kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка внеклассного занятия по технологии: "Астана-Бәйтерек" композициялы макетін жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қағазды бүктеу арқылы Бәйтерек пішінін және қарлы ағаштарды жасау техникасын үйрету. Білімдерін, шеберлік деңгейлерін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка внеклассного занятия по технологии: "Астана-Бәйтерек" композициялы макетін жасау»

« Астана-Бәйтерек » композициялы макетін жасау

Алмагүл Әділжанқызы Байжұманова

Ортадересін жалпы орта білім беру мектебінің

технология пәнінің мұғалімі,

Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы

«Шебер қолдар» үйірмесі 6-7 сыныптар

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға қағазды бүктеу арқылы Бәйтерек пішінін және қарлы ағаштарды жасау техникасын үйрету. Білімдерін, шеберлік деңгейлерін арттыру;

2. Оригами жасау әдістері арқылы қол икемділігін дамыту, кәсіптік бейімділігін қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту;

3. Оқушыларды төзімділікке, талғампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың көрнекілігі: газет - журналдардан алынған суреттер мен мәліметтер, дайын бұйымдар.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: ақ қағаздар, желім, бояу, пенопласт, сіріңке қораптары, қайшы, Бәйтерек пен қарлы ағаштарды жасаудың технологиялық картасы және т.б.

Сабақ барысы:

1. Сабақ.

І. Кіріспе.

1.1. Ұйымдастыру сәті – оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

1.2. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, түрі, идеясымен таныстыру.

Қағаздан «Бәйтерек» құрастыру.

1.3. Сабақтың идеясымен танысу. Еліміздің Тәуелсіздігіне – 20 жылдығы туралы әңгімелеу.

Бүгінгі бейбітшілік заманды сонау жылдары ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, бүгінгі ұрпаққа қол жеткізіп берді. Міне, біз сол Тәуелсіздіктің төл перзентіміз. Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы дамыған елге айналды.

2002 жылы Еуразия кіндігі – Астананың төрінде алтын шарлы күміс түсті жарқыраған мұнара – « Астана-Бәйтерек » монументі бой көтерді. Биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады, биіктігі 97 метрді құрайтын көрініс кешені қалаға керемет сән беріп тұр. Ең үздік нысан еліміздің астанасында асқақтап тұрған бұл Бәйтерек сәулет пен тәуелсіз Қазақстанның символы ретінде танылған.

ІІ.Негізгі бөлім.

2.1. Бәйтерек пен қарлы ағаштардың макетін жасау технологиялық картасымен танысу – Бәйтерек пен қарлы ағаштардың дизайн жасау.

Бәйтерек пен қарлы ағаштардың макетін жасау технологиясы

Бәйтерек пішінің бөліктерін дайындау:

Жұмыс мазмұны

Схемасы

1.

Шаршы 7 см х 5 см өлшемінде қағаздар қию.




2.

Шаршыны ұзынынан теңге бүктеу.




3.

Екі бұрышын ортаңғы сызыққа жеткізіп бүктеу, артық қалған бөлігін артқа қайыру, ұштарын ішке бүктеу.


4.

Тең бүйірлі үшбұрышты 900 (суреттегідей) етіп бүктеу.


5.

Дайын қағаз бөлшектерін төменнен жоғары қарай Бәйтерек пішінін келтіріп құрастыру.


Қарлы ағаштар дайындау:

  1. Ұн мен суды қосып, желім даярлау.

  1. Шырша ойыншықтарын газет қиындыларымен қаптау, бірнеше қабат қиындыларын желімдегеннен соң кептіру.

  1. Оны екіге бөліп ойыншықтардан ажыратып, екі жарылған қабықты біріктіріп желімдегеннен соң, ақ бояумен бояу.

  1. Боялған пішіндерге пенопласт түйіршіктерін қар секілді жапсырып, қатты қағаздан ағаш діңгегін жасап, сіріңке қорабына бекіту.

  1. Дайын ағаштарды Бәйтерек маңына орналастыру.





2.2. Бүктеу әдістері: төменгі жағынан жоғары қарай бүктеген қағаздарды кигізіп отырамыз.

2.3. Сарамандық жұмыс.

2.4. Жұмыс гигиенасын тексеру.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

3.1. Сергіту сәті – тақырыпты әңгіме.

3.2. Оқушылар жұмысын тексеру.

3.3. Бағалау.

3.4. Қорытындылау.

2 сабақ.

І.Кіріспе.

1.1. Ұйымдастыру сәті: бірінші сабақтағы жұмыс нәтижесін айқындау, екінші сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ.Негізгі бөлім.

2.1. Қауіпсіздік ережелерін қайталау.

2.2. Сарамандық - өздік жұмыс: Бәйтеректі құрастыруды жалғастыру.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

« Мың бір мақал » ойыны.

( Мақал, мәтел жарысы. Отан туралы мақалдар айту.)

  1. Халықтың ортақ үйі – Отаны.

2. Атаңның ғана ұлы болма,

Отаныңның да ұлы бол.

3. Үйіңде атаңның намысын қорға,

Шет жерде Отаныңның намысын қорға.

4. Отан – оттан да ыстық, т.б

(Батыр мен туған жер туралы мақалдарды аяқтау.)

  1. Батыр туса ел ырысы...

(Жаңбыр жауса жер ырысы)

2. Батыр - жауда сыналады...

(Жуас жайда сыналады)

3.Басқа елде сұлтан болғанша...

(Өз еліңде ұлтан бол)

4. Туған жердей жер болмас...

(Туған елдей ел болмас) т.б.

3.2. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміз туралы оқушылардың білімдерін анықтау (сұрақтар беру арқылы).

3.3. Қорытындылау.



3 сабақ.

І.Кіріспе.

1.1. Ұйымдастыру сәті – 2 сабақтың нәтижесі – 3 - сабақтың мақсатымен танысу.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Өздік жұмыс: Қарлы ағаштарды жасау. Желім әзірлеп ағаш пішінін дайындап оған пенопласт түйіршіктерін жапсыру - дизайн жасау.

2.2. Шығармашылық жұмыс.

Дәптерлеріне Бәйтерек пен қарлы ағаштың жасалу технологиялық картасын жазып, сызу, көркемдеу әдісін суреттеу.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

3.1. Шығармашылық жоба – Бәйтерек пен қарлы ағаштар композициялы макетін қорғау.

3.2. Өзара пікіралысу.

3.3. «Бәйтерек» сөз жұмбағын шешу. Сөз жұмбақтың сұрақтары:

1. Елбасы.

2. Ш.Ниязбеков, Ш.Уалиханов, Ж.Нәжімеденовтың қазақ еліне сіңірген еңбегі.

3. Жиналыс ( синонимі ).

4. 1995 жылы 3 шілдеде Алматыда ашылған ескерткіш.

5. 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді.

6. Бейбітшілік символына айналған құс.

7. Астана қаласында қазақ тарихын айқындайтын ескерткіш.

8. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет.






б






ә














й


т












е









р












е







к




3.4. Оқушылардың еңбегін бағалау.

3.5. Үйге тапсырма беру.

3.6 . Қорытындылау.

Оқушыларға әсемдік өнеріндегі қағаздан құрастырып (оригами) жасауға болатын жаңа бұйым жаңалықтарын іздену тапсырылады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: Байжуманова Алмагул Адилжанкызы

Дата: 07.10.2016

Номер свидетельства: 347902


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства