kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үгілмелі қамыр және оның ерекшелігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға тақырыптың мазмұнын ашып, үгілмелі қамырдың ерекшелігін ұғындыру және  үгілмелі қамырдан тағамдар түрлерін даярлау дағдысын меңгерту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үгілмелі қамыр және оның ерекшелігі»

«Ақыл – ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы

мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Ашық сабақ





Тақырыбы:







ӘТБ пәнінің мұғалімі: Айтетеева Г.П.










Тараз қаласы, 2017ж

Өтетін күні: 16.01.2017ж Сыныбы: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Үгілмелі қамыр және оның ерекшелігі

Мақсаттар:

1. Білімділік: Оқушыларға тақырыптың мазмұнын ашып , үгілмелі қамырдың ерекшелігін ұғындыру және үгілмелі қамырдан тағамдар түрлерін даярлау дағдысын меңгерту.

2.Түзете - дамытушылық: Оқушылардың шеберліктерін, ой-өрісін, қиялын, аспаздық қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Аспаздық өнерге баулу арқылы оқушыларды өмірге икемділігін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Оқушыларды еңбекке деген сүйспеншілікке тәрбиелеп, ұқыптылыққа, жұмысты өз бетімен орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды игеру

Сабақтың түрі: аралас, дәстүрлі, сарамандық жұмыс

Сабақтың әдістері мен тәсілдері: түсіндіру, жұптық жұмыс, пікір алмасу, қайталау, баяндау, тапсырма орындау, мақал-мәтел айту, дидактикалық ойын.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тағамдардың суреттері, рецептурасы

Құрал-жабдықтар: азық-түліктер, ыдыстар, электрлі пеш

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  2. Арнаулы киімін тексеру;

  3. Құрал-жабдықтар мен материалдарды тарату

Нан қарағым киелі, нанды халық сүйеді.

Қастерлеген адамға, шапағаты тиеді.

Нан бар жерде –ән бар дейді, халық. Біз мол, арзан нанға кенелген, әлемдегі ең бай мемлекетте өмір сүреміз. Сол үшін елімізге, жерімізге дән ризамыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Дидактикалық ойын

«Аспаздық лото» - тақтада сұрақтар сан бойынша ілініп тұрады. Оқушылар қаптың немесе қорапшаның ішінен лотода жазылған санды шығарады. Шыққан санды тақтадағы ілініп тұрған сандардан іздеп, табылған санның артындағы сұрағын оқып, соған жауап береді.

  1. Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері неден тұрады?

  2. Қамырдың қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Ашытқы қамырдың ерекшелігі не және одан қандай өнімдер пісіреді?

  4. Ашытқысыз қамырдан қандай өнімдер пісреді?

  5. Қаттамалы қамырдың ерекшелігі не? (Жайылған қамырға май жағып орау)

  6. Қаттамалы қамырдан қандай өнімдер пісіреді?

  7. Бисквитті қамырдан қандай өнімдер пісіреді? (торт,пирог,печенье)


III. Жаңа сабақты түсіндіру: Үгілмелі қамырдан торт, бәліш, печенье т.б. тағамдар пісіреді. Үгілмелі қамырды әзірлеудің көптеген рецептері бар. Оны әзірлеуге негізінен май, қант, жұмыртқа, бидай ұны пайдаланылады, бірақ тағамның түріне қарай олардың мөлшері өзгереді. Қамырға арналған сары майды (немесе маргарин) езу оңай болу үшін жылы жерге қояды, бірақ отқа ерітуге мүлдем болмайды. Қамырды тақтайға қатты тығыздамай илейді, сонда май біркелкі тарайды. Қамыр тақтайға жабыспаса және тегіс болса, онда даяр болғаны. Үгілмелі қамырға лимон немесе ваниль қосуға болады. Содан кейн қамыр нығыз болу үшін оны аз уақыт тоңазтқышқа қояды. Қамырды жайғанда оқтауды қатты баспау керек. Үгілмелі қамырдың майын шылқытып та, өте құрғақ етіп те даярлауға болады. Қамырдың майы көп болса, табаға немесе қалыпқа май жақпайды, ал майы аз болса, табаға май жағып, кептірілген нанның ұнтағын немесе ұн себеді. Оған жаңғақ, какао салуға болады. Тағамға көпіршітілген ақуыз жағады. Үгілмелі қамырға, әсіресе майлы қамыр пісіретін пешті алдын ала жақсылап қыздырады; бірқалыпты температурада (180-200оС) пісіреді. Тағамның дайын болғанын оның түрінен біледі (ол қызғылт түсті болуға тиіс). Пісіп, дайын болған тағамды табадан немесе қалыптан дереу алу керек. Оны салқындағаннан кейін ғана кескен жөн.

ІV. Тәжірибе жұмыс. Печенье пісіру

Техника қауіпсіздігін сақтау ережесі:

  1. Сулы қолмен электр тоғын ұстама.

  2. Ыстық пешті жалаң қолмен ұстама.

  3. Ыстық ыдысты үстелдің үстіне қойма.



Тазалық талаптары:

  1. Тағам жасар алдында қолымызды жуып, тазалап алуымыз керек.

  2. Әрбір оқушының алжапқышы, орамалы болу керек.

  3. Отырған орнымызды таза, жинақы ұстау.

  4. Столда дастарқан болуы керек.

Сарамандық жұмыстың мақсаты: Үгілмелі қамырды илеп, печенье пісіруді үйрету.

1 топ оқушыларына берілетін жұмыстың орындалу реті:

Қажетті азық-түлік: 1 жұмыртқа, 05 стақан қант, 100гр маргарин, 1 стақан ұн, ванилин.


  1. Ыдысқа жұмыртқаны жарып салып, үстіне қантты, қопсытқышты, ванилинді, майды салып араластырамыз.

  2. Үстіне ұн салып, жұмсақ етіп илейміз.

  3. Қамырды арнайы орағышпен орап, біраз уақыт қоямыз.

  4. Біраз тұрған соң бөліктерге бөліп 1 см қалыңдықта жайып формамен кесіп, ыстық пеште 180-200 градуста 15 минут пісіреміз.

  5. Күйіп кетпеуін қадағалау керек.

2 топ оқушыларына берілетін жұмыстың орындалу реті:

Қажетті азық-түлік: 1 майонез, 200гр май, 200 гр қант, 2-3 стақан ұн, 1 шай қасық сода, мак.


  1. Ыдысқа 1 майонезді саламыз, содан соң жұмсартылған майды саламыз, үстіне қантты, қопсытқышты салып араластырамыз.

  2. Үстіне ұн салып, жұмсақ етіп илейміз.

  3. Қамырды арнайы орағышпен орап, біраз уақыт қоямыз.

  4. Біраз тұрған соң қамырды кішкентай бөліктерге бөліп оларды қолмен шар күйіне келтіреміз, ыстық пеште 180-200 градуста пісіреміз

  5. Күйіп кетпеуін қадағалау керек.


V. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.


А) Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама.

Ә) Ас иесімен тәтті.

Б) Нан-тамақтың атасы, ынтымақ көптің батасы.

В) Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.


VІ. Сабақты қорыту. Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдарды, оның екі түрлі тәсілімен таныстық. Жаңа сабақ бойынша сұрақтарың бар ма? Олай болса, сендерге жаңа сабақ бойынша сұрақ.


1.Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіреді?

Жауабы: пирог, торт, бәліш, печенье т.б.


2.Үгілмелі қамырды неше тәсілмен әзірлейді?

Жауабы: 2, 3, 4 тәсіл


3.Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдардың құрамына қандай азық-түліктер қажет?

Жауабы: Ұн, қант, сары май, жұмыртқа


4.Үгілмелі қамырдан жасалатын бұйымдар қандай температурада піседі?

Жауабы: 180 – 200 С


5.Қамырға қосылатын жағымды иісі бар ақ түстес кристалл ұнтақ ?

Жауабы: ванилин


VІІ. Бағалау


VІІІ. Үйге тапсырма.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Үгілмелі қамыр және оның ерекшелігі

Автор: Айтетеева Гульнур Паримбековна

Дата: 07.06.2017

Номер свидетельства: 420856


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства