Көрнекіліктер: ілмек бізбен тоқылған дайын бұйымдар,ілмек біз,жіп -түрлері,интерактивті тақта,үлгі журналдар,кітаптар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру:
1.Тоқыма өнеріне байланысты сұрақтар қойылып, оқушылар жауап береді
2. Мақал – мәтел сайысы.(Өнерге байланысты.)
3.« Ана көрген тон пішер» (Оқушылардың дайындаған бейне көріністері).
Жаңа сабақ : Шалудың негізгі түрлері
Тоқу өнері-қазақ халқының ежелден келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған өнер. Ілмек бізбен тоқу өте ертеде Солтүстік Африкада 13-14 ғасырда ұзын ілмекпен тоқудан басталған,одан Шығыс Еуропада, Ресейде,Азия елдерінде дамыған. Ілмек біз іліп тоқуға арналған біздің бір түрі.Ілмек бізді әр түрліматериалданжасайды.Олар:ағаш, алюминий,пластмасса,темір.Ілмек біздерді ілмек басының диаметіріне қарай нөмірмен ажыратады.Жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, жіңішке жіптерді жіңішкеілмек бізбен тоқу керек.Ілмектің қалыңдығы да әр түрлі болуы мүмкін./2 ден- 8мм-ге дейін/. Диаметрі 4- 6 мм қалың жүн,тоқыма жіп бұйымдарға қолданылады.Ирис, мулине,ромашка жіптер үшін жіңішке ілмек қолданылады/ 2-3мм/Ілмек - жіптен 2- есе қалың болу керек.Үстіге киетін киімлерді бостау иірілген,ал салфетка,сөмке сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Өрнек түрлері ромб, жолақ, ирек, үшбұрышты, айқас,көп жапырақты,Ілмек бізбен тоқылған бұйымдар беріктігімен, әсемдігімен ерекшеленеді.
Ілмек бізбен тоқылған бұйымдар. Слайд көрсетіледі.
Тоқуға арналған иірім жіп түрлері.(Сызба)
Шалудың негізгі түрлері.(Сызба)
Өрнек түрлері:(Сызба)
Қауіпсіздік ережесі:
1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болу керек;
2. Орындық арқасына сүйеніп тік отыру қажет;
3. Жұмыс барысында арқасы бар орындықта басты сәл иіп отыру керек;
4. Тоқып отырған бұйым мен көздің арақашықтығы 35-40 см.;
5. Жұмыстың басында және аяғында қолды жуу керек;
6. Ілмек бізді ауызға салуға бомайды;
7.Ілмек біздің ұшы қауіпсіз шектелген болу керек8 Жұмыс соңында барлық құрал –жабдықтарды қорабында сақтау қажет.Сергіту сәті.Оқушыларды екі топқа бөлу, «Ісмерлер» , «Шеберлер».«Ісмерлер» тобына тасырма:ілмек бізбен тоқылатын бұйымдар, «Шеберлер» тобынаӘшекей бұйымдар (суретін салу,сөзбен жазу,сызбамен көрсету қорғау т.б.)
«Көңіл қойсаң,қолдан келмейтін іс жоқ» .Сарамандық жұмыс.1Ж.О.Ұ. Т.Қ.Е.2. Қажетті құрал –жабдықтар дайындау: жіп, ілмек біз,қайшы.3. Жұмыстың орындалу реттілігі:* үлпілдек шалу арқылы тізбекше тоқу * жай шалумен тоқып шығу*бір бос жіп іліп екі бағанша жасау* екі бос жіп іліп бір бағанша жасау* бір бос жіп іліп екі бағанша жасау* жұмысты қайталап тоқу.* біткен тоқуды бекіту
Сабақты бекіту : Кесте толтыру.
№
Сұрақтар
Дұрыс жауабы
1
Тоқыма өнері адамның несіне айналған ?
2
Ең қымбат заттар
3
Иірім жіп бұйымның несіне байланысты ?
4
Ілмек біздің түрлері
5
Солтүстік Африкада ұзын ілмекпен тоқу қай ғасырда пайда болды ?
6
Тоқылатын материал
7
Өрнек түрлері
8
Бос шалудың шартты белгілері
9
Бір шалмалы бағанша шартты белгісі
10
Бос шалу тізбегі бұйымның қай шетін құрайды?
Сабақты бағалау: білімдерін жұмыстарын саралап бағалау.
Үйге тапсырма: еркін тақырыпта ілмек бізбен әр түрлі бұйымдар тоқу.