Негізгі б?л сайыста ?р о?ушы ?з шы?армашылы?ынан ша?ын к?рме жасап,ж?не
?з ?нерлерін к?рсетеді.
?атысушы ?ыздарымызды? ба?аларын с?раймыз.
1-ж?р:
?азы,жая,омырт?а,к?мбе деген,
?уырда?,с?р,май палау т?тті неден?
?арта,т?стік,ш?жы?,жауж?мырды,
?аза? хал?ым ?асиетін ерте білген.
2-ж?р:
Ей, мені? ас?ар тауым,
?аза?ы дастар?аным.
?зінсі? ба?-берекем,
А??айнар бастауларым.
1-ж?р:
Келесі сайыс «Ас адамны? ар?ауы» деп аталады. Осы сайыста дайындап келген салатты? ??рамымен таныстыру.
?атысушы ?ыздарымызды? ба?аларын с?раймыз.
2-ж?р:
?айта оралды ?аза?ымны? б?гін д?ст?рлері,
К?птен к?ткен ?аза?ымны? асыл арманы еді.
Берекесі мол ?аза? жері,?аза? елі мерекесі,
Д?ст?рлерін ны? ?стайы? хал?ымызды? б?л ежелгі-дей келе
«Ойлы болса?,озып к?р» сайысына да кезек келді.
1-ж?р:Б?л сайыста ?р сайыскер 1ма?алда?ы ??пия с?зді табады.Барлы?ы 15 ма?ал берілген.К?п н?ктені? орнына тиісті с?здерді ?ойып,ма?ынасына ?арай ма?алды айтып береді.
1)Істі ине тікпейді,икемді..тігеді. (?ол)
2)Шешенні? тілі алтын,шеберді?.алтын (?олы)
3)Кестені к??іл сызады,..сынайды(к?з)
4)Ынтыма?-к?пті? батасы,.-тама?ты? атасы (нан)
5)А?аш к?ркі жапыра?,адам к?ркі..(Ш?берек)
6)?анатсыз ??с, жапыра?сыз..(а?аш)
7)?лды? ?яты ?кеге,?ызды? ?яты.(шешеге)
8)Дастар?аны?да наны жо?ты?, тама?ыны?.жо? (с?ні)
9)Салтын ??рметтегенді,.??рметтейді.(хал?ы)
10)Зергер адам,.адам.(зерделі)
11)А?айынны? алтын сарайыннан,ана?ны?.арты?.(жырты? лашы?ы)
Просмотр содержимого документа
««Сегіз ?ырлы с?лулар»»
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Жаңабұлақ ауылы
Жаңабұлақ ОЖББМ-нің
технология пәнінің мұғалімі
Джаксыбаева Менсулу Абдрахманқызы.
«Сегіз қырлы сұлулар»
Мақсаты:технология пәні бойынша алған білімдерін насихаттау.
1-жүр:Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар, оқушылар мен ұстаздар!Армысыздар қадірменді әділқазылар алқасы.
Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,
Ден қойып,тыңдаңыздар,көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын,күй күмбірлеп,
Қош келдіңдер,халайық,сергісін бой.
2-жүр:
Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес,үйрен де жирен деген,
Бос қалып,Бұл өмірде жүрмесін жай.
1-жүр:Өздеріңізге мәлім,технология пәндері апталығы өтіп жатыр.Соған сәйкес мектебіміздегі 5-7-сынып қыздарының арасында шеберлік сайысы ұйымдастырылып отыр.
2-жүр:Сайысымыздың мақсаты-қаракөз арулардың жүрегінде бұрынғы өткен ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүрімізді,әдет-ғұрпымызды ұялатумен қатар,дәстүрлі өнерге баулып және де осы сайыскер арулардың арасынан өнерлі өрендерімізді аңықтау.,
Сонымен біздің бүгінгі бағдарламамызда:
«Сәлем- сөздің анасы»-таныстыру.
«Шеберлік шыңға жеткізер»көрме және өз өнерлерін көрсету.
«Ойлы болсаң,озып көр»мақалдағы құпия сөзді табу.
«Ас- адамның арқауы» дайындап келген салаттың құрамымен таныстыру.
«Бұрымды ару» сайысы.
«Көктемгі фантазия»сәндер шеруі.
1-жүр:
Ортаға сайыскер қыздарымызды шақырып таныс болайық.
1.Мұрат Айнұр.
2.Набиулла Айзада.
3.Зинет Дильназ.
4.Хибатова Фариза.
5.Мұратжанова Альфия.
6.Базарбай Тоғжан.
7.Тоғайбай Қарылғаш.
2-жүр:Сайыскерлермен таныс болсақ,бүгінгі кешке төрелік ететін әділқазілар алқасымен де таныс болайық.
1.
2.Муканова Эльмира Жалғасқалиқызы.
3..
4.Капиева Шолпан Зайреденқызы.
5.Қанатова Гүлназ 9-класс оқушысы
1-жүр:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайрандаған
«Қыз өсе елдің көркі»деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүр:
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған із бар өткен күннен,
Өмірде қалған сыз бар ақтабаннан.
1-жүр:
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білемін,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді-деп жырлаған ақын Исраил Сапарбай ағамыздың сөзімен бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
2-жүр:
Өнерлі жастар арамызда,
Бүгінгі келді сайысқа.
Таныстырып өздерін,
Шықсыншы кәне ортаға.
1-жүр: «Болар елдің баласын сәнімен емес,сәлемімен танисың»-демекші,алғашқы сайысымыз «Сәлем-сөздің анасы».
Негізгі бұл сайыста әр оқушы өз шығармашылығынан шағын көрме жасап,және
өз өнерлерін көрсетеді.
Қатысушы қыздарымыздың бағаларын сұраймыз.
1-жүр:
Қазы,жая,омыртқа,көмбе деген,
Қуырдақ,сүр,май палау тәтті неден?
Қарта,төстік,шұжық,жаужұмырды,
Қазақ халқым қасиетін ерте білген.
2-жүр:
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарқаным.
Өзінсің бақ-берекем,
Аққайнар бастауларым.
1-жүр:
Келесі сайыс «Ас адамның арқауы» деп аталады. Осы сайыста дайындап келген салаттың құрамымен таныстыру.
Қатысушы қыздарымыздың бағаларын сұраймыз.
2-жүр:
Қайта оралды қазағымның бүгін дәстүрлері,
Көптен күткен қазағымның асыл арманы еді.
Берекесі мол қазақ жері,қазақ елі мерекесі,
Дәстүрлерін нық ұстайық халқымыздың бұл ежелгі-дей келе
«Ойлы болсаң,озып көр» сайысына да кезек келді.
1-жүр:Бұл сайыста әр сайыскер 1мақалдағы құпия сөзді табады.Барлығы 15 мақал берілген.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,мағынасына қарай мақалды айтып береді.