Просмотр содержимого документа
«Ұлттық кестелер, композиция, ою - өрнек, узор, раппорт.»
Тексерілді_____
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Акулова Р.М.
Пәні: Технология Сыныбы: 5Күні:07.12.16Сабақ:13
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық кестелер, композиция, ою - өрнек, узор, раппорт.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту. Ою –өрнектердің шығу тарихымен танысу, олардың ойылу элементтерің үйрету. Дамытушылық: Кесте тігістерінің орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту. Ою - өрнек түрлерімен таныстыру, ойлау қабілетін дамыту, іскерлікке , шеберлікке баулу. Тәрбиелік: Қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Қыздарға этно-мәдени тәрбие беру, ұлттық қолөнер түрлерін жалғастыруға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ –жауап, пікірталас, слайдтар, тест, сөзжұмбақ, ВЕНН диаграммасы, ою-өрнек үлгілерімен бұйым өрнектері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу Оқушыларды түгендеу Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту Үй тапсырмасын тексеру:
«Миға шабуыл» Сандық тест Қазақ халқының ұлттық қолөнері қай ғасырда дамыған? А) ІІ-Ү Ә) І-ҮІІ Б) Ү-ХІІ 2. Қазақ халқының негізгі шаруашылығы қандай шаруашылық? А) орман шаруашылығы Ә) Бұғы өсіру шаруашылығы Б) Мал шаруашылығы 3.Ұлттық қолөнер түрін ата? А) тоқыма өнері Ә) өнердің бәрі Б) мал шаруашылығы 4.Тоқыма өнер қандай өнер түріне жатады? А) кірме өнер Ә) сәндік қолданбалы қол өнер Б) Қашау өнері 5. Талшықтан жіп шығару процесін не деп айтамыз? А) негізгі жіп Ә) иіру Б) Түту 6. І- қандай шалу түрі? А) оң шалу Ә) теріс шалу Б) іліп алу Жаңа сабақ.
“ Тұсау кесер” Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнері таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән - мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге болады. Кесте түрлері: Біз кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген, бейнені ою - өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеде матаға сызылған ою - өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді жіптермен толтырамыз. Баспа кесте материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады. Әредік кесте - матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы сияқты зат бөлігіне тігіледі. Оюластырып кестелеу маталарды бөлек-бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бір матаның бетіне екінші матадан тігілген фигура салынып шет жақтары әртүрлі кесте тігістерімен тігіледі. Маржандап, моншақтап кестелеу әйелдер бас киімдеріне, тақия, сәукеле, өңір, қол дорба қамзолдар және сән - салтанатты киімдерді маржандап, моншақтап кестелейді. Кесте тігуге қажетті негізгі құрал – жабдықтар - инелер, дөңгелек және төрт бұрышты кергіштер, қайшы, оймақ, түйреуіштер, жіптер, маталар.
Қазақ халқының қолөнер түрлері Зергерлік өнер Ұсталық өнер Ісмерлік өнер Шеберлік өнер Халықтық көзқарастан туған ою-өрнектердің қалыптасуы кезеңдерінен бастап даму жолын өнер танушылар ғылыми түрде мазмұнына қарай 8 –топқа бөлген. Біз соны жіктеп 4- топқа бөлдік. Ою-өрнектердің топтасуы
Космогондық ою-өрнектер:Көк әлеміне байланысты: ай, күн,айшық,жұлдыз, жарты ай,кемпірқосақ. Геометриялық ою-өрнектер: Қос, дөңгелек, ромб, сүйір, тұмарша, шеңбер Табиғаттық ою-өрнектер: Жер-су, гүл, жапырақ, бүршік, ирексу, жауқазын, су өрнегі, үзілмес, құстар, құс қанаты, құс тұмсық, қаз табан, қаз мойын “Ою”- дегеніміз бедері түсірілген үлгіні ойып кесіп , қиып немесе екі затты оя кесіп қиюластыруды айтады. “Өрнек”- дегеніміз бұйымдарға бейнеленетін бедер түрлері. “Композиция “ –дегеніміз, бұйымның белгілі ырғақ үйлесімімен орналасуы. “Ритм” /ырғақ/ -өрнектердің бір элементінің қайталанып келуі. “Қошқар мүйіз оюы. Ұлттық бұйымдарды өрнектеуге қолданылған. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан халық арасында қолөнер бұйымдарын көркемдеуге мүйіз тектес өрнектер кеңінен тараған. Қошқар мүйіз оюы молшылық, байлықтың нышанын белгілейді. “Құс қанаты”. Құстар әлемін бейнелейтін ою-өрнектер тобына жататын ою-өрнектің бірі — “Құс қанаты”. Бұл өрнекті үйдің ішкі бауларын, тұскиізге пайдаланылады. Кейбір тұрмыстық заттар салатын аяққап, шынықаптың беткі жақтарына жапсырылады. Бүгінгі заман талабына сай қыздар жасауында махаббат көрпесіне, тұскиіздерге түсіріледі. “Құс қанаты” оюы еркіндіктің нышаны, өмір жолында кедергі болмасын құстай самғасын деген мағынаны білдіреді. Түстер бойынша мағлұмат
Ақ түс Шындық, адалдық, Пәктік Қызыл түс Оттың нышаны, күннің шапағат сәулесі Көгілдір түс Ашық аспан, әлем тыныштығы бейбітшілік нышаны Көк түс
Тыныштықпен молшылықтың белгісі, денсаулық пен өсіп өну нышаның белгілейді Негізінен бояу түстер әр нәрсені әшекейлеу ғана емес , адам баласының баяндылығының, арман тілекпен өмір кешетін, адам мен табиғат арасындағы,эмоциялық сезім, эстетикалық тәрбиені білдіру. Айтылмаған сырды, идеялық әуенмен , баянды таныту.
Тәжірибелік іс-әрекет. “Әжем үйреткен қол өнер”(практикалық жұмыс)
Сарамандық жұмыс. Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. 1. Инені аузыңа салма 2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды. 3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды. 4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме. 5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды. 6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме. Нұсқау карта р/с Жұмыстың орындалу реті Керекті заттар 1. Матаны кергішке керу 2. Матаға өрнекті салу 3. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу 4. Ішкі жағын әртүрлі жіптермен толтыру Кергіш, мата 5.Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы 1 - кезең. Тышқан із тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз. 2 - кезең. Шалып торлаудың түрлері. 3 - кезең. Таңдай тігіс әдісімен тігілген қабырға кесте. 4 - кезең. Жіп салып тігу. 5 - кезең. Айқас тігісімен тігу.
Бағалау Үйге тапсырма.“Іздену тенденциясы” Қазақ халқының ұлттық ою өрнектерін оқып үйрену. Шығу тарихы туралы іздену жұмыстарын жүргізу. Ою – өрнектерді ою.
Іздену тенденциясы бөлімі “Оюларда сөйлейді” Сабақты бекіту Венн диаграммасы Еліміздің белгілі суретшісі Әбілхан Қастеев бұл өнерді қайдан үйренді деген сауалға: Таудың бұлағынан Қойдың құлағынан Апамның киізінен Ешкінің мүйізінен үйрендім деп жауап берсе,білікті сурет шебері
Оюшы Сапар Төленбаев Ұшқан құстың қанатынан Ұйытқыған судың толқынынан Даланы еркін шапқан жылқыдан Әлемге шапағатын шашқан күннен үйрендім деп жауап берген екен.