Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол». Бүгін сабақта қамзолдың үлгі сызбасымен танысып, қуыршақтарға камзол тігеміз.
Қамзол (камзол)— әйелдердің ұлттық киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Қамзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Қамзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астардан тұрады. Қамзолдық астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылады. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына қамзолдың алдына зергерлер әшекейлен жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қапсырма қадалады. Қамзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол өте сәнді болады. Қазіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндеп тіккен қамзол шығаратын болды.
Сарамандық жұмыс
-Қағазға үлгі сызба дайындау
-Матаға түсіру
-Көктеу жұмыстары
Қауіпсіздік ережесі:
1. Қайшыны ашық тастама.
2. Үшкір жағын адамға ұсынба.
3. Қағазды үнемде.
4. Таза, ұқыпты жұмыс жаса.
5. Жұмысыңды болған соң, үстел үстін жина.
Үйге тапсырма: Киім үлгісін жасағандарыңды аяқтап, ою – өрнектермен, моншақтармен әшекейлеп келу.
Бұл сызба үш бөлікке бөлінеді: тор, артқы бойжәне алдыңғы бой.
Тор бір-біріне тік бұрыш жасай екі сызық жүргізіледі. Тік сызық - артқы бойдың орта сызығы, көлденеңі - желке сызығы.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің өлшемі алынып, оған 4 см қосылады (48+4=52 см). Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық жүргізіледі. Бұл - алдыңғы бойдың орта сызығы болады.
Желке сызығынан төмен қарай бойдың орта сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып оған 3 см қосылады (48/3+3=19 см). Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық жүргізіледі. Бұл - алдыңғы бойдың орта сызығыболады.
Желке сызығынан төмен қарай бойдың орта сызығы бойымен артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы (38 см) салынып, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылады. Сөйтіп, бел сызығы анықталады.
Бел сызығынан төмен қарай артқы бойдың сызығы бойымен 16-20 см өлшемі алынады да, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылады. Жамбас сызығыосылай анықталады.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай кеуде сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 2,5 см қосылады (48/3+2,5=18.5). Табылған нүктеден желісе сызығына дейін тік сызық жүргізіледі.
Бұл жауырын ені сызығыболады.
Жауырын ені сызығынан оңға қарай кеуде сызығының бойына кеуде шеңберінің төрттен бір бөлігі салынып, оған 0,5 см қосылады (48/ 4+0,5=12,5). Сөйтіп, қолтықойындысыныңкеңдігітабылады. Табылған нүктеден жоғары қарай ұзындығы кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігіне тең (48/8=6 см) тік сызық жүргізіледі. Осылай қолтық ойындысының шығыңқы сызығы табылады.
Жауырын ені сызығынан бастап қолтық ойындысының шығыңқы сызығына дейінгі қашықтық (кеуде сызығы бойымен) қақ бөлінеді де, бөлу нүктесінен жамбас сызығына дейін тік пунктер сызық жүргізіледі. Бұл - бүйір сызығыболады.
Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесі:
1. Қайшыны ашық тастама.
2. Үшкір жағын адамға ұсынба.
3. Қағазды үнемде.
4. Таза, ұқыпты жұмыс жаса.
5. Жұмысыңды болған соң, үстел үстін жина.
Оқушылар жұмысын жасайды.
V. Сабақты бекіту
1) Қазақ халқының дәстүрлі киімдерін неше топқа бөлуге болады?
2) Ерлердің бас киімдерінің қандай түрлерін білесіңдер?
3) Сәукелені кімдер киген?
4) Сәукелені немен әшекейлеген?
VI. Үйге тапсырма. Түрлі түсті қағаздан киім үлгісін жасағандарыңды аяқтап, ермексаздан бөрік, сәукелені моншақ, фальгамен әшекейлеп келу.