kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?ндік ?олданбалы ?нер (монша?, капрон, сазбалшы? ж?мыстары)

Нажмите, чтобы узнать подробности

открытый урок по технологии, проведенный в 10 классе на тему "Декоративно-прикладное искусство". 

цели урока 

1.      О?ушыларды? с?ндік ?олданбалы ?нер саласында ?р т?рлі ж?мыс істеуіндегі шеберлігін арттырып, білімін ж?йелеу.
2.      ?з бетінше ж?мыс істеу да?дысын ?алыптастырып, шы?армашылы? ?абілетін дамыту.
3.      О?ушыларды т?зімділікке, ?демілікке т?рбиелеп, эстетикалы? тал?амын арттыру.
III. Кіріспе

     С?ндік ?олданбалы ?ол?нері адамдарды? к?ркемдік тал?амыны? ?алыптасуына ерекше ?сер етеді, жас ?рпа??а эстетикалы? т?рбие беруге ?ызмет етіп, оларды хал?ымызды? материалды? рухани м?раларын тере? т?сніп, оны ба?алай білуге т?рбиелейді.

     Орта мектептегі о?ытуды? негізгі міндеттері – білім беріп ?ана ?оймай, білім мазм?ны ар?ылы баланы? ?мірге, е?бекке, адамдар?а, айналада?ы орта?а, д?рыс ?арым-?атынасын ?алыптастыру.О?ыту мен т?рбие бір-бірімен байланысты процесс, бір н?рсені? екі жа?ы сия?ты. Т?рбиелік саба?ты? мазм?нын аны?тай отырып, саба? барысында о?у ж?не т?рбие міндеттерін шешеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?ндік ?олданбалы ?нер (монша?, капрон, сазбалшы? ж?мыстары)»

Cабақтың тақырыбы: «Сәндік қолданбалы өнер»

Алматы облысы Талдықорған қаласы Өтенай ауылы Шағын орталығы бар №21 орта мектеп

Озибаева Гульбану Черепановна

Жоғарғы санатты технология

пәнінің мұғалімі

II. Мақсаты:

1. Оқушылардың сәндік қолданбалы өнер саласында әр түрлі жұмыс істеуіндегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
2. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
III. Кіріспе

Сәндік қолданбалы қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халқымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсніп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.

Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері – білім беріп қана қоймай, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты. Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді.

IV. Сабақтың түрі: аралас сабақ

V. Сабақтың әдісі:     Түсіндіру, сұрақ-жауап, тотық жұмыс,қысқаша тарихи анықтама беру, интерактивті тақтамен жұмыс, жаңа сабақ, сабақты бекіту (сұрақтар), үй тапсырмасы,бағалау.

VI. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөзжұмбақтар, мақал мәтелдер, жұмбақтар, тест сұрақтары.

VII. Пәнаралық байланыс: биология, тарих, химия, сызу, әдебиет

VIII.Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
2. Оқушылармен сәлемдесу
4. Оқушыларды топқа бөлу ( І, ІІ, ІІІ, IV-топтар, құрал-жабдықтарды дайындау).
5. Қыздар өз білімдерін сұрақтар арқылы бекітеді.
5. Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда
(қыздар өз жұмыстарын таныстырады, олардың жасалу жолдарымен бөліседі).
7. Интерактивті тақтамен жұмыс .
8. Оқушыларды бағалау, үй тапсырмасы.
IX. Оқушылардың білімін тексеру сұрақтары
1. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

Оқушының жауабы: Әрбір халық өз сәндік-қолданбалы өнерін мақтан етеді. Қазақ халқы да қолөнерімен мақтана алады. Көздің жауын алатын киіз және тоқыма кілемдер, зергерлік әшекейлер, киімдер, қару-жарақ, тері мен ағаштан жасалған ыдыстар.

Қазақ халдқының сәндік-қолданбалы өнеріне киіз үйдің алатын орыны ерекше. Киіз-үй көшпенді қазақтардың жинамалы баспанасы. Қарапайым құрылысының арқасында ол бір орыннан екінші орынға жеңіл көшіріледі. Киіз үйдің ішкі жабдықтары-қазақтың қолөнер көрмесі. Ол ою-өрнекке бай текемет,сырмақ,ши,алаша,бау, басқұрма, аяққап сияқты айшықты бұйымдармен безендіреді. Бұл бұйымдар киіз үйді нағыз сәндік –қолданбалы өнер туындысының жауһарына айналдырады.

Киіз үйдің әдемі көрінісі бар көрме біздің мектепте де өткен және көрменің көркін одан сайын аша түскені күмәнсіз.

Оқушының жауабы: Сәндік қолданбалы өнер – әртүрлі заттардан жасалған бұйымдар. Сәндік қолданбалы өнерге негізделген көркем шығармалық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдағы нәрсені өз сөздерімен жеткізуге және дамытуға әсер етеді. Халықтың дүниетанымы және тұлғаның эстетикалық сапаларын жетілдіре түседі.

2. Сәндік қолданбалы өнерінің түрлерін ата?

Оқушының жауабы: Оларға матамен жасалған бұйымдарды (құрақ көрпе, тұс киіз, мозайка т.б.), тоқыма жіптен жасалған бұйымдарды (ши, кілем, габилен т.б.), қағазбен жасалған бұйымдарды (аққу, апплекация, панно т.б.), моншақтан жасалған бұйымдарды (бусы, алқа, бисерден бұйымдар, білезік), табиғи материалдармен жұмыстарды (флористика, панно) жатқызуға болады.
3. Біз мектепте қандай түрлерімен жұмыс жасаймыз?

Оқушының жауабы: Біз мектепте кесте де тігеміз. Тоқимыз, ірі моншақтан, ұсақ моншақтан әшекей-бұйымдар жасаймыз, құрақ тігеміз,тігумен айналысамыз, полимерлі саз балшықтан жұмыс жасаймыз және т.б. Солай көптегентуындылыр жасаймыз.

X. Оқушылар шығармашылық жұмыстарын таныстырады, қорғайды.

Топтағы оқушылар жұмыстың тарихын айтып, жасалу жолдарымен бөліседі.

І-топ. Капроннан гүл жасау.

Капроннан гүл жасау біздің елімізге келгеніне көп болған жоқ. Еңбеккор халқымыз оның жасалу жолдарымен танысып, әдемі гүлдерді мектеп қабырғасында да жасап келеді.

Керек құрал-жабдықтар:

  1. Түрлі-түсті капрондар

  2. Сым темірлер

  3. Капрон жіптер

  4. Дайын гүл сабақтары

  5. Жапырақшалар

  6. Желімді таспа

  7. Гүл дәнегі

Жасалу технологиясы

Ең алдымен сымнан дөңгелектеп қалыптар жасап аламыз, бірнеше біркелкі күлтелер дайындаймыз. Күлтелерді капронмен қаптап, жіппен орап бекітеміз. Дайын күлтелерді сабағымен біріктіріп, желімді таспамен өңдейміз. Дәнегін қосамыз, бекітеміз. Жапырақшаларды сабағына кигізіп, бекітеміз, гүлді жөндеп, әрлейміз.

ІІ-топ. Ірі моншақпен жұмыс.

Бұл өнер алғаш Қытай, Үндістан, Ресей, Украина, Белорусия елдерінде қолданыла бастаған. Мысалы Ресей немесе Украина елдеріне тоқталсақ, олар ірі моншақтардан әшекей жасауды ертеден білген. Уақыт өте келе күнделікті тұрмысында да қолдана бастады.

Кәмпитсалғыш тоқу үшін 200грамм қырлы төртбұрышты моншақ, №8 леска керек. Моншақтың әртүрлі түсін де қолданса болады.

Жұмыстың орындалу әдісі:

Тоқуды түбінен бастап тоқиды. 1-қатар. Ол үшін 1,5 метр лесканы қиып алып, бір ұшына 10 моншақ өткізіп, соңғы 10 моншақтан лесканы қайта кіргізіп ілмек жасаймыз, жасалған ілмек ішінен екінші лесканы өткізіп, тартып дөңгелек пішініне келтіреміз. Тура солай жалғастырып, бірнеше қатар тоқып, дөңгелек пішінге әкелеміз. Содан кейін жанын тоқимыз. Түбінен шыққан жұмысшы лескасына 4 моншақ өткізіп, көмекші лескамен түйіндейміз, көмекші лескамен түйіндейміз, сосын көмекші лесканы астыңғы жақтағы 2 моншақтан өтктізіп жоғары шығарамыз.

Жұмысшы лескаға енді 3 моншақтан өткізіп отырамыз, сонда барлығы 6 моншақ болады, тек соңғысында жұмысшы лескаға 2 моншақ өткізіп, көмекші лесканы жоғары шығарып алады. Дөңгелек саны 20 болуы керек. Дәл осылай 3 қатар тоқимыз. Осылай көтере береміз.

ІІІ-топ. Су моншақпен жұмыс.

Бисердің отаны – Ежелгі Египет. Египеттен, Сириядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Бірте-бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды.

Оқушылар өздерінің жасаған әртүрлі бұйымдарын көрсетіп таныстырады. Схемамен жұмыс істеу ретін топтағы оқушы көрсетіп, үйретеді.

Алқа, білезік, жаға, гүл, картинаның жасау жолын эскиз бойынша лескаға су моншақты кіргізіп жасау ретін көрсетеді.

IV-топ. Полимерлі саз балшықтан жұмыс.

Раушан гүлін жасау.

Алдымен саз балшықтан кішігірім түйіршіктер дайындап аламыз.

Үлкен раушан гүліне 15 түйіршік қажет болады. Оның диаметрі шамамен 2 см әрбір түйіршіктерден жапырақша жаямыз. Жапсырақшалардық жоғары жағы жіңішке, ал түбі жуандау болуы тиіс. Ол үшін саз балшықтан дайындалған түйіршікті алақанымызға баттастырып жаямыз. Ең үлкен жапырақшаны ораймыз. Ол гүліміздің аршасы болады. Одан кейін көп жапырақшаларды қосып, біріктіріп гүл жасай береміз.Сабағына қосып, әрлеп, әдемі гүл шығарамыз.

Интерактивті тақтамен жұмбақ шешу, тест орындау, красворд шешу.



XI. Жаңа сабақ. Пластикалық қасық және пластикалық бөтелкеден жасалған шам.

Шамды дайындау үшін керекті құрал жабдықтар:

Шеби-шик стилі дегеніміз пластикалық заттардан әдемі бұйым жасау.

3-5 литрлік бөтелке, пластикалық қасық, канцелярлы пышықша, , ыстық желім, тоқ қуатын аз жейтін шам.

1 қадам.Қасықтарды даярлау.

2 қадам. Бөтелкенің түбін кесіп алу.

3 қадам. Қасықтарды ыстық желіммен жабыстыру.

4 қадам. Қасықтарды бір біріне дөңгелетіп жабыстыру.

5 қадам. Дайын қасық жабыстырылған бөтелкені жинау.

Жұмысты толығымен аяқтаған соң, оны стразымен де әшекейлеуге де болады. Сонда кешкісін шамды жаққанда стразылар әдемі болып жарқырайды. Тіпті фосфор бояуымен де бояса болады, сонда шам түніменен жұлдыздар сияқты жарқырайды.

Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары:

1. Біздің тұрмысымызды өнер түрлері қандай?

2. Шеби-шик стилі жайлы не білесің?

3. Шеби-шик стилінде қандай бұйымдар жасауға болады?


Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасын беру.Үйге оқушылар шеби-шик стилінде жұмыс орындауы керек.

Қолданылған әдебиеттер.

Жаңа технологияларды оқыту әдістері. 2012 жыл ЖШС «Дайыр Баспа»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
С?ндік ?олданбалы ?нер (монша?, капрон, сазбалшы? ж?мыстары)

Автор: Озибаева Гульбану Черепановна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 301032


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства