Просмотр содержимого документа
«Үй бюджеті. Үйге кіретін кіріс пен шығыс көзін есептеу.»
Мектеп: Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп ММ Мұғалім: Бектурова Сауле Рымбековна технология пәні мұғалімі. Тақырыбы: Үй бюджеті.Үйге кіретін табысты құрастыру,кіріс және шығыс көзін есептеу Сабақтың мақсаты: оқушыларға үй экономикасы жайлы түсінік беру. Отбасы бюджетін дұрыс ұйымдастыруды, кіріс және шығыс көзін есептеуді үйрену. *оқушыларға үй экономикасы оның маңызы мен мақсаты жөнінде түсінік беру; * логикалық ойлау,жүйелі жоспар құру, іскерлік қабілетін дамыту; *үй бюджетін жоспарлауға, үнемділік жолдарын шеберлікпен атқаруға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:бүктемелер, плакат, оқулық, интерактивті тақта, кестелер,тест карточкалары, жұмыс дәптері. Пәнаралық байланыс: қаржы сауаттылығы, математика, тарих, қазақ тілі. Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі
«Ақшаны сыйласаң ол да сені жақсы көреді»немесе «Тиынан теңге құрала- ды» -деген мақалдар біздің бүгінгі сабағымызға қатысты айтылғандай. Себебі біз өткен өткен сабақта «Үй экономикасы» деген бөлімді бастағанбыз. Біздің барлығымыздың отбасымыз бар. Біз онда тәрбиеленеміз, демаламыз, еңбек етеміз, барлық қуаныш пен қиыншылықты бірге бөлісеміз.Олай болса, «Үй бюджеті» біздің отбасымыздың кірісі мен шығысы. Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар: 1.Үнемдеу, кіріс, шығыс деген сөз нені білдіреді? 2.Үй бюджеті дегеніміз не?, нені қарастырады? 3.Негізгі мақсаты не? 4.Жоспарлау дегеніміз не? 5.Үй бюджетінің маңызы неде? Үйге «Жас отбасы бюджеті қалай жүргізіледі?» деген тапсырма берілген қалай орындадық? Жаңа сабақ Мақсатымыз: табысты құрастыра отырып,кіріс,шығыс көзін есептеу,үнемдеуді үйрену. Үй бюджеті деген не? «Бюджет»- сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады екен. Біз әр күнімізді, мерекені, жұмыстың барін жоспарлаймыз. Сол секілді ақшаны да санап, жоспарлы жұмсаған дұрыс.Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды және шығындарды тиімді құрастырып,есептеп отыру. Бюджет қалай тиімді болады? Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет. *Кірістер дегеніміз барлық ақша -ларыңыз. Шығыстар дегеніміз барлық жаратылып жатқан ақша. Кірістерге шәкртақы, зейнетақы, айлық жалақы, құнды қағаздар, жәрдемақы,т.б жатады. *Шығыстарға- салық,азық-түлікке жұмсалатын қаржы,киім-кешек,жиһазға жететін қаржы, т.б Тест сұрақтары таратылады, дәптерге орындау. 1.Отбасылық бюджет ол- *белгілі бір уақыт мерзгіліндегі кіріс және шығыс көзі; *ақшалай немесе заттай құндылықтар;
*отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар,құнды қағаздар, кірістер, шығыстар жәнет.б қажеттіліктер жазатын журнал. 2.Табыс дегеніміз- *шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар; *тепе-теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктер; *өндірістен, жеке адамнан ақшалай заттай бағалы қағаздай алатын құндылықтар; 3.Болжам жасалынбаған шығыстар: *тамаққа; *коммуналдық қызмет; *тұрмыстық мәдени шығын; 4.Негізгі сатып алу ережесі- *кездейсоқ сауда жасау; *заттың сапасын,кепілдік мерзімін көру; *ыңғайлылығы, қолайлылығы; *сапасы,ерекшелігі; 5.Зат қандай талаптарға жауап береді? *құны, бағалы; *ыңғайлы,қолайлы; *ерекше,сапалы; 6.Отбасылық қажеттіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды? *тамақ пен киімге жұмсалған қаржы; *білімге,қоғаммен араласуға; *үйге,жиһазға,тұрмыстық заттар жұмсалған қаржы;
«Отбасы бюджеті» ойынын ойнаймыз, кімнің отбасында таразы басы қалай тартады екен? Тақтада тексереміз. 1.Отбасының айлық жалақысы 2.Көлік үшін жұмсалатын қаржы 3.Тамаққа жұмсалатын қаржы 4.Шәкіртақы,зейнетақы,жәрдемақы 5.Құнды қағаздар 6.Жалданған пәтер үшін ақы алу 7.Үйірме,сексия, репетиторлық қызмет көрсету, ақылы оқитын оқу орны 8.Сыйақы 9.Әртүрлі салықтар,коммуналдық қызмет пен несие. 10.Киімге,жиһазға жүмсалатын қаржы. 11.Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы. 12.Тұрмыстық мәдени қызметтер (кино,театр,музей,туған күн,той 13.Үнемдеу,жинақ соммалары. 14.Жоспарланбаған шығындар. Жауабы: 1,4,5,6,8,11,13-кірістер 2,3,7,9,10,12,14-шығыстар Егер тең болса,тепе-теңдік жағдайда біреуі басым болуы да мүмкін Жаңа тақырып бойынша тапсырма: Отбасылық бюджетті есептеу. Тақырып бойынша қорытынды сұрақтар: 1.Үй бюджеті дегеніміз не? 2.Кірістер дегеніміз не? 3.Шығыстар дегеніміз не? 4.Тепе-теңдік жағдай дегеніміз не? 5.Ал егер біреуі басым болса ше?