Просмотр содержимого документа
«?рт?рлі маталардан дайындал?ан иы?ты? б?йымны? етегін ??деу»
Қалдыбекова Нұржамал Әлшерқызы
Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің
технология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі маталардан дайындалған иықтық бұйымның етегін өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік:
Модель ерекшеліктерін және мата қасиеттерін ескере бұйымның етегін өңдеу технологиясын үйрету;
б) Дамытушылық:
Бұйым бөліктерін өңдеуде оқушылардың технологиялық біліктерін арттыру, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге ықпал ету;
в) Тәрбиелік:
Оқушыларға бұйымды өңдеу жолдарын үйрете отырып, тәжірибе негізінде еңбекті сапалы етіп орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық, ой қозғау
Пәнаралық байланыс : сызу,математика, бейнелеу өнері
Көрнекілігі: Слайдтар, бұйым етегін өңдеу – эскиз карталар, дайындамалар,
технологиялық карта, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың назарларын сабаққа аудару, түгелдеу.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Тапсырма 1:
Берілген сурет бойынша жең аузын өңдеу тәсілдерін анықтаңдар
а) ә) б) в) г)
Жауабы:
а) Ашық қиықты бүгіп тігу
ә) Қиғаш таспамен өңдеу
б) Манжетпен (қайырмамен) өңдеу
в) Резеңке салып өңдеу
г) Жабық қиықты бүгіп тігу
Тапсырма 2:
Мойын ойындысын өңдеу бірізділігін дұрыс орналастырыңдар
р/с
Белгіленуі
Операцияның атауы
1
А
Мойындықты үтіктеу
2
Б
Әдіпті аудару, ойынды бойымен айналдыра көктеу
3
В
Әдіп жиегін иық тігісіне және 5-7 см аралықта бұйымға жасырын инешаншымдармен бекіту
4
Г
Әдіптерді пішу
5
Д
Мойындыққа әдіпті орналастырып тігу, тігіс ені 0,7-0,8 см.
6
Е
Әдіптерді қатырмамен өңдеу
7
Ж
Тігіске 0,1-0,2см жеткізбей қию.
Жауабы:
1 – Г, 2 – Е, 3 – Д, 4 – Ж, 5 – Б, 6 – А, 7 – 13.
3.Үй тапсырмасын қорыту:
Эскиз карталар арқылы жеңді қондыру технологиясын анықтау.
4Жаңа сабаққа кіріспе:
«Мата қасиеттері» ассоциация құру, геометриялық қасиеттеріне топтастыру. Бұйым етегін өңдеудің көптеген тәсілдері бар, оны мата түріне, қалыңдығына, модельдің ерекшелігіне қарай қолданамыз. Сабағымызда өз бұйымымыздың ерекшелігіне қарай етегін өңдеуді үйренеміз.
5.Жаңа сабақ:
Бұйым етегін өңдеуден бұрын:
Бұйымды теріс бетіне аударып, артқы және алдыңғы бойдың орта сызығы бойынша бүктеп, бүйір тігістерін сәйкестендіре түйреп қояды.
Бұйымның дайын күйіндегі ұзындығын дәлдеп, шетін қайыруға 2-3 см. (модельге байланысты) қосымша бере етегін тегістеп қияды.
Мата қасиеттеріне қарай өңдейді.
Бұйым етегін қол тігістермен өңдеуде №1 ине және мата түсіне қарай №65, 33 жібек жіптер немесе №80, 60, 50 мақта жіптер қолданылады. Инешаншым ұзындығы 0,15-0,2 см, арасы 0,3-0,5 см. Инешаншымдар тартылып тұрмау керек.
Жұқа, жібек матадан тігілген бұйым етегін өңдеудің кең тараған түрі – жапсырылған жасырын инешаншымдармен тігу (қайып). Бұл тігіс: жабық қиықты және ашық қиықты тігіс.
Жабық қиықты тігіс жеңіл, жұқа маталарға арналған. Бұйым етегін белгіленген сызық бойымен теріс жағына қарай бүгіп, бүгу сызығынан 1 см шегініп көктеп, тік етекті бұйымдар 1-1,5см, кең етекті бұйымдар үшін арасы 0,5 см инешаншымдармен тігеді. Бүгілме қиығын етек сызығына параллель жоғары жағынан ішке қарай 1см қайырады, шетінен 0,3см қалдырып бүгіп, жібек жіппен тігеді.
Ашық қиықты тігіс қаттылығы орташа және тығыз маталарға арналған. Қиықты ирек етіп жөрмеп, бұйым етегін бүгіп, көктеп үтіктейді. Кең бұйымдарды жия үтіктеп, бүгілген шетінен 0,3см шегініп, мата қалыңдығының ½-ін іліп білінбейтін инешаншымдармен жапсыра тігеді.
