kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ашты ою ?дістері мен технологиясы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?ашты оюды? бірнеше т?сілдері бар. Негізінен оларды бедерлеп ою ж?не ж?мырлап ою деп шартты т?рде екіге б?ліп топтау?а болады. Бедерлеп ою деп тегіс та?таны? бетіне ?рнек салуды, шы?ын?ы етіп м?сіндік бейнелерді жартылай к?лемімен м?сіндеуді, а?аш?а бедерленетін барельефті атайды. Ал т?тас а?аштан шабылатын келі-келсап, ая? таба?, сап тая?, ожау сия?тыларды жасау ар?ылы ж?мырлап ?рнек ою т?сілін ?йренеміз.

         Бедерлеп оюды? ?зі де орындалу ?діс-т?сілдеріне ?арай ?р т?рлі келеді. Егер та?та?ы ?рнекті тіліп т?сірген ?діс, жосы?тау деп, ?ашау ізін тік салса?, ?иып кесілген ?діс деп, ?ашау ж?зін к?лбеу салып, н??и ойса?, кертіп ою ?дісі деп ата?ан д?рыс.  

         Материал та?далып ал?аннан со? оюды т?сіру ?дісі т?сіндіріледі. Ол ?шін о?ушыларды? ?здері сызып келген ою ?лгілері ?аралады (?зіндік ж?мыс).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ашты ою ?дістері мен технологиясы. »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы облысы Ақсу ауданы

«Б.Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі





Ахметжанов Алтай Есімжанұлы 14 біліктілікті, жоғарғы санатты технология пәнінің мұғалімі.

Туған күні мен жылы: 09,08,1959 ұлты қазақ.

Педагогикалық стажы: 26жыл.

Атқарып отырған лауазымы бойынша еңбек стажы: 26жыл

Білімі: жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін кәсіптік оқу және еңбек мамандығы бойынша 2003ж бітірген

Біліктілігін атқару туралы мәлімет: (мерзімі атауы, өткен орны,куәлігінің №01168)

2008жылы Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында

Наградалары, атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі: 2004жылы Алматы облыстық білім департаментінің «Құрмен грамотасы», 2006-2007жж Ақсу ауданы әкімінің «Алғыс хаттары», 2006 ж АОМКДИ «Құрмет грамотасы», 2009ж Аматы облысы әкімінің «Дипломы»


Мекенжайы:

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы, Қ.Мәмбетов көшесі №15 үй

8-777-235-05-38

8-728-41-50-309



Ахметжанов Алтай Есімжанұлы жоғарыда аталған мекемеде 1984жылдан бастап технология пәнінің мұғалімі болып, еңбек етіп келеді. «Шығармашылықпен ұштастырып білім беру негізінде оқушыларды қолөнерге баулып, еңбек етуге үйретіп, ұлттық салт-дәстірге тербиелеу» атты өз алдына қойылған өзекті мәселені шешуде ұстаз жылдан жылға педагогикалық шеберлігін жетілдіріп, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Алтай Есімжанұлы әрбір сабағында өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданып, қызықты өткізудің тиімді жолдарын іздестіріп, халықтық педагогика элементтерін пайдаланып пәнаралық байланысты жүйелі түрде жүзеге асырып отырады. Атап айтқанда: «Домбыра жасау технологиясы», «Қабыз жасау технологиясы», «Ұлыттық тұрмыс бұйымдары: астау, тостаған, күбі жасау технологиялары» тақырыптарын өту барысында оқушылардың ұлыттық қолөнерге деген қызығушылығын арттыра білді.

