kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж?н, ж?ннен жасалатын б?йымдар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж?н ?ой,ешкі т?йе ж?не бас?а да жануарларды? т?гі.Ж?н жылуды жа?сы ?ткізеді, ыл?ал тарт?ыш ж?не мы?ты.Б?дан т?рлі киіз,кілем,  киім ж?не бас?алардлы жасайды. ?лтты? на?ышта ж?ннен жасал?ан б?йымдар жа?сы ба?аланады.Ж?н маталар к?біне кой ж?нінен жасалады.Ж?ннен жасалатын киімдерге шекпен, тон, орамал. баяпа?,жейде,т.б. жатады.?те жылы,же?іл ы??айлы.?ой ж?ннін жылына екі рет машинамен немесе ?ыры?ты?пен ?ыр?ады.Содан со? оны жуып тазалап, т?тіп иіреді.?олдан немесе машинамен де т?туге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж?н, ж?ннен жасалатын б?йымдар»

Қызылорда облысы, Шиелі кенті
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің технология пәнінің мұғалімі Шолпан Искакова

Сабақтың тақырыбы: Жүн, жүннен жасалатын бұйымдар
Сабақтың мақсаты: 1.Жүннің қасиеті, түрлері және жүннен дайындалатын бұйымдар жайлы түсінік қалыптастыру
2.Танымдық ой-өрістерін кеңейту, қолөнерге деген құштарлығын дамыту.
3.Эстетикалық талғамға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: топтау, дискуссиялық картамен жұмыс, ББҮ кестесін қолдану, көрмеге саяхат
Көрнекілігі: буклет, жүннен жасалған бұйымдар, жүн талшығы
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Өткен материалды сұрақ-жауап арқылы пысықтау
ІІІ.Жаңа сабақ:
А) Жүн сөзіне ассоциация құру

                         

Ә) ББҮ кестесінің  "Білемін" және «Білгім келеді» бағандарын толтыру

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 



Ә) Жүн-қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың түгі. Жүн жылуды жақсы өткізеді, ылғал тартқыш және мықты. Жүннің мықтылығы-оның ең маңызды қасиеттерінің бірі. Бұдан әртүрлі жұқа жүн маталар, сан алуан тоқыма бұйымдар дайындалады. Жүннен киіз басады және киіз аяқ киімдер жасайды. Жүн маталар көбіне қой жүнінен жасалады, себебі еліміздің барлық аймағында қой шаруашылығымен айналысады. Қойдың тұқымына байланысты жүнінің талшықтары, биязылығы, ұзындығы әр түрлі болады және бір текті болмайды. Қой жүнін арнайы қайшымен немесе машинкамен қырқады. Мұндай жүн алғашқыда қатты, кір, ұйпаланған болады. Тоқыма фабрикасына жөнелтпей тұрып, жүнді алғашқы өңдеуден өткізеді:

                                                Сорттайды

                                  

                                     қоқымдарын тазалайды, түтеді


                                              қопсытады

 



                                      ыстық сабынды сумен жуады

 



                                арнайы машиналарда кептіреді

 Жазғытұрым қырқылған жүн жабағы, күзде қырқылған жүн күзем деп аталады.

Жүн талшығына қарай әр түрлі бұйымдар жасауға болады: шаруашылық бұйымдары, жіптер, киіз үй жабдықтары, төсеніштер, киім-кешектер, мал әбзелдері, арқандар. Жүн бұйымдарының сапасы-талшықтың құрамына байланысты болады.  Талшық неғұрлым ұзын, әрі жіңішке болса бұйым  сапасы жоғары. Жүннен жасалған бұйымдар әдемі, төзімді, аса берік, аз мыжғыланады, ылғалды-жылумен оңай өңделеді. Алайда, жүн бұйымдары шаң жұтады және  жуғаннан кейін пішінін өзгертеді. Сондықтан жүннен жасалған  бұйымдарды күту талаптарын сақтау керек.

«Үйрендім» бағанын толтырады.

Жүннен жасалған бұйымдар көрмесін тамашалайды.

IV.Сабақты бекіту:

Дискуссиялық карта толтыру: жүн

                                    Пайдасы             Зияны

V.Қорытындылау: көрмеден көрген жүннен дайындалған бұйымдарды топтау және талдау.

VI.Үйге тапсырма беру: қолөнер бұйымдарына іздену.



Шолпан Искакова




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ж?н, ж?ннен жасалатын б?йымдар

Автор: Искакова Шолпан

Дата: 08.02.2016

Номер свидетельства: 289971


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства