kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?нер там?ан он сауса?, ?зілмейтін ырысы?! (сыныптан тыс ж?мыс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайысты? ма?саты: о?ушыларды шеберлікке баулу, ?з ?лтыны? м?дени м?расын ?адірлеп, ?астерлеуге, ?лтты? д?ст?рді сыйлау?а, ?лтты? та?амдарды ?зірлей білуге, с?н ?лгілерін жасай білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?нер там?ан он сауса?, ?зілмейтін ырысы?! (сыныптан тыс ж?мыс)»

М. Горький атындағы №16 мектеп – лицей









Тақырыбы: Өнер тамған он саусақ,

үзілмейтін ырысың !



Түрі: сайыс

Сыныбы: 5

Орындаған: Орынбаева Айнұр



















2015-2016 оқу жылы







Орынбаева Айнұр Мылтықбаевна 15.08.1981



Тақырыбы: «Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың» !

Сайыстың мақсаты: оқушыларды шеберлікке баулу, өз ұлтының мәдени мұрасын қадірлеп, қастерлеуге , ұлттық дәстүрді сыйлауға , ұлттық тағамдарды әзірлей білуге, сән үлгілерін жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік : слайд , плакаттар, бұйымдар , буклеттер, азық – түлік құрал – жабдықтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, математика, сызу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ .

Екі топқа бөлу : /5 б сынып оқушылары/

І топ : Шеберлер ІІ топ : Бәйшешек

А) Кіріспе сөз.

Мұғалім: Армысыздар , көрермен қауым! «Өнерлінің өрісі кең » демекші қазақ халқы қыздарының әсем де әдемі, шебер де өнерлі болғанын қалаған. Бүгінгі сайыс сіздер үшін тәлім – тәрбиесі мол қазақ халқының ұлттық болымысын насихаттауға арналған. Бұл сайыста өнерлеріңді ортаға салып, биік белесті талпындыруларыңызға тілектеспін! Ендеше «Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың !» атты сайысымызды бастауымызға рұқсат етіңдер .

Жүргізуші:

Қыздарымыз сүйкемді болсын деп , -

Өнер -білімге икемді болсын деп .

Бәйтеректей бойшаңдасын деп,

Өнер - өршіл өркенді болсын деп,

Жақсы жолды таңдайық.

Жамандық тәлім алмайық,

Дарынды мектеп дәстүрін.

Жаңалайық , жалғайық,

Ары адал , жаны жаз.

Арулар жолын таңдайық

деп бүгінгі сайысымызды саралайтын әділ – қазылар алқасымен таныс болайық.

Жүргізуші : Құрметті көрермендер: «Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың !» атты сайысымызды бастаймыз .....

Сайыстың шарттары:

  1. Таныстыру.

  2. Қолөнер сайысы / ою қию, жапсыру /

  3. Білім сайысы / сұрақ – жауап /

  4. Сән үлгісі.

  5. Шығармашылық жұмыс .

  6. Ас мәзірі .

Жүргізуші : «Шешеннің тілі ортақ , шебердің қолы ортақ» дегендей , қазақ қыздарының өмірдегі, өнердегі шеберлігін шыңдауға бүгінгі сайыстың куәгерлерін шақырамыз.



Өнер қуып шеберлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Сайысқа түскен арулар кезектесіп.

Таныстырып өздерін өтер деймін. – деп ортаға екі топтың қыздарын шақырамыз.

Жүргізуші: Сайыстың бірінші шарты – таныстыру.

  1. «Шеберлер » тобы

  2. «Бәйшешек » тобы

Әділ – қазылар баға көтереді.

Жүргізуші:

Әже менен анадан.

Мирас болған қолөнер,

Ұрпақтан озып ұрпаққа ,

Кете берген бұл өнер .

«Ою ойғанның – ойы ұшқыр» деп келесі сайысымыз ою қию, жапсыру. Бұл топта да екі топтың қыздары оюды қағазға қиып, сызып негізгі бөлшекке жапсырады. Топтан бір оқушы оюдың шығу тарихы, түрлері жайлы түсініктеме береді .

Жүргізуші: Келесі шартымыз оқушылардың жыл бойы алған білімдерін саралау мақсатында сұрақ – жауап алу. Бірінші топ жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге мүмкіндік алады.

«Шеберлер » тобы



  1. Ұнның дымқылдығын неще әдіспен анықтайды?

  2. Тігіс түрлерін ата ?

  3. Қазақта қалпақтың неше түрі бар ?

  4. Сәукеленің басты құрамды бөлігі не ?

  5. Малдың сүтінен дайындалатын , ұзақ уақыт сақталатын тағам ?



«Бәйшешек » тобы

  1. Ою – өрнек түрлері нешеге бөлінеді. ?

  2. Ұсақ моншақ қай елде алғаш қайда пайда болған. ?

  3. Үгілмелі қамырды неше тәсілмен әзірлейді.

  4. Пісірілген көкініс тағамдарына не жатады?

  5. Иық бұйымдарын ата ?

Жүргізуші:

Қандай жақсы майысып , тұрғандарың ,

Бойыңа жинағандай өнер бағын.

«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой,

Ару қыздар көрсетсін сән үлгілерін, - деп келесі шартымыз –

«Маусымдық фантазия » атты сәндер шеруі.

Жүргізуші :

Қолдарынан бал тамған,

Таң қалдырған , нұрланған.

Қыздарға кезек берелік.

Шығармашылығын көрелік, - деп сайысымыздың соңғы шарты екі топ өз шығармашылығын көрсетеді.

Шығармашылық тақырыбы: «Қазақ қызы қандай болу керек ?» / постер қорғау /

Жүргізуші: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» демекші қыз бала анасына үй күтімін, ас әзірлеу тағам түрлерін, салат даярлау ерекшеліктерін, ет тарту, тамақ жасау тәсілдерін үйренеді. Олай болса келесі сайысымыз тамақ әзірлеу технологиясы бойынша салат даярлау.

Ортада екі топтың қыздары қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, салат даярлайды. Топтан бір оқушы салаттың жасалу жолы , құрамы жайлы мағұлмат береді. / салат түрлерін дайындау /

Жүргізуші :

Осымен «Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың !» сайысымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысты қорытындылау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Әділ қазыларға сөз беру. Марапаттау . Қорытынды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?нер там?ан он сауса?, ?зілмейтін ырысы?! (сыныптан тыс ж?мыс)

Автор: Орынбаева Айн?р Мылты?баевна

Дата: 19.05.2016

Номер свидетельства: 328535


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства