kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок "Бисермен кестелеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока по технологии, 9 класс девочки. О технике вышивания бисером.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок "Бисермен кестелеу"»

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бисермен кестелеу, құрал-жабдық дайындау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды бисермен кестелеу элементтерімен таныстыру. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: Еңбекке тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Кестелеудің көмегімен дербес шығармашылыққа тарту,бисермен жұмыс істеуге қызығушылық тудыру, еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Дамытушылық: Жұмыс істеу дағдыларын, оқу еңбегі шеберліктерін дамыту.

Сабақ өткізу әдісі: түсіндіру, иллюстрациялық.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих.

Қажетті құрал - жабдықтар: бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, құрал-жабдықтарын тексеру.

II. Жаңа сабақ.

Бисер өнері қолөнердің бір түрі. Бисердің Отаны- ежелгі Египет. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тығыз байланысты. Әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын ашқан Финикия елі деген аңыз бар.

Бисер - ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әртүрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді.
Стеклярус - шыны түтікше ( 5 - 10) қырлы немесе цилиндр пішінді.
Бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.
Бисермен кестелеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты талап етеді.

Бисерден көптеген кез келген нәрсе жасауға болады. Мысалы: киім кешекті сәндеуге, әшекей бұйымдар, әмиян, сөмке, сыйлықтар, картиналар, тіпті аяқ киімді де әшекейлейді.Қазіргі кезде бисерлерді, негізінен, әшекей бұйымдар жасауда кеңінен қолданады. Соның ішінде алқа, білезік, моншақ, шашқа тағатын әшекей бұйымдар т.б. 

Бисермен кестелеу- кесте тігудің неғұрлым кең тараған түрлерінің бірі. Бисерлер суретке сәйкес түстер бойынша селдір-мата торларына кестеленеді. Бисерлермен жұмыс істегендегі негізгі қиындық оларды жіпке тізу болып табылады. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез-құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп.

Кесте тігу үшін қолданылатын құрал-саймандар:

  • Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды.

  • Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады.

  • Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады.

  • Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады.

  • Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті матаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады.

  • Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.


ІІІ. Сарамандық жұмыс. Бисермен және стекляруспен кестелеу элементтерін орындау технологиясын үйрету.

Жұмыс тәсілдерін көрсету.

Бисерді екі тәсілмен кестелеуге болады:

а) әрбір бисерді матаға жеке-жеке тігу (қанша тігіспен болса да);

ә) «Вкрипреп» тігісі, яғни бисер тізілген жіпті матаға бекіту.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Урок "Бисермен кестелеу"

Автор: Гильманова Салтанат Бакытжановна

Дата: 02.11.2016

Номер свидетельства: 354663


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства