Бисквит қамырын дайындау білігін детілдіру.Азық-түлікті жылумен өңдеуді қолдана отыра, тағам дайындаудың технологиялық процесімен таныстыруды жалғастыру.
Тағам дайындау бойынша технологиялық карта құру жолы арқылы басты нәрсені көрсете білу дағдысының дамуына жағдай жасау
Ұжымшылдық, өзара көмек сезіміне тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Практикалық жұмыс № 1 «Бисквит дайындау».»
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс № 1 «Бисквит дайындау». Жалақы
Сабақтың мақсаты: Бисквит қамырын дайындап үйрету
Сабақтың міндеттері:
Бисквит қамырын дайындау білігін детілдіру.Азық-түлікті жылумен өңдеуді қолдана отыра, тағам дайындаудың технологиялық процесімен таныстыруды жалғастыру.
Тағам дайындау бойынша технологиялық карта құру жолы арқылы басты нәрсені көрсете білу дағдысының дамуына жағдай жасау
Ұжымшылдық, өзара көмек сезіміне тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: мазмұндау, әңгімелеу, практикалық жұмыс
Оқыту формалары: топтық
Пәнаралық байланыс: биология, орыс тілі,қазақ тілі,тарих.
Сабақтың көрнегілігі: кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Бисквит қамырының негізі — жұмыртқа. Жоғары сортты ұн пайдаланылады. Бисквит қамырын картоп және бидай ұнының қоспасынан әзірлеуге болады, бірақ картоп ұны бисквитті құрғатады. Қант ұнтағын пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырлы сұйылтып жібереді, ұсақ құмшекер пайдаланған жақсы. Хош иісті етіп, дәмін келтіру үшін қамырға лимон шырынын және цедра қосады, шоколад тортын әзірлегенде ұнтақ какао пайдаланылады. Бисквитті даярлауға кіріспестен бұрын оны пісіретін қалып әзірлеу керек. Егер өрнеуі алынбалы арнаулы қалып болмаса, оның орнына қаңылтыр таба аласа алюминий кастрюль пайдалануға болады. Қалыпқа алдын ала таза қағаз (аздап сары май жағылған) төселеді, ол түбіне және ішкі қабырғаларына нығыз жабы сып тұруы қажет. Егер қағаз болмаса, қалыпқа май жағыл, еленген кепкен нан ұнтағын немесе ұн себуге болады.
Қажетті құрал жабдықтар: табақ,қасық,стакан,табақ,ұн,шекер,жұмыртқа,сода.
Жасалу жолы:
Жұмыртқа мен шекерді көпіргенше араластыру
Жайлап ұн қосып араластыру
Қызып тұрған пешке салып пісіру (30-40 мин)
Қауіпсіздік және тазалық ережелерін сақтай отырып жұмыс жасаймыз.
Э және ҚСН
Жалақы- еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері — Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.