??ра? ??рау б?л аса шеберлікті,шыдамдылы?ты ?ажет ететін ?ол?нер т?рі.
Бізді? ?аза? тілінде ??ра? с?зіні? екі ма?ынасы бар.Біріншісі,к?лді? жа?асында ?сетін ?сімдік ??ра? десе,екіншіден,мата ?иындысынан жасалатын б?йымды ??ра? дейміз.Я?ни, ??ра? дегеніміз шы?ынсыз ?нім жасауды? бір т?рі.Негізінен ??ра?ты? 200-ден аса т?рі бар.Соны? ішіндегі бізді? та?да?анымыз т?ртб?рыш пен ?шб?рыш ??ра?ы.
3.Құрақ құрауда түстер үйлесімділігінің қандай маңызы бар?
4.Құрақ жасау үшін қандай құрал-жабдықтар қажет?
5.Құрақтың тұрмыста алатын орны қандай?
6.Құрақ қандай геометриялық фигуралардан тұрады?
ІІІ.Жаңа сабақ:
Құрақ құрау бұл аса шеберлікті,шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі.
Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар.Біріншісі,көлдің жағасында өсетін өсімдік құрақ десе,екіншіден,мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейміз.Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар.Соның ішіндегі біздің таңдағанымыз төртбұрыш пен үшбұрыш құрағы.
Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесі
-Инені киімге қыстыруға болмайды.
-Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.
-инені жіпсіз тастауға болмайды.
-Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
-Қайшыны ашық тастама.
Құрақ геометриялық фигуралар арқылы құралады.Осы фигуралар арқылы мата бетіне түсіріп,қырқып аламыз.Екі бөлектерін бір-бірімен беттестіріп тігіледі.Бөпіктерді екі-екіден бөлектерді беттестіріп тікке соң,жан-жағындағы бөліктерді біріктіріп тігеміз.
Қазақ халқының дәстүрінде шеберлік құрақ құраумен ғана емес сөз жарысындада байқалады.Олай болса,мына мақал-мәтелдерді шешейік.Жалғасын табайық.
1. «Өнерлі болу зинет
Өнерсіз болу...» (бейнет)
2. «Әке-асқар тау.
Ана-...(бауырындағы бұлақ)
Бала...».(жағасындағы құрақ)
3. «Жеті рет өлшеп,..»(бір рет кес)
4. «Рақаттың түбі кеңіс,
Еңбектің тубі...» (жеңіс)
5. «Шебердің инесі де
Күймесі де-...» (алтын)
6. «Ағаш көркі жапырақ,
Адам көркі...» (Шүберек)
7. «Шебердің қолы ортақ,
Шешенің тілі...»(ортақ)
8. «Шешеннің сөз мерген.
Шебердің...мерген» (көзі)
9. «Байлықтың атасы-еңбек,
Анасы-...»(жер)
10. «Істегенің еліңе жақсы
Үйренгенің...жақсы»(өзіңе)
11. «Еңбекке үйренем десең,ерінбе,
Өнерге үйренем десең...»(жерінбе)
12. «Еңбек қылсан ерінбей,
Тояды қарының...»(тіленбей)
Мақал-мәтелдерді айтып кеттік,енді құрақ дегеніміз әр елде әр қалай айтылады,соны айтып кетсек.
Қазақ тілінде құрақ құрау өнері-...(құрақ)
Орыс тілінде құрақ құрау-...(лоскутное шитье)
Жапон тілінде құрақ құрау өнері-...(сашико)
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері-...(пэчворк)
ІҮ.Сабақты қорыту.
Аналар өз қолдарымен қыздарына құрақ көрпе жасаған.Біріншіден,құрақ құрау қаңдай да бір үнемшіл бол,бірді екіге құрай біл десе,екіншіден,әлем ақыл,сана,мейірімнен құралғанын түйсіндіру.Бүгінгі бойжетке -ертеңгі ана,ендеше халқымыздың салт-дәстүрінің қаймағын бұзбай,келер келешекке жеткізетін де өздеріңіз.Енді өздеріңіз құрақтың түр-түрін тіге аласыздар.
Ү.Үйге тапсырма.
Құрақты аяқтап тігу,Қиялдарынңыздағы құрақ түріне мата,ине-жіп алып келу.
ҮІ.Оқушылардың білімін бағалау.
Оқушыдардың сабаққа белсене қатысып,сұрақтарға жауап беруіне және сарамандық жұмыстарына қарай білімдерін бағалау.