оюларында қандай формалар басым болады? (ірі бойтұмар, жапырақ формалары, гүл тізбектері, гүлдер, гүлшанақ, тауық қауырсыны формалары)
7. Қазақ ұлттық кестесінің неше түрі бар?(біз кесте, баспа кесте, кенебе кесте )
8. «Көшпенділер өмірінде кілем байға да кедейге де өмірлік қажеттілігі зор бұйым», - деп жазған этнограф кім? (А. А. Боголюбов).
ІІІ. Кіріспе сөз:
«Маңдайша, босаға мен табалдырық,
Алты қанат кереге, қаламды оқ.
«Шіркін - ай, қандай шебер жасады», - деп
Көргенде таңдай қағып, қалам тұрып».
- Балалар, бұл өлең жолдары не жайлы?
- Олай болса, балалар бүгінгі сабақтың тақырыбымен танысайық.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының ұлттық мұрасы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен - жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Тағы бір ерекше айта кететін жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт