Сабақ әдістері: түсіндіру, практикалық жұмыс Пәнаралық байланыс: пәнмен, сурет Құралдар: оқулық, қосымша материал
Жабдықтар: ұзындығы, ені әр түрлі таспа, қайшы, ине.
ТҚЕ: қайшы, ине.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа сабақ
4. Практикалық жұмыс
5. Бекіту
6. Үйге
7. Бағалау Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Әдемі ерекше жасауды талап ету.
2.Ұқыптылықты, дәлдікті және күшті болуды тексеру.
3. Жаңа сабақ:
1. Ежелгі Грецияда гүл шоғын тоқу өнері кеңінен етек алған, ежелгі гректер үшін ең таңдамалы да сүйікті гүл – раушан, оның күлте жапырағы жеңімпаздар жолына төселген.
Ежелгі Греция әйелдері бейнесін көріктендіру үшін өз шашына мата таспаларын тағатын. Ежелгі Римде шашқа алтынмен, бағалы тастармен әшекейлеген таспалар тағылатын. Орта ғасырларда Италияда таспалармен орындықтардың арқалықтарын әшекейлеген және де қыстың күні суықтан қорғау үшін терезеге ілінетін ауыр перделерді байлап қоятын болған.
ХІV ғасырда жібек таспалар тұрмыста кеңінен пайдаланыла бастады. Европаның оңтүстігінің табиғаты және Лионда тоқу ісінің дамуы қымбат жібек жібін шығаруға жағдай жасады. Француз корольдігінде мырзалар алтынмен оқаланған немесе парша таспалармен әшекейленген, жайнаған киімдермен сәнденді. Ол киімдер иесінің тегіне және алатын орнына сәйкес болып отыратын.
1446 жылы Людовик ХІ ғасырда Лионның тұрғындарын өз ісіне үйрету үшін Италия тоқымашыларын шақырды. Бұл ойдан ештеңе шықпады, бірақ қалаға жібекті өңдейтін, жібек таспалар дайындайтын станоктар әкелінді. Таспаға сұраныс арта түсті, Лион ірі текстиль орталығына айналды.
1560 жылы мұнда жібек таспа және әр түрлі нәрсе дайындайтын елу мың тоқымашы болды, ал оңтүстікке қарай 45000-ға жуық тоқымышы болды. ХVІІІ ғасырдың басында әдемі таспалармен әшекейленген киімдерге сұраныс көбейе түсті.Фрация королі Людовик ХІV ғасырда қымбат тастар тағылған жібек таспалармен өз киімін ғана емес, аяқкиімін де әшекейледі және сарай адамдарын ерекше, талғаммен киінуге шақырды.
Француз королі Людовик ХV ғасырда тігуді өте қатты ұнататын, соған байланысты ол әйелдерге өз қолымен жасаған әдемі заттарды сыйлайтын. Ол кезде көйлектер бос және кең болды және олар қымбат таспалармен әшекейленген. Дәл осы кезде Фрацияда жібек таспамен кестелеу пайда болды.Алдымен танымал ханымдар көйлектерінің кеуде жағын майда раушан гүлдермен, көптеген інжу және хрусталь шашылған гүлдермен безендірді. Содан кейін іш киімнің уақыты келді. Патша сарайына арнап тігетін сән үйлерінде жәй ғана иненің және таспаның көмегімен нағыз өнер туындыларын жасап отырды. Қазір олар Лондоннан Преторийге дейінгі бар әлемнің мұражайларында тұр.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықтың қолөнеріне қызығушылығы төмендеді. Бірақ соңғы екі онжылдықта бұл өнер қайта өрлей бастады. Қызығушылық пайда болып, содан кейін бұл өнер өзінің барлық жан – жақтылығымен жарқырай бастады. Себебі жібек таспамен тігу өте қызықты және де көп шығынды қажет етпейді және де мұнда баршаға белгілі әдістері қолданылады. Біз бүгін жібек таспаның түбегейлі басқа жағдайда қолданылуымен танысамыз. Халық мақалында айтылғандай: «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» - деп қыз баласын гүлге теңей отырып, қызды құрметтеуге, гүлді баптауға тәрбиеленген. Сонымен бірге, гүл сыйлау, сыйлық жасау, жақын досынан сыйлыққа гүл алу ішіңді жылытып көңіл күйіңді көтеріп, өзіңді өзің сыйлауың артады. Біздің мақсатымыз негізгі таспадан жасалған гүлдер композиция жасау болғандықтан бірінші гүлдерін әзірлеп алуымыз керек. Таспадан гүл жасау өнер түрін «канзаши» деп аталады.
4. Практикалық жұмыс: Таспадан гүл әзірлеу технологиясы жұмыс жасау.