Сонымен қатар А.Ахметжанов 2000жылдан бастап мектептегі «Шебер қолдар» үйірмесіне жетекшілік етеді. Оның жетекшілігімен 5-10 сынып оқушылары ұлыттық аспаптар, ыдыстар, тұрмыс бұйымдарын әзірлеп мектеп ішілік, аудандық, облыстық көлемде ұйымдастырылған көрмелерге, «Аудан күндеріне» қатысып, халықтың көңілінен шығып 2004жылы Алматы облысы білім департаментінің «Құрмет грамотасымен», Ақсу ауданы әкімінің 2006,2007жж «Алғыс хаттарымен», 2006жылы АОМКДИ «Құрмет грамотасымен», 2009ж Алматы облысы әкімінің «Дипломымен» марапатталды. Осыған қоса оқушылары Мүсекенов Заман, Додан Ержанат 2006ж облыстық мектеп оқушыларының техникалық және қолөнер шығармашылық көрме-байқауына белсенді қатысқаны үшін «Грамотамен» марапатталуы, Сауырқан Қайнарбектің домбырасы, Ғабиден Нұрмұраттың қылқобызы, Мұратбеков Ерсайынның сувенирлік қобызы 2006ж «Алматы облысы мектеп оқушыларының еңбек пәні бойынша I-ші көрмесі» атты каталогына енгені туралы айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, ұстаз Алтай Есімжанұлы 2005ж Алматы облысы еңбек пәні мұғалімдерінің бірінші көрмесіне қатысып, өзі жасаған қобыздары мен домбыралары каталогқа енді.

Ұстаз еңбегі 17,06,2008ж облыстық «Жетісу» газетінің №67 санында «Ілиястың жыры, Сараның үні қалған» Қ. Қайранбаевтың мақаласында аталған.

Ахметжанов Алтай бірнеше жыл қатарынан аудандық технология пәні мұғалімдерінің секциясына жетекшілік етіп келеді. Озық тәжірибелерді насихаттап, технология пәнін қазіргі заман талабына сай жүргізуді талап ете отырып, өз тәжірибесі- 2009ж Республикалық «Қазақстан мектебіндегі технология»журналының №5 санында «Еңбек деген- байлық» атты мақаласын жариялады.

Ахметжанов Алтай Есімжанұлы еңбекқорлығымен, қарпайымдылығымен, парасаттылығымен әріптестері, аудан мұғалімдері арасында абыройға бөленген ұстаз.





6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ағашты ою әдістері мен технологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға ағаштан ойып бұйым жасау техникасы мен технологиясы жайында техникалық мағлұмат беру.

Дамытушылығы: ағашты оюда оқушылардың ептілігі мен алғашқы дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: оқушыларды берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды дамыту, өзіне талап қоюшылыққа өзіндік іс-әрекет жасауға тәрбиелеу.

Сабаққа керекті құралдар: оюланған бұйымдар, ою үлгілері, техникалық оқу құралы (графопроектор), плакаттар, технологиялық карталар.

Сабақтың түрі: аралас.

Технологиялық мағлұматтар: материалтану, суретті түсіру, қажетті өлшемді үнемдеп арамен кесу, ағашты ою тәртібі мен тәсілі, ою сапасын анықтау.

Кәсіби бағдар: оқушыларды ағаш ұстасы мамандығымен таныстыру.

Пәнаралық байланыс: математика, физика, сызу.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың оқу шеберханасына ену. Оқушылармен сәлемдесу, келмеген оқушылардың тізімін анықтау, кезекші тағайындау. Оқушылардың сабақ алдындағы көңіл-күйіне назар аудару.

II. Өткен сабақтағы материалды пысықтау.

Оқушылармен өткен сабақтағы материалды еске түсіру және пысықтау үшін сұрақтар мен тапсырмалар беру:

1) Оюлардың түрлерін ата.

2) Оюдағы симметрияның маңызы.

3) Ең қарапайым ою түрлері.

4) Оюдағы колориттің маңызы.

5) Композиция дегеніміз не?

6) Ырғақ дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ.

Сабақ мынадай теориялық міндеттерді:

- Оюлардың түрлері, бейнелеу;

- Ағаш ұстасы, жасайтын заттары жөнінде мағлұматтар беруді;

- Оюды жасаудағы бейімдеу құралдарымен таныстыруды;

- Оқу пәндері бойынша алған білімдерін (іскерліктерін) терең ұғындыруды алға қояды.

Өткен сабақта ою түрлерімен жалпы тұрғыда танысқан болған соң, оқушылар үшін бүгінгі сабақта баяндалатын мағлұматтар мен орындалатын іс әрекеттердің нақтыланатыны аяқталатын болады.

