Просмотр содержимого документа
«Шы?армашылы? жоба «?з ?олы?мен жасал?ан сыйлы?»»
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба «Өз қолыңмен жасалған сыйлық»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін тереңдету, қолдан сыйлық жасау технологиясын үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Дамытушылық: Оқушылардың дүние танымын кеңейту, ой-өрісі мен еске сақтау қаблеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек етуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жауапкершілікке, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастырып, жеке тұлға ретінде айқындау.
Сабақтың көрнекілкгі: жасалған бұйымдар, слайд, құрал- жабдықтар.
.Шығармашылық жобаның техникалық құжаттарына не жатады?
.Шығармашылық жобаның негізгі кезеңдерін ата?
Бүгінгі сабағымыз Ұлы отан соғысының жетпіс жылдық мерей тойымен тұспа-тұс келіп тұр. Оқушыларға сонау отты жылдардан үзінді бейне баян көрсете отырып, сол кезеңдер мен байланыстыра отырып, ЖЕҢІС, ЖҰЛДЫЗ, ЕРЛІК деп үш топқа бөлдім.
Жаңа сабақ: Шығармашылық жоба «Өз қолыңмен жасалған сыйлық» Жоба- өқушылардың өз білімдерін практика жүзінде қолдануға, қаблеттерін дамытуға мүмкіндік берітін және өз бетімен атқаратын қорытынды жұмыстары.
Жобаның тақырыбын әркімнің өзі таңдайды. Жобаны оқу материалдары бойынша ғана емес, сонымен бірге өздеріңізді қызықтарын проблема бойынша да орындауға болады.
Туған күн кешіне барады немесе мереке қарсаңында ең бірінші ойымызға «нендей сыйлық алып барамын», «не сыйлаймын» деген ойлар келеді. Туған күн иесіне немесе мереке қарсаңында сыйлық беретін жақынымызға не ұнайтынын еске түсіре бастаймыз. Кей кезде жасай алмай қиналып қалатын да кездеріміз болады.