kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сүтпен пісірілген ботқалар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сүтпен пісірілген ботқлар. Сүтпен түрлі жармалар арқылы ботқалар әзірлеу технологиясы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сүтпен пісірілген ботқалар.»

Сабақ тақырыбы:

Сүтпен пісірілген ботқалар

Мектеп:

№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі

Сынып: 6

Мұғалімнің есімі: Искакова Шолпан

Күні: 6Д -28/10, 6Ә-7/11, 6Г,А-9/11, 6Б,В-10/11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

Сүтпен пісірілген ботқаларды әзірлеуді біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Берілген тағамға сәйкес консистенциясын сақтай алады

Кейбір оқушылар:

Сүт өнімдерінен пісіру арқылы тағам (пудинг) дайындауды біледі

Жетістік критерийлері

-Сүт ботқалар әзірлеу технологиясын біледі

-Сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдарға түрлі жылумен өңдеу тәсілдері қолданылатынын түсінеді

-Сүттен тағам әзірлей алады

-Тағам сапасына талдау жасай алады

-Балалар және диеталық тамақтануда сүт аса бағалы тамақ екендігін ажырата біледі

-Өзінің және өзгенің жұмысын бағалай алады

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сүт өнімдері, сүттен сұйық, қою, тәтті, қышқыл, жұмсақ, қатты т.б тағамдар дайындайды

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

-Сүт және сүт өнімдерінен қандай тағамдар дайындауға болады?

-Сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдарға жылумен өңдеудің қандай түрлері қолданылады?

-Сүт өнімдерінен әзірленетін тағамдардың сапасына қандай талаптар қойылады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сүттен тағам әзірлеуді үйрену

Құндылықтарды дарыту

-Басқалардың ойы мен пікірін құрметтеу

-Оқушылар арасында жақсы қарым-қтынас орнату

-Басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап, ойын жеткізе білу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, биология, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны пайдаланады

Алдыңғы оқу

Жармалар, бұршақтұқымдастар, макарон өнімдері, сүт және сүт өнімдерінің түрлерімен,олардың тамақтанудағы маңызымен танысты

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Басталуы

7минут


1.Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқу құралдарына және көңіл-күйлеріне назар аудару. Сергіту сәті «Жылы лебіз»

Мақсаты: оқушылардың бір-біріне жақсы қасиеттерін айтқыза отырып, достық қарым-қатынастарын нығайту, топтық жұмыста жағымды қарым –қатынасты орнату


2. «Сиқырлы қадам», өтілген тақырып бойынша сұрақтарға оқушылар таяқшаны бір-біріне беру арқылы жауап береді.

Мақсаты: өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін байқау


3. «Синкуейн» әдісі «Сүт» сөзіне құрстыру

Мақсаты: өтілген тақырыпты пысықтау


Ортасы


28минут


4. «Көрнекілік әдісі»

Тақтаға сүт өнімдерінің суреті ілінеді. Дәптерге екіге бөлініп кесте сызылады. Бірінші бағанға сүт, сүт өнімдерінің ерекшелігін, екінші бағанға сүт, сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдарға қойылатын талаптардың ерекшелігі жазылады.

Мақсаты: тақырыпты меңгерту

5. Сарамандық жұмыс.

Сүтпен пісірілген ботқа әзірлеу.

-Қауіпсіздік ережесін қайталау

-Жарманы қайнап жатқан суға себелеп салу, жартылай пішкенше қайнату

-Сүтті бөлек қайнатып, пісіп тұрған жармаға құю

-Тұз бен қантты татымына қарай қосу және баяу отта дайын болғанша пісіру


6. «Аквариум» әдісі»

Сыныптың ортасынан бір оқушы өз жұмысын ұсынады, қалғандары бақылайды, ескертпелерді түртіп алады, толықтырады, ұсыныс пікір қосады.

Мақсаты: тақырыпты меңгергендіктерін тексеру


Аяқталуы

5минут


7. Үй тапсырмасын беру:

8.Рефлексия.

-Бүгін не оңай болды?

-Нені көп білдім?

-Бүгін неден қиналдым?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Сүтпен пісірілген ботқалар.

Автор: Искакова Шолпан

Дата: 29.04.2018

Номер свидетельства: 468005


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства