Просмотр содержимого документа
«"Вуаль" тәсілімен шаш бояу әдісі»
«Вуаль» Шаш бояу әдісі
«Вуаль» Шаш бояу кезінде кез – келген әідсті колдануга болады.
«Вуаль» әдісімен түсіздендіру кезінде қолданылатын құралдар тізімі: шаш бояу кисточкасы, фольга, құйрықты тарақ.
Шеберлік деңгейі: негізгі техниканы меңгеру.
«Вуаль» түсіздендіру әдісін қысқа немесе жартылай ұзын шаштарға жасау ұсынылады.
«Вуаль» әдісімен түсіздендіру кезінде: фольга, қағаз майлықтар, жұқа түссіз плёнка және планшет қолданылады.
«Вуаль» әдісімен түсіздендіру техникасы:
Шашты түссіздендіру үшін, бастың жоғарғы шаш бөліктерін бөліп алады, себебі бастың төменгі шаш бөлігі жабық болады. Түссіздендіру кезінде, өте жұқа шаш боліктерін, шамамен қалындығы 2-3 мм шашты бөліп алады.
Оның ішінен түссіздендіретін шашты, зигзагты тәсілімен шашты бөліп аламыз.
Фольгаға түссіздендіргішті жағамыз Үстіне бөліп алган шашты саламыз. Шаш бөліктерінің үстіне құрамды жағып, фольгамен ораймыз (шаш ұзындығына қараймыз).
Сонымен қатар, фольгаға түссіздендіргішті жағып, үстіне бөліп алган шашты салып, шаш бөліктерінің үстіне құрамды жағып алғаннан кейін, тағы да үстіне екінші фольганы қоюға болады.
Фольганы шашқа бекіту үшін, фольганын бас жағындағы бұрыштарын қайырып қояды. Шашқа екінші фольганың орнына, жұқа түссіз плёнканы қоюға болады. Әрі қарай осы техникаларды қайтала орындаймыз.
«Вуаль» әдісімен түсіздендіру техникасының жалпы көрінісі