kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

То?у ?неріні? элементтері мен ??деу технологиясы. То?у?а арнал?ан иірім жіп, сым т?рлері. Схемамен ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Хал?ымызды? ?мытылып бара жат?ан м?дени м?расы - то?ыма ?нерін жа??ырту ж?не хал?ымызды? ежелден келе жат?ан к?не же, ізгі д?ст?рі ар?ылы ?азіргі заманымыз?а лайы?ты сапа т?р беріп, с?ндік ?ол ?нерді дамыту.

О?ушыларды? ой- ?рісін, к?ргендерін есте са?тап, оны ?айта жа??ырту?а, ?семдікке, ??ыптылы??а,е?бек с?йгіштікке ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«То?у ?неріні? элементтері мен ??деу технологиясы. То?у?а арнал?ан иірім жіп, сым т?рлері. Схемамен ж?мыс»




Уақыты:22.02.16


Пәні Технология


Класы 7 класс


23

Сабақтың тақырыбы

Қолөнердің шығу тарихы. Ілмек бізбен тоқу технологиясы. Жіп түрлері. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі

Сабақтың мақсаты

а) Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.

ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке үйрету
б) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.жатқан көне де, ізгі


Күтілетін нәтиже

  • Қазақтың қолөнері туралы хабардар .

  • Тігін шеберханасында ескерілетін ТҚЕ біледі

  • Жұмыс орнын ұйымдастыра біледі .

Кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Қолданылатын

әдістер

ресурс

Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу,түгелдеу;

  • Үй тапсырмасын сұрау

Дайындаған бұйымды тексеру .


- Класты топтастыру

Білетін мәлеметтерін айтады


Практикалық жұмыстарын көрсету

сұрақ-жауап

диалог Сто тапсырмалары

Практикалық жұмыс

Технология оқулықтары

Интернет

Қызығушылығын ояту

Ілмек бізбен тоқылып жасалынған бұйымдарды көрсету

Мұғалімге арналған мазмұндық бөлім
























Практикум






Кіріспе бөлім Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.
Негізгі бөлім Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері. Зығыр,мақта иірімжібі, мохер ,жүн иірімжібі, ангор ,кашемир , альпак , вискоза ,фасонды иірім жіп.
Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.
Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.
Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі
30мм.
Тоқыма үшін қажетті құралдар: 1. Біз.2. Жіп
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:
1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.
3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.
Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.
Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады.
Негізгі шалулар Ілмек бізбен іліп тоқу
Ілмек бізбен іліп тоқу технологиясы
Қолды дұрыс ұстау
Шалманың пайда болуы
Жарты бағанша немесе біріктіргіш бағанша
Шалмасыз бағанша
Шалмалы бағанша
Екі шалмалы бағанша
Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу
Айналдырып шеңбер жасай тоқу.
Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері – бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша, пико, жарты бағанша және т.б.
Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді

Қажетті жіп түрлері Тоқуға қажетті ілмек сымдар

Ілмекпен тоқу әдістері


Сергіту сәті

Физминутка

Сабақтың қорытындысы

Қандай қолөнер түрлерін білесіздер? Тоқыма бұйымдарын жасау үшін қандай құрал жабдықтар қажет? Жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?

Ой толғаныс

Жасаған жұмыстарын тексеріп қателіктерін ескерте отырып бағалау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: Нургалиева Клара ?уандыковна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312409


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства