kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Практикалы? ж?мыс №1. То?у т?сілдеріні? технологиясын ?йрету. Салы?.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Актобе гуманитарлык колледжинде 2012-2015жж окыдым. 2015ж бастап №3 Шубаркудык орта мектебине жумыска орналастым. Технология панинен сабак берем. Мамандыгыммен мактанам. Бос уакытымда колонермен айналысам жане жананы уиренуге тырысам. Компьютерди терен менгергениин. Жауапкершилигим мол, берилген тапсырманы уакытылы орындаганды жаксы корем.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Практикалы? ж?мыс №1. То?у т?сілдеріні? технологиясын ?йрету. Салы?.»

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №1. Тоқу тәсілдерінің технологиясын үйрету. Салық.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ілмекпен тоқу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру,және жұмысты қауіпсіздендіру ережелерін үйрету,құрал-жабдықтар туралы мәліметтерді қайталау. Дамытушылық: Ілмекпен тоқу білімдерін ,қол икемділіктерін және танымдық қызығушылықты дамыту. Тәрбиелілік: Өнердегі сұлулықты түсінуге ,икемділікке,шыдамдыллыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндірмелі - суретті, практикалық жұмыс . Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Кұрал - жабдықтары: Ілмектер,тоқыма жіптер,ілмекпен тоқу негізгі әдістерінің үлгілері,

ілмекбізбен іліптоқу технологиялық нұсқау карталары.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) сабаққа қатысуды бақылау; ә ) сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.


Жаңа сабақ:

Ілмек бізбен іліп тоқу - бұл сәнді қолданбалы шығармашылық түрінде және өнерге жақын мүмкіндігін береді. Тоқу үшін ілмекбізді таңдағанда ,оның басына назар аударады. Өте үшкір бас тоқу барысында сұқ саусақты жаралайды, ал доғал бас төменгі қатардағы ілмекке өте қиын кіреді және созып жібереді. Егер жаңа ілмек біздің ұшы бұдырлау болса, басына жіп жабысып қалмауы үшін ,ілмектердің арасына оңай кіруі үшін ,сондай -ақ жеңіл тартып шығару үшін ,ұсақ түйіршікті егеумен немесе қажауқағазбен өңдейді. Ілмек бізді (нөмірін) иірімжіптің жуандығына қарайды таңдайды. Жіп қанша жуан болса ,ілмекбіз де сонша жуан болуы керек. Жіңішке ілмекбізбен жуан жіпті тоқу ыңғайсыз ,жіпті түтіп жібереді. Тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады : жүн, жібек, мақта, т.б Ілмек бізбен тоқылған жайманың созылғыштығы төмен болады. Бөлшектердің сыртқы пішіні пішім мен есепке сәйкес шалуды қосу не қысқарту, сирек немесе жиі тоқу (жіптің даметріне қарай) арқылы жасалады. Ілмек бізбен іліптоқудың негізгі элеметтері - бос шалу,шалмасыз бағанша ,шалмалы бағанша. Басқа элеметтер осылардың түрленуі. Тоқу өрнектері бос шалу мен бағаншалардың әртүрлі үйлесуінен тұрады. Тізбекше. Бірнеше босшалудан тұратын тізбек алғашқы (негізгі) қатар болып саналады. Ол өрнектер қатарына жатпайды. Тоқылатын жайма жиырылып (бүрісіп) тұрмауы үшін бос шалу тізбегі біршама бос алынады . Өрнектің бірінші қатарын бастағанда шалудың биіктігін көтеру үшін бір немесе бірнеше бос шалу тастап тоқу керек. Тоқу барысында қалам ұстаған сияқты ілмекті оң қолға ұстайды. Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып, ілмек бізде жатады. Шүйкедегі жіптің ұшын сол қолдың ұшын сол қолдың сұқ саусағынның үстіне өткізіп ,үлкен ортаңғы саусақпен басады. Шүйке жібі алақан ішімен және қалған саусақтар арасынан өтеді. Шүйкеден келетін жіп «жұмысшы жіп» деп аталады. Тоқу барысында ілмектер созылып кетпей бірдей ұзындықта болуы үшін ілмекті ұстап тұру керек. Тоқу бос шалудан және бос шалу тізбегінен басталады. Бос шалу. Ілмек бізге жіп ұшына тастап бір шалу жасайды да, жұмысшы жіпті алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.

Жұмыстың қауіпсіздендіру ережелері.

1) Жұмыстың алдында қолды жуған дұрыс .

2. Ілмектер жақсы тазаланып арнайы орында сақталуы қажет.

3) Жұмыс кезінде ілмек ұстаған қолыңды кенет қозғауға болмайды - қасындағы отырған оқушыны жарақаттандырып алу мүмкін.

4) Бір неше сағат тоқуға болмайды.Үзіліспен 2 сағаттан жұмыс істеуге тырысыңдар.

5) Жұмыстың соңында барлық құрал - жабдықтарын арнайы орынға жинап тастаңдар.

6. Интерактивті тақта арқылы «Ілмек бізбен тоқудың негізгі әдістері» технологиялық нұсқау картасын талдап, әдістерін көрсету.


Практикалық кезең:

Құрал жабдықтар: Жұмыс қорабы, қайшы, ілмекбіз, иірімжіп

Тапсырма:

1. Жоғарыдағы мысалға келтірілген тоқу элементтерін пайдаланып , тоқып үйреніңдер (Бос шалу, босшалу тізбегі, орам,біріктіргіш бағанша, екі шалмалы бағанша)

2.Үлгілерді коллекция ретінде жинаңдар.

3.Үлгілердің атын жазыңдар.

Тоқу түрлері. Тура және кері қатарлармен тоқу. Тізбектің жоғарысынан өрнектің бірінші қатарын тоқу. Келесі қатарға өту үшін ,шалудың биіктігін көтеретін бірнеше бос шалу жасайды : бағаншалардың қатарына шалмасыз - 1 бос шалу ; жарты бағаншалардың қатарына шалмасыз : 2 бос шалу,шалмалы бағаншалар қатарына - 3 бос шалу,екі шалмалы бағаншалар қатарына - 4 бос шалып , тоқу осылай жалғаса береді.Содан кейін айналдырып екінші қатарды тоқиды. (терістеме қатар) Айналдырып шеңбер жасай тоқу. Ілмек бізбен айналдыра шеңбер жасап тоқуға болады,бұл тәсілде ортасынан бастап бір бағытта тоқиды және жұмысты (тоқып отырған бұйымды) айналдырудың қажеті жоқ. Ол үшін бос шалулардан тізбек тоқып, тоқылған тізбектің бірінші бос шалуына ілмекбізді кіргізіп, біріктіргіш бағаншалармен сақина жасап тұйықтау керек. Содан кейін осы сақинаға өрнек бойынша бағаншалар тоқиды,әрбір айналымды көтеретін бос шалудан бастап, соңғы көтеретін бос шалумен және біріктіретін бағаншамен аяқтайды. Дөңгеленген қатарларға жайма бұралып кетпеуі үшін үстеме шалулар қосып отыру керек. Айналдырымды біріктіретін бағаншалармен аяқтайды. Жіпті жайманың терістеме жағынан тоқып бекітеді. Іліптоқуды бекіту. Тоқылған бұйым тарқап кетпеу үшін жұмысты аяқтаған соң ,оның шетін бекіту керек.
Жұмыс орындалған соң ,жіпті кеседі де, шалуды соза отырып соңғы ілмектерден ілмекбізбен тартып шығарады. Жұмысшы жіптің ұшын көзі үлкен инеге өткізеді де жайманың терістеме жағына шығарады .

Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:

  • Реттеушілік;

  • Фискалдық;

  • Қайта бөлу.

Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылғанстафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:

  1. - егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;

  2. - егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;

  3. - егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.

Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.

Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциаларда толық ашыла түседі.

Кәзіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді. Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз). Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

  • Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

  • Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.

  • Салық көзі – салық салынатын табыс.

  • Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

  • Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.

  • Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.

  • Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.

  • Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

  • Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.

  • Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.

  • Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.



Қазақстан Республикасының салық жүйесі 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстанегемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған



Жаңа сабақты бекіту:

1 Ілмек бізбен тоқуға арналған жіптердің түрлерін атап шығыңдар?

2.Ілмек бізді қалай ұстау керектігін айтып беріңдер?

3.Ілмек бізбен тоқудың негізгі элеметтерін атаңдар?

4. Салық дегеніміз не?

5. Салық қызметі?


Бағалау: Оқушылардың ерекше қателерін және оның себептерін талдау,әр бір оқушылардың жұмыстарын бағалау.


Үйге тапсырма беру : Ілмек бізбен өрнек тоқып үйрену. Жұмыс орнын жинастыру. 







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Практикалы? ж?мыс №1. То?у т?сілдеріні? технологиясын ?йрету. Салы?.

Автор: Сагидолла Балдырган Сандигаликызы

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283525


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства