Ою-өрнектердің түрлерін пайдалану, қағаздан сырмақ жасау.
Ою-өрнектердің түрлерін пайдалану, қағаздан сырмақ жасау.
Оқушылардың ұлттық өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер жайында бастапқы түсініктерін қалыптастырып, ою-өрнектердің түрлерін пайдалану арқылы қағаздан сырмақ жасауды үйрету.
Ой-қиялын дамытып, шеберлік пен шығармашылық жұмыс жасауға белгілі бір нәтижеге жетуге мүмкіндік туғызу, әсемдікке, өнерді бағалауға, ұқыпты болуға, жақсы істерге үйрету, баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ою-өрнектердің түрлерін пайдалану, қағаздан сырмақ жасау.»
2
Ою-өрнектердің түрлерін пайдалану, қағаздан сырмақ жасау.
Гульмира Құнапияновна ЖАҚСЫЛЫҚОВА,
технология пәнінің мұғалімі,
Абай орта мектебі КММ
Қарабұлақ ауылы, Зайсан ауданы, ШҚО
4-сынып Еңбекке баулу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ұлттық өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер жайында бастапқы түсініктерін қалыптастырып, ою-өрнектердің түрлерін пайдалану арқылы қағаздан сырмақ жасауды үйрету.
Ой-қиялын дамытып, шеберлік пен шығармашылық жұмыс жасауға белгілі бір нәтижеге жетуге мүмкіндік туғызу, әсемдікке, өнерді бағалауға, ұқыпты болуға, жақсы істерге үйрету, баулу.
Күтілетін нәтиже: Ою-өрнектердің түрлері және көне қолөнер туралы толық мағлұмат ала алады. Қағаздан ою-өрнек түрлерін пайдаланып жаңаша үлгіде сырмақжасалу технологиясын үйренеді. Өз ойларын, пікірін айтуды, еркін сөйлей алады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ойын «Серпілген сауал», сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, өз бетінше жұмыс жасау, іздену, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет, ою-өрнектерден дайындалған сырмақтар, ою үлгілері, т.б.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, қарындаш, өшіргіш, қайшы, желім, ою үлгілері, плакат.
Сабақтың бөлімдері.
Жұмыс түрлері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдас-тыру кезеңі
Сыныптағы оқушылар-дың үлкен шеңбер жасауын сұраймын.
Ою түрлеріне байланысты топқа бөлінеді.
Топ басшысын сайлайды.
Бағалау парағын алады.
Оқушылармен амандасу;
Психологиялық дайындық жасау;
Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Оқушылардың құралдарының дайындығын тексеру.
Оқушыларды жетістік жолына шақыру;
Әрқайсысы орындарын нақты тауып тұруларын қадағалау;
Жетістік жолына тұрған оқушылардың санын анықтап жазады;
Сабақ соңында қайтадан жетістік жолына келетінін ескертеді;
Жетістік жолында қандай орында тұрғандарын ұмытпауды ескертеді.
Амандасу: үш тілде
- Қазақ тілінде
- Орыс тілінде
- Ағылшын тілінде
Шаттық шеңберін құрады,жұптасып тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Ою-өрнектер түрлерімен топқа бөлінеді;
Оқушылар жетістік жолында өз орындарын белгілеп тұрады.
Білмеймін
Білемін
Түсінемін
Көмектесе аламын
Үй тапсырма-сын тексеру,
ой қозғау
Өткен тақырып бойынша сұрақтар.
Ойын: «Серпілген сауал»
Өткен тақырыпты түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушыларға қағазға жазылған сұрақтарды умаждап лақтыру;
Ою-өрнектерге байланысты мақал-мәтелдер сұрайды;
Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?
Оқушылардан ою-өрнектер тобына топтастыру жасау сұралады;
Топтар арасында дайын болған оқушылар қағазды мұғалімге лақтырып, кері байланыс жасайды.
Сұрақтарға жауап береді;
Ою-өрнектер туралы мақал-мәтелдер айтады;
Оқушылар смайликтер, бағдаршам және бармақтар арқылы өздерін өздері бағалайды.
Топ басшылары ұпай санын жазып отырады.
Ою-өрнектер тобына топтастыру жасайды.
Мағынаны тану
Ою-өрнек түрлерін қиып жапсыруды көрсету.
Өткен сабақта ою-өрнектердің тарихы және ерекшеліктері туралы түсінік алдыңдар. Енді бүгінгі сабағымызда ою-өрнек түрлерін қолданып түрлі-түсті қағаздардан жапсыру арқылы сырмақ жасауды үйренеміз. «Өнер - таусылмас азық, Жұтамас байлық» - деген дана халқымыз. Сырмақ негізінен оюлап киіз басу және мата түрлерінен дайындалады. Қазақтың қандайда кез-келген бұйым түрлері ұлттық өрнектермен әшекейленіп, көмкеріледі. Оқушыларға буклеттегі ою-өрнектерді көрсету, матадан дайындалған сырмақтар және слайдтан сырмақ түрлерін ою-өрнектер көрсетіп түсінік беріледі. Жасалу жолдарын, түстердің үйлесімділігі ою-өрнектердің атаулары айтылады. Бүгінгі күнге дейін оюлардың 200-ден астам түрлері белгілі болғанын айтады.
Көрген сырмақтар, бұйымдар арқылы оқушылардың қызығушылығы артады.
Сарамандық жұмыс
«Шеберлік-те шек жоқ»
- Дайын үлгілер тарату.
- Қағаз түрлерін таңдайды.
- Бастырып қиады.
Күй «Көңіл толқыны»
Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді.
Қайшымен жұмыс
Желіммен жұмыс
Сарамандық жұмысты Бауыржан Момышұлының өлең жолдарымен бастау:
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам, қолыма қайшы алып, ою оям –дегендей қолымызға қайшы алып, ойланып ою-ойып сырмақ жасаймыз.
Оқушылар топта жұмыс істейді.
Ақылдасады, ойланады, бір шешімге келеді.
Күй әуенімен жұмыс істейді.
Әр түрлі ою-өрнектерді қиып жапсыру арқылы әр түрлі сырмақтар жасайды.
Сергіту
Әр түрлі қимылдар жасайды.
Оқушыларға қимыл түрін көрсетеді.
Қимыл түрлерін көрсетеді.
Орнымыздан тұрайық
Мойнымызды бұрайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық.
Сарамандық жұмысты жалғастыру
Қиып алған оюларын
жапсырады.
Бағыт-бағдар нұсқау береді.
Топпен жұмыс жасайды.
Қиып жапсырады.
Бекіту
Оқушылар жасаған сырмақ-тарын қорғайды.
Топтастыру жасау.
Жетістік жолына тұрады.
Жасаған сырмақтарының түс үйлесімділігін реттілігіне қарай, сараптама жасайды ерекшеліктеріне, әсемдігіне байланысты оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Сонымен ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер?
Жетістік жолына тұру сұралады.
Білмеймін
Білемін
Түсінемін
Көмектесе аламын
Оқушы санын есептейді.
Әбілхан Қастеев :
Өнерді – таудың бұлағынан
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен
Қошқардың мүйізінен үйрендім- дегендей бүгін сендер өнердің бір түрі сырмақ жасауды үйрендіндер.
Жұптық жұмыс. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарына пікір айтып, баға береді.
Білетін ою-өрнектерін айтады, топтастырып жасайды.
Жетістік жолына ойланып тұрып, ойларын еркін айтады.
Бағалау
Критерий бойынша
Топ басшысы ұпай санын есептеп бағасын айтуды сұрайды.
Топ басшыларының бағалау парағын алып, қадағалау жасайды. Қорытынды бағаны айтады.
Өздерін-өздері бағалайды.
Топ басшысы бағаларын айтады.
Үйге тапсырма
Ою-өрнектерді пайдаланып,сырмақтың басқа түрлерін түрлендіріп дайындау.