kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Соусты? (т?зды?) негізгі т?рлерін дайындау технологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л технология п?ніні? саба? жоспары. 9 сыныптарда ?теді. Саба? жоспарында т?зды?тарды? т?рлері ?арастырылады. о?ушылар топ?а б?лініп ж?мыс істейді.

 1 – топ: «А?тар» тобы а? негізді т?зды? даярлайды. Азы? – т?ліктер: 1 ста?ан ет сорпасы, 2 ас ?асы? ?н, 1 ас ?асы? сары май, ?ажетінше т?з.

 2 – топ: «?ызана?» тобы ?ызана? т?зды?ын а? т?зды? негізінде дайындайды.  Азы? – т?лік: шала ?уырыл?ан тамыр саба?, 1 дана пияз, жарты ас ?асы? ?ант, лимон, т?з, б?рыш (?ажетінше). 

міне осы саба?та о?ушылар ?здері т?зды?ты дайындайды, дайын т?зды??а  ба?а береді.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Соусты? (т?зды?) негізгі т?рлерін дайындау технологиясы »

Алматы облысы. Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы

№10 орта мектеп-гимназиясы

Технология пәнінің мұғалімі

Шукеева Гульбану Кенжебекқызы

Сабақ №1

Сынып: 9 а, ә. күні: тексерілді:

Сабақ тақырыбы: Соустың (тұздық) негізгі түрлерін дайындау технологиясы.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға тұздық түрлері туралы мағлұмат беру, дайындалу

технологиясын үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың тұздық даярлауға деген қызығушылығы мен

құштарлығын ояту;

Тәрбиелік: оқушыларды жүйелі еңбекке баулу, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: нұсқау карта, суреттер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыламен амандасу;

ә) сабаққа дайындықтарын тексеру;

б) түгендеу, келмеген оқушылардың себептерін анықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап:

1. Еттен жасалатын тағамдардың классификациясы туралы қысқаша түсініктерін сұрау.

2. Ет тағамдарын кулинарлық және жылылап өңдеу тәсіліне қарай топтарға бөлінеді: (қайнатылған, бұқтырылған, қурылған, көміп пісірілген, шабылған еттен).

ІІІ. Жаңа сабақ. Қысқаша тұздық дегеніміз не? Осыған тоқталып өтсек.

Әлемніңқай бұрышында болса да, дәмді тағам тұздықсыз дайындалмайды. Кез келген кулинарлық анықтамалықтан француз гастраномдары 3000-ға жуық тұздықтың авторы екндігі туралы ақпарат ала аласындар. Жаңадан тапқан тұздықтарға сол елге немесе халыққа байланыстырып ат берген. Осылай француз асханасында «голландық», «португалдық», «итальяндық», «ағылшын», «баварлық», «польшалық» тіпті «татар», «орыс» тұздықтары пайда болды. Бірақ бұл тұздықтардың біреуі де сол елдердің ұлттық тағамдарына ұқсамайды. Тұздықпен тамақ дәмдірек болады, тәбетіңді ашады, сқазан сөлі жақсы бөлінеді. Тұздық – жеке ұсынатын тағам емес, ол тағамға ерекше дәм беретін дәмқосар, онсыз бірде-бір спаз тағам дайындамайды. Тұздық тағамның дәмін кіргізіп, хош иіс беріп, көрінісін әдемілеп, консистенциясын тартымды етіп қана қоймай, ол бірдей азық-түліктен дайындалатын тағам түрлерін өзгерте алады. Шындығында, кез келген еттің, көкөністердің немесе күріштің дәмі қосылғантұздықтың түріне қарай өзгереді. Қосымша сипатына қарай, барлық тұздықтарды екі негізгі топқабөледі: ұн қосылған және ұн қосылмаған. Сонымен бірге тұздықтарды ыстық және салқын тұздықтар деп бөледі.

VІ. Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмыс алдында оқушыларға техника қауіпсіздік ережесін еске түсірейік:

1. Жұмыс алдында электр сымының зақымданғанын тексер.

2. электр құралдарын жүйеге қосқанда және ажыратқанда құрғақ қолмен айырдың сыртынан ұстаңдар.

3. Қосылып тұрған электр құралдарын бақылаусызқалдырмаңдар.

4. Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралдарын сөндіріңдер.

Оқушылар екі топқа бөлініп, технолдогиялық нұсқау қартасы бойынша жұмыс жасайды.

1 – топ: «Ақтар» тобы ақ негізді тұздық даярлайды.

Азық – түліктер: 1 стақан ет сорпасы, 2 ас қасық ұн, 1 ас қасық сары май, қажетінше тұз.

Дайындалу технологиясы:

1. Қыздырылған майда ұнды тез араластыру, жағымды хош иіс шыққанша қыздыру (ұнның түсі өзгермеуі керек);

2. Ет сорпасымен араластыру;

3. Тұз қосып 20 минут қайнату;

4. Тұздықты тұздықтың ыдысына салу.

2 – топ: «Қызанақ» тобы қызанақ тұздығын ақ тұздық негізінде дайындайды.

Азық – түлік: шала қуырылған тамыр сабақ, 1 дана пияз, жарты ас қасық қант, лимон, тұз, бұрыш (қажетінше).

Дайындалу технологиясы:

1. Шала қуырылған тамыр сабаққа, пиязды қосып 30 минут қайнатады;

2. Пісуге жақындағанда қант, тұз, бұрыш, лимон, сірке қышқылын қосады;

3. Тұздықты сүзгіден өткізеді, сүзгіде қалғанкөкөністердітұздықта езіп қайтадан қайнатуға дейін әкеледі, бірақ қайнатпайды;

4. Сары май қосып, тұздықты тұздықтың ыдысына салу.

V. Бекіту сұрақтары:

1. Тұздық дегеніміз не? (қысқаша)

2. Тұздықтарды негізгі неше топқа бөледі? (екі топ: ұн қосылған және ұн қосылмаған)

3. Тұздықтарды неше түрге бөледі? (екі; ыстық және салқын)

VІ. Бағалау. Сарамандық жұмыс барысында оқушылардың орындаған жұмысының сапасына, алған білімдеріне қарай бағалау.

VII. Қорытынды. Оқушылардың білімін сұрақ – жауап арқылы қорыту.

Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?

Білмдерін бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: Тұздық түрлеріне қарай сөзжұмбақтар құрастырып келу.

Тұздық түрлері

Кез келген тұздық сұйық негіден және құрамына әртүрлі азық-түлік кіретін қосымшалардан тұрады. Тұздықты қоюландыру үшін сұйық негізіне ұн, май, қаймақ, кілегей, сүт, крахмал қосады. Тұздыққа ерекше қайталанбас дәм беру үшін татымды заттарды пайдаланады. Татымды заттар өте көп. Көп қолдынылатындарды немесе бізге таныстары: бұрыш, қалампыр, даршын, ваниль, имбирь, аскөк, ақжелек, пияз, сарымсақ, эстрагон, т.б. тұздыққа шарап немесе жеміс сірке суын пайдаланған дұрыс. Сондай – ақ лимон, лимон қышқылын, тұздалған қияр, қызынақ, басқа азық – түлік суынпайдалануға болады. Дәмі қышқыл – қымыздық, саумалдық, рауғаш, бөріқарақатты тұздыққа езбе, шырын қайнатпа түрінде қосады.

Қосымша бөлігінің сипатына қарай, барлық тұздықтарды екі негізгі топқа бөледі: ұн қосылған және ұн қосылмаған.

Бірінші топқа – сорпадан, қаймақтан, сүттен дайындалған тұздықтар кіреді.

Екінші топқа – майда, май қоспада және сірке суына дайындалған тұздықтар кіреді. Майда дайындалған тұздықтардың калориясы доғары болғандықтан, калориясы төмен балық немесе көкөністерге қосып үсынылады.

Тәтті тұздықтар жеке топ құрайды, оларды әртүрлі жемістердің қайнатпасынан, шырындардан, т.б. дайындайды.

Сонымен бірге тұздықтарды ыстық және салқын тұздықтар деп бөледі. Ыстық тұздықтардың көбінің құрамына қажетті консистенция беретін шала қуырылған немесе пассерленген ұн кіреді.

Ыстық тұздықтарды ұсынғанға дейін су моншасында жабық ыдыста ұстайды. Сақтау барысында тұздықтың бетінде қабыршық пайда болмау үшін мезгіл – мезгіл араластырып тұру керек немесе бетіне бір кесек сары май салып қоюға болада.

Белгілі сұйық негізде дайындалған және қосымшасына мүмкіндігінше аз азық – түлік пайдаланған тұздық негізгі тұздық деп жататын тұздықтын жаңа туынды түрін алады.

Қосымша бөлігінің сипатына қарай, барлық тұздықты екі топқа бөледі: ұн қосып және ұн қоспай дайындалған тұздықтар.

Салқын тұздықтарды салқын балықпен, шаянмен, түз аң – құсымен немесе көкөністермен бірге ұсынады. Салқын тұздықтар тобына көкөніс тұздығы, салаттарға арналған асқатықтар жатады.

  • Ұнсыз дайындалатын тұздық.

  • Ұн қосып дайындалатын тұздық.

  • Пассерелгенген аұ ұн қосып сорпасында дайындалған ақ тұздық.

  • Негізі балық сорпасынан тұратын ақ тұздық.

  • Қызанақ тұздығы.

  • Ақ тұздық негізі.

  • Сүтті тұздықтар. Ұн қосылмаған тұздықтар.

  • Саңырауқұлақты тұздық.

  • Қызыл негізгі тұздықтар. Жаңғақ тұздығы.

  • Шоколад тұздығы. Тәтті тұздықтар.

  • Алма тұздығы

  • Пияз тұздығы.

  • Өрік тұздығы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Соусты? (т?зды?) негізгі т?рлерін дайындау технологиясы

Автор: Шукеева Гульбану Кинжабековна

Дата: 10.12.2014

Номер свидетельства: 142025


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства