kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жануарлардан алын?ан таби?и талшы?тар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технология

6-сынып.

Саба?ты? та?ырыбы: Жануарлардан алын?ан таби?и талшы?тар.

Ма?саты: Жануарлардан алынатын таби?и талшы?тарды? т?рлерін ж?не жібек ж?не ж?н маталарыны?  дайындау жолдарын білу.

Міндеттері:

Білімділік:Ж?н ж?не жібек маталары жайында т?сінік беру. Ж?н ж?не жібек маталарыны? дайындалу жолдарымен таныстыру, ерекшеліктерін, айырмашылы?тарын білу.

Дамытушылы?: Мата шы?ару технологиясы жайында білімдерін, ой ?рістерін, с?йлеу м?дениетін дамыту.

Т?рбиелік: ?демілікке, ??ыптылы??а, ептілікке, тазалы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Аралас саба?

Саба?ты? ?дісі: Топпен ж?мыс

Саба?ты? к?рнекілігі: Кесте, слайд, бейне к?рініс.

??рал-жабды?тар: Мата т?рлері, ?айшы,  жіп, ж?н, ?ршы?.

П?наралы? байланыс: Жаратылыстану,тарих.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жануарлардан алын?ан таби?и талшы?тар »

Технология

6-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардан алынған табиғи талшықтар.

Мақсаты: Жануарлардан алынатын табиғи талшықтардың түрлерін және жібек және жүн маталарының дайындау жолдарын білу.

Міндеттері:

Білімділік:Жүн және жібек маталары жайында түсінік беру. Жүн және жібек маталарының дайындалу жолдарымен таныстыру, ерекшеліктерін, айырмашылықтарын білу.

Дамытушылық: Мата шығару технологиясы жайында білімдерін, ой өрістерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Әдемілікке, ұқыптылыққа, ептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, слайд, бейне көрініс.

Құрал-жабдықтар: Мата түрлері, қайшы, жіп, жүн, ұршық.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану,тарих.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Мақта және зығыр өсімдіктерінің суреттерін таңдау арқылы сыныпты екі топқа бөлу.

I-топ «Мақта» тобы . ІІ-топ «Зығыр» тобы.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Балық қаңқасы” зерттеу элементі бойынша үй тапсырмасын сұрау.

I-топ тақырыбы: Ас үй ыдыстары. Электр плитасымен жұмыс істеу ережелері.

II-топ тақырыбы: Тағам даярлаудың негізгі әдістері.Техникалық қауіпсіздік ережелері.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жұмбақ жасыру:

Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ,

Аузына тістеп алған шиден таяқ,

Жүгірген сайын белбеуін қабаттайды,

Беріпті әсемдікті аямай-ақ. (ұршық)

-Ұршық не үшін керек?

(Оқушылардың сөзі)

Қой жүнін арнайы қайшымен немесе машинамен қырқады. Мұндай жүн алғашында өте қатты, кір, ұйпалақтанған болады. Тоқыма фабрикасына жөнелтпей тұрып, жүнді алғашқы өңдеуден өткізеді. Өңдеу жұмыстары мыналардан тұрады: жүнді сорттайды, талшықтарды сапасы бойынша іріктейді, қоқымдарынан тазалап, түтеді, қопсытады, ыстық сабын сумен жуады, арнайы машиналарда кептіреді. Осындай өңдеу жұмыстарынан өткен соң, иіру фабрикаларында жүн талшықтарынан жіп иіреді. Жүн тоқыма өндірісіне түсіп, одан мата дайындайды. Табиғи жүн өздерің білесіңдер қой, ешкі, түйеден алынады. Жүн матаны көбінесе қой жүнінен жасайды, өйткені еліміздің барлық бөлігі қой шаруашылығымен шұғылданады.

Слайд көрсету.

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Жануарлардан алынған табиғи талшықтар. Сабақтаң мақсаты жібек және жүн маталарды дайындау жолдарымен танысу, жібек және жүн талшықтарын салыстыру, ерекше қасиеттерін білу.

Жібек және жүн маталарды жануарлардан алынған табиғи талшықтардан дайындаған, сонымен қатар оларды химиялық жолмен алуға болады. Біз табиғи талшықтардан дайындау жолдарын қарастырамыз.

Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқалар жұлдыз құрт болып дамиды. Оны жұлдыз құрт немесе тұт жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған. Жібек құрттың ауада қонып, жібек жүнін түзетін ақуызды зат бөлетін ерекше бездері болады. Жұлдыз құрт қуыршақтарға айналарда 300-1500 метрге жететін жіңішке жібек жіпті денесіне орап пілде түзеді. Бұл жіп тоқыма өнеркәсібіне таптырмайтын шикізат. Жібек орағыш фабрикаларда пілде жібегінен жібек жібін иіріп алады. Пілде жібі өте жіңішке болғандықтан, бірнеше қуыршақтың жібін біріктіреді. Талшықтарды өңдеп, мата алу үшін, механикаландырылған жабдықтар, автоматтандырылған станоктар мен машиналар қолданылады. Онда тегістеуші, иіруші, айналдырушы, ораушы, тоқымашы деген мамандар жұмыс істейді. Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты. Матаның сапасына талшықтың ұзындығы, жуандығы, мықтылығы, жұмсақтығы, иірілу секілді қасиеттері әсер етеді.

Ұзын және жіңішке талшықтан жіңішке, мықты, біркелкі жіп алады. Әрине мұндай жіптен тоқылған мата да жұқа, берік, тегіс әрі жұмсақ болып келеді. Ирек талшықтар жақсы жылу сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді. Мұндай талшықтан тоқылған маталарды қысқы киім тігу үшін қолданады.


Бейне көрініс: Жібек матасының тарихы


Сергіту сәті. “Африкадағы жаңбыр”.

Шеңбер құрып тұру.

  1. Қолды ысқылау. 2.Саусақтарды сытырлату.

3. Кеудені ұру. 4.Саннан ұру.

Көзді жұмып қайталау. Иықты ұйқалау. Шапалақтау.

ІҮ. Сарамандық жұмыс.

1-топ:

Талшықтардың құрамы мен сырт көрінісі

Талшық атаулары

Жүн

Жібек

Түсі



Ұзындығы



Жуандығы



Иректігі



Жұмсақтығы



1-кесте “Жүн және жібек талшықтарын салыстыру”.

2-топ:

2-кесте “Мата құрылымын салыстыру”.

Көрсеткіші

Мата түрлері

Жүн

Жібек

Физикалық-механикалық қасиеті

Беріктігі

Қыртыстануы



Гигиеналық қасиеті

Ылғал өткізгіштігі

Шаң өткізгіштігі

Жылу сақтағыштығы



Технологиялық қасиеті

Отыруы

Сетінеуі





Қол жұмысын орындауда ескеретін қауіпсіздік ережелері:

  1. Жұмыстың басында ине қорабындағы немесе ине шанышқысындағы инелерді санап біл, құралдар мен жабдықтарды өз орнында ұста.

  2. Жұмысты уақытында орында; ине шаншар алдында ортаңғы саусағыңа оймақ киіп ал, ол қолыңды жарақаттанудан сақтайды; жұмысты бітісімен ине мен түйреуіштерді ине шаншығышта ұста; қайшыны ашық тастама және үшкір жағын өзіңе қаратып қойма; қайшыны тұтқыл жағын қаратып ұсын.

  3. Жұмыстың соңында ине мен түйреуіштерді қорабына салып қой; жұмыс орныңды тазала.

Ү. Ағымдағы нұсқаулық.

  • Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру.

  • Сарамандық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру.

  • Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.

VІ. Материалды бекіту.

Кері байланыс парағын толтыру. Не білдім? Нені білгім келеді?


  • Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер?

  • Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

  • Саған кімнің жауабы ұнады?

VІІ. Соңғы нұсқаулық.

  • Сабақты қорытындылау.

  • Баға қою.

ҮІІІ.Үйге тапсырма.

Жануарлардан алынған табиғи талшықтар.

ІХ. Жұмыс орнын реттеу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Жануарлардан алын?ан таби?и талшы?тар

Автор: Тоимбаева Раушан Адаскановна

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 193965


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства