Просмотр содержимого документа
«Б?лме жа?дайында к?шет отыр?ызу.. »
2013-2014 сәуір 14
С/тақырыбы;Бөлме жағдайында көшет өсіру.
С/мақсаты;Көкөністікдақылдардың түрлері,адам үшін маңызы,Қазақстанда кездесетін түрлері,жеміс – жидек дақылдары,оларды көбейту және бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру.
С/міндеттері;Білімділік;Бөлме жағдайында көшет өсіру түсінігімен таныстыру.Көкөніс,жеміс-жидек дақылдарының топтары,бөлме өсімдіктерінің маңызын ұғындыру,алған білімдерін кеңейту,практикамен ұштастыру.Дамытушылық;Іскерлігін,ойлау қабілеттерін,танымдық белсенділіктерін,өз ойын анық,нақты түрде жеткізе білуге үйрету.Өздігінен еңбек ету қабілеттерін дамыту.Әртүрлі сұрақтарға жауап ізденту арқылы ойланту.Көшетті отырғызуға үйрету.Тәрбиелік;Оқушыларды өзара топпен жұмыс істеу дағдысына,өзара көмекке,еңбек етуге тәрбиелеу.Өз пікірін айта отырып,басқалардың пікірін тыңдауға үйрету.Еңбексүйгіштікке,еңбеккерлер еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.
С/түрі; Сарамандық.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар:топтық жұмыс,әңгіме,сұрақ-жауап,рефлексия.
Тұқымдық өсімдік-қыстай сақталған,тұқым алу үшін егілген ауылшаруашылық өсімдіктерінің тұқымдық дақылы (қырыққабат,сәбіз,қызылша)
Қарашірік(гумус) – топырақтың құнарлы қабаты
Тырма – жыртылған жерді қопсыту,тырмалау үшін қолданылатын ауылшаруашылық құралы
Қопсытқыш – арамшөптерді жойып,қатар аралықты өңдеу үшін топырақтың беткі қабатын қопсытуға арналған ауылшаруашылық құралы
Мелиорация – топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында топырақ жағдайының қолайсыздығын жақсарту жөніндегі шаралар (құрғату,суару,сусымалы құмды бекіту) жүйесі
Өздері дайындап келген ыдыстарға көшет отырғызып үйрену
7.Тақырыпты бекітуге арналған викториналық сұрақтар
1.Неліктен көзі нашар көретін адамдарға сәбіз жеу ұсынылады(көруді жақсартады)
2.Қызам не үшін пайдалы?(жадын,есін нығайтады)
3.Пиязбен қандай ауруларды емдейді?(мұрын біту,жөтел.)
4.Сарымсақтың қандай емдік қасиеті бар?(бактерицидті)
5.Ертеде асқазанмен ішекті жуу үшін қандай көкөніс пайдаланылады?(асқабақ)
6.Қандай өсімдіктің жапырағы шілтер тәрізді?(аскөк)