kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Технология саба?ында ?лтты? ?ол ?нерді ?йретуды? т?рбиелік м?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? 2005-2010 жылдар?а арнал?ан білім беруді дамытуды? мемлекеттік ба?дарламасында орта білім беруді? ма?саты – ал?ан білімні? к?сіби да?дыларыны? негізінде ?згермелі ?мір жа?дайында еркін ба?дарлай алатын, ?зіні? білімін іске асыру?а, адамгершілік т?р?ыдан ?з бетінше шешім ?абылдау?а ?абілетті т?л?а т?рбиелеп шы?ару к?рсетілген. Жалпы білім беретін мектепті? ма?саты – жас ?рпа?ты ?лтты? игіліктер мен адамзат м?расыны? саба?тасты?ын са?тай отырып, т?рбиелеу ж?не ?рбір ш?кіртті т?л?а деп санап, оны? жан-жа?ты дамуына м?мкіндік жасау болып табылады. Б?л ма?саты ж?зеге асыру ?шін технология саба?ында о?ушы санасына ту?ан хал?ына деген ??рмет пен ма?таныш сезімін ?ялатып, ?лтты? рухты енгізу ж?не ту?ан хал?ыны? м?дениетін ??рметтеуге т?рбиелеу м?мкіншілігі мол

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Технология сабағында ұлттық қол өнерді»


Технология сабағында ұлттық қол өнерді
үйретудың тәрбиелік мәні.

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты – алған білімнің кәсіби дағдыларының негізінде өзгермелі өмір жағдайында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, адамгершілік тұрғыдан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару көрсетілген. Жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл мақсаты жүзеге асыру үшін технология сабағында оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты енгізу және туған халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мүмкіншілігі мол.
Мектепте технология сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетті айналу үшін еңбек ету талабын қалыптастырудың зор маңызы бар. Бұл міндет адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігі мен мүддесіне сай келетін және моральдық қанағаттану сезімін беретін іспен шұғылданып жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу – еңбекті дұрыс таңдап алумен тығыз байланысты. Еңбекке шығармалышық тұрғысынан қарау ғана еңбекті тек жасау мен материалдық игілік алудың құралынан, ортақ рухани және ең алдымен адамның адамгершілік дамуының құралына айналдыра алады.
Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулумен қатар ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен іске кіріседі.
Технология сабағының мақсаты: қолөнердің барлық салаларын бағдарламаға енгізіп, ұлттық педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен өнегелі тәрбие берудің тиімділігің көрсету.
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үй сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде ер адамдарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап, оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына жоғары талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа неше алуан түрлері жасалып отырды. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру ісін кейбір шеберлер қолға ала бастады. Бұл - өте игілікті іс. Оны ары қарай жаппай дамыту қажет.
Көпшелі өмір салты мен өнеркәсібі тудырған негізгі дүниенің бірі –киіз үй. Бәрі де - өнеркәсіптік құралжабдықтар да, олар шығаратын бұйымдар да, осы бұйымдардың әсемдігі де киіз үйдің айналасына жинақтылғын. Міне, осылай киіз үйдің жиһаздары, кілемдер, тұскиіздер, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар, баубасқұрлар, қайталанбастай болып әсем бұйымдар пайда болған.
Жүн өңдеумен әйелдер ғана айналысқан. Қазан төңкерісіне дейін осының бәрі мүлтіксіз сақталып отырды. Нағыз көркем еңбек болып табылатын әсем сазды әуенге толы ою-өрнекпен көмкерілген халықтық шығармашылық бүкіл елге тән болатын.
Төрт түлік малдың жүні халықтың өмір тіршілігінде үлкен рөл атқарған және оны ұқсатуды бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен ең қажетті мүліктер жасалған. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы, бұйымдар жасуға ең көп пайданылатын түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Халқымыздың дәстүрінде киім-кешек пен төсек орын жабдықтары, қалыңдық пен күйеудің баскиімі, белбеуі киімнің жең-жағалары мен балақтары әр түрлі жамылғыштар мен киімдер және басқа да осы сияқты жол-жорық, үй-іші мүліктері кесте өрнегімен жиі безендірілген.
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасындағы еңбек тәрбиесіне негізделген. Кәсіп пен өнердің түрлері олар үшін күнкөріс көзі ғана емес, рухани қажеттілік тәрбие құралы да болған. Отбасындағы еңбек тәрбиесі екі түрлі мақсатқа: баланы еңбек етуге қабілет-икем дағдысын дамытуға немесе, сол негізінде оның бойында халықтық ізгі қасиеттерді дарытуға бағытталған. Балалардың отбасындағы еңбек дағдыларын одан әрі дамытуда елге танымал өнер мен кәсіп шеберлерінің халықтық тәрбиеші ретіндегі тәрбиелеу ықпалы зор болған.
Қорыта айтқанда, ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ол ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Технология саба?ында ?лтты? ?ол ?нерді ?йретуды? т?рбиелік м?ні

Автор: Джумагалиева Рая

Дата: 10.03.2015

Номер свидетельства: 184050


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства