Просмотр содержимого документа
«Техникалық лекало дайындау. Шалбарды модельдеу.»
Сабақ №16 сыныбы: 9а, б, в, г, д, е. Күні: 25.12.2015 Сабақтың тақырыбы: Техникалық лекало дайындау. Шалбарды модельдеу.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға шалбарды модельдеу туралы түсінік беру Дамытушылық: Көркем модельдеу мен техникалық модельдеу туралы мағлұматтарын дамыту. Тәрбиелік: Араласу және топтағы жұмыс дағдысын қалыптастыру.
Оқыту әдістері:түсіндірмелі, индуктивтік, зерттеушілік, репродуктивтік.
Сабақ түрі: аралас сабағы.
Көрнекілігі: үлгілер, сызбалар, сызу құралдары
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Журнал бойынша түгелдеу.
Сынып тазалығын қадағалау
Сұрақ — бізден, жауап — сізден
Шалбар түрлері қандай?
Күліш шалбар қай ғасырда, қай жылдары сәнге шыққан?
Қазір қандай шалбар киеді?
Жаңа сабақ тақырыбы: Шалбарды модельдеу.Слайд көрсету.
Көркем модельдеу
міндеті;
атауы;
мата;
силуэт;
стиль;
бөлшектерінің ерекшелігі;
өңдеу;
кімге,не үшін, неден;
Техникалық модельдеу
модельдің сыртқы түрін зерделеу;
модель материалының қасиеттерін зерделеу;
базалық лекалоларды таңдау;
Сызбаға фасондық сызықтар түсіру.
Шалбар түрлеріне талдау жасау.(слайд бойынша)
Білгенге маржан. Капри шалбарының авторы – дизайнер Соня де Леннарт, ал аты алғаш рет көпшілікке көрсетілген Капри аралына байланысты.
Галифе –мықын жағы кең, тізеден төмен қарай тар шалбар.Милитарлық стиль (әскери)
Плаццо-шалбар (белдемше –шалбар)
Шаровар сусылдаған жұмсақ матадан тігіледі, ұзына бойына кең, тобыққа келгенде тар.
Гольф –шалбар(ағылшын -спорттық ойында киетін шақпақ матадан тігіледі)ХХ ғасырдың 20 жылдары сәнге спорттық киім ретінде енген.
Сарамандық жұмыс.
Таңдаған шалбар үлгісінің көркем модельдеу және техникалық модельдеу бойынша эскиздерін сызу.