Жаңа сабақ дайындалатын еңбек объектісіне анықтама беруден басталады. Ою дегеніміз – ағаштың бетін ойып, сәндеу, әшекейлеу. Бұл анықтама жалаң сөз күйінде баяндалмай көрнекіліктермен, әшекейленген бұйымдармен толықтырғаны мақұл.

Ағашты оюдың бірнеше тәсілдері бар. Негізінен оларды бедерлеп ою және жұмырлап ою деп шартты түрде екіге бөліп топтауға болады. Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығынқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлемімен мүсіндеуді, ағашқа бедерленетін барельефті атайды. Ал тұтас ағаштан шабылатын келі-келсап, аяқ табақ, сап таяқ, ожау сияқтыларды жасау арқылы жұмырлап өрнек ою тәсілін үйренеміз.

Бедерлеп оюдың өзі де орындалу әдіс-тәсілдеріне қарай әр түрлі келеді. Егер тақтағы өрнекті тіліп түсірген әдіс, жосықтау деп, қашау ізін тік салсаң, қиып кесілген әдіс деп, қашау жүзін көлбеу салып, нұқи ойсаң, кертіп ою әдісі деп атаған дұрыс.

Материал таңдалып алғаннан соң оюды түсіру әдісі түсіндіріледі. Ол үшін оқушылардың өздері сызып келген ою үлгілері қаралады (өзіндік жұмыс). Мұндай тапсырмалар «Оң ойғанның ойы ұшқыр» дегендей, оқушылардың ойлай қабілетін дамытады, көркем қиялын оятады.

Ағашты ою үшін қарапайым аспаптар қолданылады. Олардың негізгісі – ағаш ұстасының пышағы (резак). Арнайы аспаптар кем болғандықтан, оларды қолдан қалай жасауға болатынын түсіндіріп өтемін. Пышақ ұстау әдісін, пышақ жүргізу бұрышын көрсетемін.

IV. Өткен материалдарды бекіту.

Сабақтың бұл бөлімі әдетте практикалық сипатта өтеді. Жұмыстың орындалу тәртібіне байланысты 3 оқушыға төмендегідей тәртіпте жұмыста үлестіріп, өткен материалды бекітемін.

1-оқушыға верстак үстінде жатқан материалды таңдату.

2-оқушыға таңдалған материалға белгі түсіруді тапсыру.

3-оқушыға белгі түсірілген материалдағы оюды орындауды тапсыру.

Бұл жұмыстың орындалу кезеңінде қалған оқушылар олардың жұмыстарын бақылайды. Жұмысты дұрыс орындамаған оқушыға сырттан бақылаушылар ескертпелер жасап, кеңес берсе – оқушының жұмысты игеруі, түсінбей қалғандардың материалды толық түсінуіне мүмкіндік беретіні анық.

V . Оқушылардың өзіндік жұмысы.

Оқушылардың алдында мынадай практикалық міндеттер қойылады:

- Дайындаманы негіздеп таңдау;

- Детальдың ұзындығын белгілеп алу;

- Белгі бойымен аралап кесу;

- Оюды дайындаманың бетіне түсіру;

- Дайындаманы ою.

Практикалық іс-әрекет нұсқаудан басталады. Жұмыс барысындағы ақаулардың түрлері және сол себепті детальдың жарамсыз болып табылу мүмкіндігі анықталады.

VI. Қорытынды бөлім.

Орындалған жұмыстарды қорытындылау, баға қою, құрал-жабдықтарды ретке келтіріп, дайындаманы кезекшіге тапсыру. Жасалған бұйымдарды талдай келе объективті баға қою.

Қорыта айтарым, оқушыларға технологиялық мағлұматтарды берумен қатар оларда ептілік пен дағдыларды дұрыс қалыптастыру қажет. Бұл оқушыларды еңбекке және кәсіпке дайындау жұмысын дұрыс жолға қояды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
А?ашты ою ?дістері мен технологиясы.

Автор: Ахметжанов Алтай Есимжанулы

Дата: 24.02.2015

Номер свидетельства: 178242


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства