Мата өнеркәсіпте киім – кешек тігу, төсек - орын жабдықтарын тігу кезінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, тігілетін киім түрлеріне қарай екіге бөлінеді.
Киім түрлері
арнайы техникалық
Мата талшықтардан тұрады.
Талшықтар
табиғи қоспалы
Мақта : Мақта 1 жылдық өсімдік . Мақта өсімдігінің жемісі аппақ ұзын талшықтарға құрамдас қораптан тұрады. Осындай талшықтарды мақта деп атаймыз.
Мақтаның құрылымы. (оқушылар өз түсінгендерін тақтаға жазады)
Мақтанаң жеке талшықтары өте жіңішке болады. Талшықтардың ұзындығы әр түрлі: 6 – дан 32 мм- ге дейін болады. Мақта талшығының түсі – ақ, сонымен қатар қоңыр - сарғыш, жасыл түстер болады.
Гигроскопиалығы (оқушылар өз түсінгендерін тақтаға жазады)
Қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті. Мақта ылғалды тез өткізіп, тез кебеді, қолға ұстап қарағанда өте жұмсақ. Күн сәулесінің әсерінен мақта беріктігін бірте бірте жояды. Жағып тексергенде, ашық – сары түсті болып жанып , күйген қағаздың иісі шығады. Мақтаны мата, тоқыма бұйымдар, тігін жіптер дайындауда кеңінен қолданылады.
Зығыр:
Зығыр талшықтарын беретін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Зығырдың үш түрі бар.
Зығырдың түрлері
салалы бұйра
жабайы
Зығырдың құрылымы: (оқушылар өз түсінгендерін тақтаға жазады)
Талшықтардың жуандығы мақта талшықтарындай. Ұзындығы 15 – 26 мм. Талшықтардың түсі ашық сұрыдан жабық сұрыға дейін болады. Зығырдың өзіне тән жылтырлақ қасиеті бар. Зығыр гигроскопиялығы мақтадан жоғарырақ. Зығыр мақтаға қарағанды ысттыққа төзімді.
Зығыр матаның беті тегіс, жылтыр және жіптің жуандығы әр түрлі болады. Таза зығыр сетінегіш, мыжылғыш келеді және тез үтіктеледі.
Технологиялық диктант
Мата шығару.
Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы талшықтардын .......... жасау
Талшықтан жіп шығару процесін................ деп атайды
Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті ............. деп атайды
Көлденең жатқан жіпті ................ деп атайды
Матаның екі жағындағы тарқалмайтын шеттерін ............ дейді
Матаның алу процесін ................. деп атайды
Қол жұмыстарында қолданатын терминологиялары.
Термині
Жұмыстың мазмұны
Қолдану
Көктеу
Көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлшекті уақытша біріктіріп тұрады. Тігісті алдын ала белгіленген орны бойынша түзу етіп тігіп шығады
Бірінің үстіне бірі тұрған екі бөлшекті уақытша көктеп тігу
Қалтаны негізгі бөлшекке жапсырып тігуде қолданады
Бүгіп көктеу
Бұйымның етегі мен бүйір тігістерін бүгіп тіккенде және қатпрларды ұстатқанда қолданылады
Қадау
Сәнді, әшекейлі фурнитурларды бұйымға қадау
ІІІ. Жаңа сабақ
Ылғалды - жылумен өңдеу.
Машина тігістерін жасау
Матадан тігілген бұйымдардың тігістерін тегістеу үшін ылғалды - жылумен өңдеу тәсілін қолданады.Бұйымның сырт көрінісінің сапасы ылғалды -жылумен өңдеуге байланысты. Тұрмыста үтіктеу үшін қолданатын ыңғайлы құрылғы – арнайы үтік үстелшесі. Бұл үстелшенің шетінде үтікке арналған арнайы орын бар. Үтік әр түрлі болады: пешті, электрлі. Электр үтік бумен ылғалдандырады,оның жылу реттегіші болады.Үтіктпен жұмыс істегенде, өте мұқият болу керек.
Термин
Жұмыстың мазмұны
Қолдану орны
Бастыра үтіктеу
Тігіс пен бөлшектің қалыңдығын басу
Бұйымның етегі мен қалтаның шеткі қалыңдықтарын бастыра үтіктеу
Жатқыза үтіктеу
Тігістің шетін бір жағына жатқызып,сол қалпында бекіту
Тігісті екі жаққа жатқыза үтіктеп,сол қалпында қалдыру
Белдік пен желбіршектің тігістерін айыра үтіктеу
Декатирлеу
Матаның апшымауы (отырмауы) үшін алдын ала жасалатын ылғалды- жылумен өңдеу
Матаны пішер алдында декатирлеу
Бұйымды әрлеп үтіктеу
Бұйымның қыртыстарын тегістеп, ең ақырғы ылғалды –жылумен өңдеу
Дайын бұйымды әрлеп үтіктеу
Ылғалды-жылумен өңдеу кезінде мыналарды ескеру қажет :
Жылу реттегішті өңдейтін матаның түріне байланысты қояды
Үтікткр алдында үтіктің табанын тексеріледі, онда күйген дақ болмауы керек
Бұйымды оңнан солға қарай үтіктейді
Матаның арқау жібінің орналасуын ескере отырып, майда бөлшектерді тар жағынан кең жағына қарай үтіктейді
Ылғалды- жылумен өңдеу жұмысында ескертетін техникалық қауіпсіздік ережесі
Жұмыстың басында үтік баусымының жарамдығын және үтіктің табанын тексеру; жұмыс орнына резеңке төсеніш төсеу
Жұмысты резеңке төсеніштің үстінде тұрып орындау; үтікті құрғақ қолмен қосу немесе өшіру,үтікті арнайы қойғышқа қою;үтіктің баусымы табанның астында қалмауын және үтіктің қатты қызып кетпеуін бақылау.
Жұмыстың соңында үтікті өшіру; үтікті арнайы орнына қою.
Тігін машинасының шығу тарихы
(хронологиялық кесте)
Р/с
Жылы
Жоба авторы
Машинаның түрі
1
ХV ғасыр
Ленардо да Винчи
Алғашқы тігін машинасы
2
1755 ж
Карл Вайзенталь
Қол тігісін жүргізетін инесі бар машина
3
1808 ж
Уолтер Хант
Шөлмекті машина
4
1844-45 ж.ж
Элиос Хоу және Уолтер Хант
Бірқалыпты жұмыс істейтін тігін машинасы
5
1850-51 ж.ж
Ален Уилсон және Исаак Зингер
Қазіргі заманғы машина түрлері
6
1870 ж
«Зингер » фирмасы
7
1900 ж
Ресей Подольск қаласында зауыт
8
1917 ж
Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт
Машинада дұрыс отыру тәсілі:
(қауіпсіздік ережесі)
Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек
Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек
Құрал- жабдықтар арнайы қорапта тұру қажет, үстелдің бетінде тек қана тігілетін бұйым жатуы тиіс
Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар
Машина тігістерінің атауы
Тігіс
Операция
Қолдануы, сызбасы
Сызбасы
Шартты белгілер
Қайып тігу
Қайып тігу
Екі бөлшекті бір-біріне біріктіру
Жабық қиықты бастыра тігу
Бастыра тігу
Бір бөлшекті екіншісіне бастыру жолымен біріктіру
әдіптеу
Әдіптеп тігу
Бөлшектерді біріктіріп ,соңында қайыру
Ашық қиықты жөрмеп тігу
Жөрмеу
Ішкі бөлшектің шетін өңдеу
Жабық қиықты жөрмеп тігу
Жөрмеу
Бөлшектің шетін өңдеу
Тігін машинасымен танысу
Тігін машинасының түрлері
Қол машина электр машинасы аяқ машинасы арнайы машина