Просмотр содержимого документа
«Алжап?ыш ж?не ?шкіл орамал ?лшемін алу. »
\
Қарақия ауданы № 3-ші
Жетібай орта мектебі
Ашық сабақ тақырыбы:
Алжапқыш және үшкіл орамал өлшемін алу
Орындаған технология пәні мұғалімі:Коптилеуова.Айтгул 1973 17 январ
Стаж 23
санатсыз
5 – сынып
2014 – 2015 оқу
Сабақтың тақырыбы: Алжапқыш және үшкіл орамал өлшемін алу
Мақсаты:1.Адам мүсініне ойша жүргізілген сызықтар туралы кеңістік түсініктерін дамыту.2.Осы сызықтардың бір-біріне қатысты орналасуын анықтап,оларды жазықтықта бейнелеу әдістерін үйрету.3.Еңбекке,шеберлікке тәрбиелеу.
Алжапқыштың сызба пішімін құру үшін өлшемді дұрыс алу керек.Ол үшін см-лік таспа,қағаз,кетіргіш пайдаланылады.Әртүрлі лас заттардан адамның денесін қорғауға арналған киім-алжапқыш.Алжапқышты табиғи маталардан тіккен дұрыс.
Киім жасаудың технологиялық процесі үш кезеңнен тұрады:
1.Модель жасау,конструкциялау және лекало шығару.
2.Матаны пішуге дайындау.
3.Бұйым тігу және оны өңдеу.
Киім тігу ұжымдық процесс,оған әртүрлі мамандар қатысады.Суретші – модельер эскизін сызады,содан кейін конструктормен бірге киім шығару технологиясын жасайды.Ал өндірістік киім жасауға санитар- дәрігерлер,физиологтар,тоқыма және тігін өнеркәсібі саласындағы ғалымдар ,экономистер қатысады.
Үйде,асүйде жұмыс істеу үшін арнайы киім киеміз.Ол алжапқыш, орамал ,халат.т.б.киімдер.Алжапқыш –фартук сөзі 18-ші ғаырда поляк тілінен алынған.Ол алжапқыш дегенді білдіреді.
Бұйымды тігер алдында мүсінді өлшеп,өлшемдерін алу қажет.
1.Өлшемді денебітімнің оң жағынан алған дұрыс.
2.Белді жіппен алдын ала өлшеп алады.
3.Өлшем алу кезінде денебітімді түзу және тік ұстау керек.
4.Өлшемді см-лік таспамен өлшеп алады.Өлшеу барысында см-лік таспаны созуға не бос ұстауға болмайды.
5.Ұзындық өлшемі түгел,ал ен өлшемі мен дене айналымының жарты өлшемі жазылады.Себебі,сызба құрастырғанда дененің жарты өлшемі алынады.