Просмотр содержимого документа
«Жидек да?ылдары. Экономика ж?не ?аржы сауаттылы? негіздері »
Сабақтың тақырыбы: Жидек дақылдары. Экономика және қаржы сауаттылық негіздері. (6 - сынып) Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға жидек дақылдары туралы, экономика мен қаржы туралы түсінік беру; Дамытушылық: жұмыс барысында оқушының шеберлігін, есте сақтау байқағыштық қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап Сабақтың көрнекілігі: буклет, 6 – сынып технология оқулық, слайд Пәнаралық байланыс: биология
Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме, қыздар! Отырыңыздар. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Көкөніс шаруашылығында күзгі жұмыстар туралы айт. 2. Топырақтың негізгі өңделуі дегеніміз не? 3. Көкөністік тұқым шаруашылығы дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ. Жеміс шаруашылығы – халықты жеміс - жидектермен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығының ең ежелгі салаларының бірі. Жемістер жоғары дәмдік қасиеттерге ие, адамның тамағы үшін қажетті көміртектерге, ақуыздарға, майларға, дәрумендерге, минералдық заттарға бай. Жеміс шаруашылығында жеміс өсіруші - шеберлер жұмыс істейді. Олар жеміс - жидек өсімдіктерінің көшеттерін өсіреді, бақ отырғызып, өсімдіктерді баптайды, жеміс жинайды. Жеміс өсіруші - шебердің жұмысы жеміс - жидек дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін, олардың өсу, даму және жеміс беру заңдылықтарын білуді талап етеді. Ол жеміс - жидек өсімдіктерін өсірудің агротехникалық әдіс - тәсілдерін, оларды зиянкестерден және аурулардан қорғаудың тәсілдерін игерген болуы, жеміс жинап және сақтай алуы тиіс. Биологиялық ерекшеліктері, шаруашылықта қолданылуы және жемістерінің түрі бойынша жеміс - жидек өсімдіктері топтарға бөлінеді (3 - кесте).
Жеміс - жидек өсімдіктері Топ Жеміс - жидек өсімдіктері Дәнекті: Алма, алмұрт, айва, ирга, мушмула, шетен және т. б. Сүйекті: Шие, қара өрік, қызыл шие, алша, өрік, шабдалы, қызылтал және т. б. Жидекті: Қойбүлдірген, таңқурай, қарақат, қарлыған және т. б. Жаңғақ жемісті: Фундук, грек жаңғағы, пісте және т. б. Субтропикалық: Зәйтүн, құрма, фейхоа, інжір, анар, цитрустар (мандарин, лимон, апельсин) Тропикалық: Банан, нан ағашы және басқалар Алма ағашы – жеміс ағаш. Жеміс дақылдары ішінде ол өте кең тараған. Сұрыбына және түріне орай алма ағашы 20 - 100 жыл өмір сүре алады, ал, отырғызғаннан кейін 3 - 6 жылдан кейін жемісін бере бастайды. Әдетте, 1 бақ алаңынан 15 - 20 т жеміс береді, тіпті, 100 тоннаға дейін жетеді. Ағаштың жер бетіндегі бөлігі діңгектен және бұтақтардан тұрады. Алма жинау Өнімдерді мыжымай, соқпай, тырнамай, шаншымай, ақырын ғана үзіп алу керек; жемісті алақанды толтыра уыстап жоғары көтеріп, саусақтарымен жеміс сабақшасын іліп алып, бұтақтан бөліп алу керек. Жемісті күштеп тартуға немесе бұрауға болмайды, бұл жеміс бұтақшасын зақымдауы және келесі өнім беруге зиянын тигізуі мүмкін. Жемістерді себетке немесе басқа ыдысқа ақырындап салу керек.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. 1. Жеміс шаруашылығы дегеніміз не? 2. Жеміс - жидек өсімдіктерін ата. 3. Жеміс - жидек қанша топқа бөлінеді? 4. Сүйекті жидектерге не жатады? 5. Тропикалық жемістерге не жатады?
6.Экономика дегеніміз не? Оның біздің өміріміздегі маңызы қандай?
7. Қаржы нарығының түрлері қандай?
Ү. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта, жеміс - жидек дақылдар түрлерін, қанша топқа бөлінетінін білдіңіздер.
ҮІ. Үйге тапсырма. ҮІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.