Қалың мата болса етегін айқас тігіспен өңдеуге немесе жасырын инешаншымдармен өңдеуге болады.
Етекті жабыққиықты бүгу тігісімен өңдеу – жеңіл мақта, жібек матадан тігілген бұйымдарға арналған. Дайын түрдегі бүгілме: модель бойынша және оған 1 см қосып жоғары қиықты ішке бүгу. Өң жағынан сапасын тексере отырып, бұйымның теріс жағынан тігімді жүргізеді.
Қалың тығыз маталардан тігілген бұйымдарды және катпар, гафре етекті киімдерді 51 кл. машинада торлап, 85 кл. ПМЗ арнайы машинада тігеді.
Бұйым етегін ызбабен шеттіктеу арқылы өңдейді. Ызбаны екі бүктеп, үтіктейді. Бұйым етегінің ашық қиық шеті ызбаның ортасында қалатындай етіп, ызба шетінен 0,3см қалдырып қоса көктейді. Содан кейін шетінен 0,2см қалдырып сырып тігеді.
Бұйым етегін көмкерме тігіспен өңдеу. Қиғаш пішілген таспанытөменгі қиықпен біріктіріп тігіп, белгіленген қайыру енімен бұгіп өңдеуге болады.
Модельге байланысты бұйым етегін зигзаг тігіспен, таспамен, шілтермен, желбірмен өңдеуге де болады.
зигзаг тігіспен өңдеу
таспамен өңдеу
Сетінемейтін немесе аз сетінейтін , тығыз, қалың матадан тігілген көйлектердің төменгі қиығын «тісті» арнайы қондырғылармен, арнайы қайшылармен өңдейді. Содан кейін жасырын инешаншымдармен немесе арнайы машинада тегеді.
Негізгі жіпке 450 бұрыш жасай пішілген сетінегіш және жұқа, созылмалы маталардан тігілген бұйымдардың етегін «москвалық» не «америнкандық» деп аталатын шет тігісімен өңдеуге болады. Ол үшін қиықты теріс жағына 0,5-0,7см қайырып, бүктемеден 0,2-0,3см тігіс енімен машинанада тігеді. Матаның артығын қиып тастап, тағыда 0,3-0,4 см-ге қайырып, бастапқы бүктемеден 0,2-0,3 см аралықта машина тігісін жүргізеді.
Ең қарапайым және жылдам өңдеу әдісі - желімді таспамен өңдеу. Қиықты алдын ала торлап, бүгу сызығынан үтіктейді. Қайыру қосымшасының арасына желімді таспаны салып, үтіктейді. Таспа ені қайыру енімен сәйкес болуы керек.
6. Сарамандық жұмыс:
Жұмыс орнын ұйымдастыру.
ТҚЕ пысықтау.
Мата қасиеттерін ескере, модельге байланысты бұйым етегін өңдеу.
Сапасын тексеру.
6.Сабақты қорытындылау:
Тапсырма № 3. Бұйым етегін өңдеудің әдістері. Оқушыларға мата қиындылары беріліп, қандай өңдеу әдісі қолданатынын көрсетеді.
Бұйым етегін үтіктеу ерекшелігі.
Оқушылардың білімдері мен жұмыстарының сапасын ескере бағалау
7. Үйге тапсырма беру: Бұйым етегін ЫЖӨ.
Үлгі Жұмыс дәптері
Тақырыбы: Әртүрлі маталардан дайындалған иықтық бұйымның етегін өңдеу
Сынып: 10 «Ә»
Оқушының аты-жөні:___________________
Тапсырма 1:
Берілген сурет бойынша жең аузын өңдеу тәсілдерін анықтаңдар
а) ә) б) в) г)
Оқушының аты - жөні
Жұптасының бағасы
Өзін – өзі бағалау
Мұғалімнің бағасы
Тапсырма 2:
Мойын ойындысын өңдеу бірізділігін дұрыс орналастырыңдар
р/с
Белгіленуі
Операцияның атауы
1
А
Мойындықты үтіктеу
2
Б
Әдіпті аудару, ойынды бойымен айналдыра көктеу
3
В
Әдіп жиегін иық тігісіне және 5-7 см аралықта бұйымға жасырын инешаншымдармен бекіту
4
Г
Әдіптерді пішу
5
Д
Мойындыққа әдіпті орналастырып тігу, тігіс ені 0,7-0,8 см.
6
Е
Әдіптерді қатырмамен өңдеу
7
Ж
Тігіске 0,1-0,2см жеткізбей қию.
Оқушының аты - жөні
Жұптасының бағасы
Өзін – өзі бағалау
Мұғалімнің бағасы
Тапсырма № 3.
Бұйым етегін өңдеудің әдістері. Мата қиындылары беріліп, қандай өңдеу әдісі қолданатынын анықтау.