kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеу принципі. Машина инесінің құрылысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға тігін машинасының құрылымы,қызметі,жұмыс істеу принциптері,.машина  инесінің құрылысы туралы мағлұматтар беру.

-Жұмыс істеу кезінде жадының,зейінінің, дербестік қасиеттерінің дамуына жағдай жасау.

-Тігім жүргізу кезінде ұқыптылыққа,зейінділікке,тігін машиналарын күтіп ұстауға, жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеу принципі. Машина инесінің құрылысы.»

Ембі қалалық № 2 орта мектебі ММ

Технолгия пәні мұғалімі

Урынбаева Асия Калдыбаевна


Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеу принципі. Машина инесінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: -Оқушыларға тігін машинасының құрылымы,қызметі,жұмыс істеу принциптері,.машина инесінің құрылысы туралы мағлұматтар беру.

-Жұмыс істеу кезінде жадының,зейінінің, дербестік қасиеттерінің дамуына жағдай жасау.

-Тігім жүргізу кезінде ұқыптылыққа,зейінділікке,тігін машиналарын күтіп ұстауға, жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:СТО жобасы бойынша

Сабақтың барысыҚызығушылығын ояту этапындаББҮ стратегиясын қолдану.

-М. Оқушылар біз биылғы оқу жылында еңбекке баулу сабағында қандай тарауларды өттік?

-О. Тамақ әзірлеу технологиясы, үй мәдениеті,мататану тарауларын және қол тігістері туралы өттік.

-М. Жақсы.Ендеше сіздер үстеріңіздегі киімнің қалай дайындалатынын білесіңдер ме?

- О. білеміз.

-М.Матаның қалай дайындалатынын,қол тігістері туралы білсек, енді сіздердің алдарыңыздағы қағаздағы 2 графаны толтырыңыздар.

Білемін

Білгім келеді?

Үйрендім




Бүгін тағы бір үлкен тарау машинатану тарауына тоқталамыз.

ІІ.Мағынаны тану этапындаЖиГСО стратегиясын қолдану.

Класс төрт топқа жетон арқылы бөлінеді.

І топ –Қолжетекті машина тобына «Тігін машинасының жетегі» мәтіні беріледі.


Тігін машинасы- тоқыма материалдары мен тері киім,аяқ киім, төсек-орын тысы, орамал және т.б.тігін бұйымдарын тігуге арналған құрылғы. Олар тұрмыстық және өнеркәсіптік болып екіге бөлінеді.Машинасының тетіктерін – бұл материалдарды, энергияны өңдеуге арналған, механикалық жасайтын құрылғы.Алдымен қолмен тігетін машиналар,

кейіннен аяқ жетегіндегі машиналар пайда болды.

Тігін машинасының жетегі- тігін машинасының

тетіктерін қозғалысқа келтіретін құрылғы.Қол жетегіндегі машинамен тігіс тігудің жылдамдығы жоғары болмады. Аяқ жетегіндегі машиналарда басқышқа (аяқпен) қысымды күшейту арқылы тігістің жылдамдығын жоғарлатады.Ал қазіргі машиналардың

ерекшеліктері:

  • матаны жылдам(автоматты) түрде жиырады;

  • ілмектерді өңдейді;

  • түймелерді қадайды;

  • кестелейді;

  • түрлі-түсті жіп сабақталған екі инемен қатар тіге алады.

ІІ топ-Электржетекті машина тобына

«Электржетегінің құрылысы, жұмыс механизмдері» мәтіні беріледі.


Электр жетегі электр қозғалтқыштан(3),тегершіктен (4), белдіктен(5), қосқыш табаннан тұрадыМашина аяқпен қосқыш табанды басқан кезде жұмыс істей бастайды. Айналма дөңгелек (маховоеколесо) машина корпусының ішінде орналасқан бас білікпен қосылған.Жұмысшы механизмдер мен ине механизмі бас біліктің айналуы есебінен қозғалады. Машинамен жұмыс істеу кезінде қосқыш табанды жайымен басу керек. Электр жетекті машина тез жүрісті және оңай басқарылады.

Тұрмыстық тігін машинасының негізгі міндеті- матадан бөлшектер тігу. Машиналық тігісті жұмысшы органдар-ине,табанша(лапка), мата жылжытқыш,шөрнек,жіптартқыш орындайды.Олардың әрқайсысы әлдебір жұмысшы механизмнің бөлігі болып табылады. Басқыш табанша мата жылжытқыш механизмінің бөлігі болып табылады.Барлық механизмдер жетекші құрылғыға жалғасатын бас білікпен қосылған.

ІІІ топ -Аяқжетекті машина тобына


«Тігін машина реттегіштері» мәтіні беріледі.Өте жұқа маталарды майда тігіспен,ал тығыз әрі қалың маталарды ірі тігіспен тігеді.Сонымен қатар сәндік тігістерді,матаны бүрмелеу тігісін жүргізгенде реттеуіштің көмегімен қалаған тігіс ұзындығын таңдап аламыз.

1- тігін машинның тірегінде орналасқан,оның көмегімен тігіс ұзындығын 0-ден 6 мм-ге дейін ауыстыруға болады.

2-жоғарғы жіптің тартылуын күшейтеді немесе төмендетеді.

Тігіс ұзындығы мата қалыңдығы мен тігіс түріне байланысты.

Жіптің тартылуын реттеу. Тігін машинасында тігіс үстіңгі (ине) және астыңғы(шөлмек) жіптердің айқасуынан пайда болады. Үстіңгі жіпті өткізгенде, жіп екі дөңгелектің,яғни үстіңгі жіпті тартып тұратын шайбаның арасынан өткізіледі,ал астыңғы жіпті шөлмектің қақпағындағы жіпті тартып тұратын серіппеден өткізеді.

Үстіңгі жіп реттеуіш тігін машинасының жеңінде орналасқан.сурет Реттеуіштің көмегімен жіпті босатып немесе қатты тартып, реттеуге болады. 81 сурет1- винтті тығырық;2-теңгермелі серіппе;3-жіп тартқыш шайба; 4-тарту шайбалары;5-қалпақ;6- тарту серіппесі; 7-бұрандалық.

Астыңғы жіп реттеуіштегі,шөлмек қалпағынан бос шығып тұрған жіпті тартып көру арқылы жіптің бос немесе тығыз тартылуын байқауға болады.

Астыңғы жіпті реттеу.Үстіңгі және астыңғы жіптерді дұрыстап реттемесе,тігіс сапалы болмайды. Жіп жақсы реттелмеген жағдайда. Тігістің үсті немесе саты ілмектеле береді,ол,әрине ,тігіс сапасын төмендетеді.


ІV топ-Машина инесі тобына тігін машина инесінің құрылысы туралы мәтін беріледі.

Машина инесінің де қол инесі сияқты әр түрлі нөмірі бар.Басты міндеті –тігіс жүргізу.1-ине басы;2-жалпақ жоны;3-ұзын науашасы;4-жүзі;5-көзі;6-ұшы;7-ойығы;8-қысқа науаша.

Ине жылтыр болат темірден жасалады,оның жуандығы біркелкі болмайды.Ұшы жіңішке,үшкір де,жоғарғы жағы жуан,бір беті тегіс келеді.Иненің жуан бөлігін колба деп атайды. Колбадан төменұшы үшкір стержень жалғасқан. Стерженьнің ең үшкір ұшында иненің көзі орналасқан. Стержень ұзын және қысқа ойықтардан тұрады. Ұзын ойықта жіп тұрады,ол иненің жүрісі кезінде жіпті үйкелеуден сақтайды. Жіпті ұзын ойық жағынан сабақтайды.Иненің конструкциясын Америкада ХІХ ғасырдың 30 жылдарында ойлап тапқан.Иненің нөмірін мата түріне қарай таңдайды.Жұқа маталар жіңішке инемен,яғни 70-80-90 нөмірлі,ал қалың маталарды жуан,100-120 нөмірлі инелермен тігеді.

Матаның түрі

Иненің нөмірі

Мақта жіптің нөмірі

Жібек жіптің нөмірі

Жұқа бәтес,жібек

70

80

75

Сәтен,шыт,жібек

80-90

60-80

65

Қалың мақта мата,бәмәзи,бөз,жұқа жәнеқалың жүн маталар


90-100


50-60


65

Костюмдік жүн маталар,тик.


100


40


65

Қалың жүн маталар,драп

110-120

30

33


- М.Мәтінді оқу үшін 7минут беремін. Осы уақытта алдарыңыздағы мәтінді жақсылап оқып,қазір жанұяларыңызға барғанда осы ақпаратты жақсылап жеткізе алуларыңыз керек.

Негізгі түсінік

Қосымша түсінік



Негізгі түсінікке өздеріңнің алған мәліметтерің, ал қосымша түсінікке алған мәліметтерің жазылады.Оқушыларды өз жанұяларына қайтарып,алған мәліметерін,жұппен, топпен бөлісуі керек. Орталарынан 1 оқушы сабақ айтады.Әр топ бір-біріне жіңішке және жуан сұрақтар қоюға дайындалуы керек.

ІІІ. Ой толғанысэтапында ББҮ стратегиясының 3 графасын толтырамыз.Ол «Үйрендім» оған бүгінгі сабақтан не үйренгендеріңді жазыңыздар.Енді сабаққа қатысқан оқушыларды бағалайық.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеу принципі. Машина инесінің құрылысы.

Автор: Урынбаева Асия Калдыбаевна

Дата: 15.03.2017

Номер свидетельства: 400416


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства