kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Монша?тан г?л то?у: г?л шо?ыры.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?лімні? та?ырыбы: С?ндік ?олданбалы ?нер.

Саба?ты? та?ырыбы: Монша?тан г?л то?у: г?л шо?ыры.

Саба?ты? ма?саты: о?ушылар?а монша?тан г?л то?уды ?йрете отырып, композициялы? панно жасау.

Білімділік ма?саты: о?ушыларды? монша? то?уда?ы білімін ж?йелендіру; шеберлік де?гейін арттыру ар?ылы ?семдік пен с?лулы?ты ба?алай білуге ?йрету.

Дамытушылы? ма?саты: о?ушыларды? ж?мысты орындауда?ы ептілігін дамыту; ал?ан білімін ?з бетінше ?олдана білуін ?ада?алау.

Т?рбиелік ма?саты: о?ушыларды? эстетикалы? тал?амын т?рбиелеу; тияна?тылы? де?гейін к?теруге баулу.

Саба?ты? ?дісі: аралас, сараманды?.

П?наралы? байланыс: биология; г?лдерді? т?рлері, ??рылысы; бейнелеу ?нері; композиция ??рау, т?стерді та?дау; тарих; бисерді? пайда болу тарихы.

К?рнекіліктер: монша?тан жасал?ан б?йымдар ?лгілері, схема, кітаптар, журналдар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Монша?тан г?л то?у: г?л шо?ыры. »

Бөлімнің тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер.

Сабақтың тақырыбы: Моншақтан гүл тоқу: гүл шоғыры.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға моншақтан гүл тоқуды үйрете отырып, композициялық панно жасау.

Білімділік мақсаты: оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру; шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту; алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.

Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу; тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

Сабақтың әдісі: аралас, сарамандық.

Пәнаралық байланыс: биология; гүлдердің түрлері, құрылысы; бейнелеу өнері; композиция құрау, түстерді таңдау; тарих; бисердің пайда болу тарихы.

Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, схема, кітаптар, журналдар.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Мектептегі технология. Технология в школе» журналы.

  2. Энциклопедия рукоделия. М., 2000

  3. Л.Божко, Бисер С., Мартин, 2003.

Қажетті жабдықтар; моншақ, бисер, таяқша моншақ, картон, мыс темір сым.

Құралдар: кемпірауыз, қысқыш, қайшы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тақырыпты меңгеруге өтілген негізгі білім арқылы дайындық

  3. жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық

  4. Жаңа тақырыппен таныстыру

  5. Сарамандық жұмыс арқылы түйіндеу.

  6. Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу)

  2. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты мен міндеттері.

  3. Жаңа тақырыппен таныстыру: моншақпен гүл тоқу: гүл шоғырын тоқу.

Бисердің тарихы. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Дегенмен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финкия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финкиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға

тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Еш нәрсе таппаған олар кемеден селитраның (натрий қосындылары) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген.

Бірақ финкиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен

жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д. ІҮ ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, маргенец қосу арқылы егиметтіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлері еркектер де, әйелдер де, әсіресе ақ түсті киімдермен таққан екен.

Ең алғашқы бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың « бусра » немесе « бусер » деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан».Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византиға өтеді. Ал Константинопольді түрік

жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан жаққа тарап

әлемге «бисер» атауы әйгілі бола бастады.

Жұмыс орнын ұйымдастыру: бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алу, әсіресе ол жерде бисерді қалай орналастыруды ойластыру қажет. Ол үшін (бисерді орналастыру) бір бедерлі фланельді жастықшаға ұқсас төрт бүктеп, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайда өте терең емес (5-10 мм) тәрелеклерге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салағн жөн, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар пайдаланауға болады.

Бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтмасыз етлуі керек. Болмаса, көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.

Сарамандық жұмыс. Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы-параллельді тоқу. Яғни, сым бисердің қуысынан параллель өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдісін қарап көрейік.

Қарапайым жапырақ немесе гүлдің жапырағы келесі түрде орындалады. Ұзындығы мейлінше 20-30см, болатын сым алынады, оған таңдалған үш бисер кигізіледі (2сурет), кейін сымның келесі ұшымен екі бисерден бір-біріне тығыз орналасып, үш моншақтан тұратын үшбұрыш құралады. Осы жерде сымдардың екі ұшының ұзындығы тең болуына көңіл аудару қажет. Содан соң сымдардың кез келген басына үш бисер өткізіп, арғы басымен қарсы параллель жүргіземіз (26 сурет). Жұмыс 1 негізгі параллель тоқу схемасына сәйкес жалғасады (2г-сурет). Жапырақ шашылып қалмау үшін соңғы қатар орындалған соң, сымның ұштарын мықтап бұраймыз. Осындай үлгіден 5-8 жапырақша тоқып, оны біріктіру арқылы гүл, не болмаса, бұтақ құрауға болады.

Шалып тоқу әдісі. Шалып тоқу әдісінің ең қарапайым әдісі-бір бисерден тұратын элемент (2д, е-сурет) көсетілген. Бұл суретте схема:

1-2-3-4-5-4-3-2-1 формуласына сәйкес орындалады.

(Табиғат сыйы», Гүлденген жаз табиғаты әр жанның көңілінен шығарлық. Табиғаттың байлығы өзінің әркелкілігімен, түстердің байлығымен көздің жауын алады.

Ұсынылған модельді схема табиғатта кездесетін әр түрлі форма мен көлемнің үлгісі.

Бұл жұмысқа қажетті заттар;
- дөңгелек формадағы ақ түсті бисер 15-20г.

    • дөңгелек қызғылт сары бисер 3г

    • 3 м жуық мыс немесе темір сым.

Орындау ережесі: Гүлдің дайындау ережесі әдеттегідей жапырақшасынан басталады. Берілген гүлдің нұсқасы 5 жапырақтан тұрады. Ол үшін әр қайсысы 40см болатындай алдын ала 5сым, ақ және қызғылт сары бисер дайындау қажет. Схемада көрсетілген ретпен алғашқы рет мынадай: алдымен сымға 11 бисер өткізіп оны ортасына орналастырамыз, осыдан кейін сымның бір ұшына 4 бисер кіргізіп, алдыңғы 5 моншақты қалдырып, қалған 6- моншақтан өткіземіз. Сымның келесі басына да 4 моншақ кигізіп алып сымды орталық және келесі 5 бос бисерден кіргіземіз (3 а-сурет). Сымның соңын жақсылап тартып схема бойынша жалғастырамыз (3ә-сурет).

  1. 5а-1қс-5а

  2. 6а-қ, с-6а

  3. 7а-1қ, с-7а

  4. 8а-1қ, с-3а-1қ. с-3а-1қ. с-4а

  5. 4а-1қ, с-3а-1қ, с-3а-1қ, с-4а

  6. 4а-1қ, с-3а-1қ с-3а-1қ, с-4а

  7. 4а-1қ, с-2а-1қ, с-2а-1қ, с-4а

  8. 3а-1қ, с-2а-1қ, с-2а-1қ, с-3а

  9. 3а-1қ, с-1а 1қ, с-1а-1к, с-3а

  10. 1а-5қ, с-1а

  11. 5қ, с

  12. 4қ, с

Гүлдің ортасын орындау үшін 10 см сым алып, оған 7 жасыл, 3 сары түсті бисермен схема бойынша орындалады (3б-сурет). Оны схеманың көмегімен 5 модель дайындап, оған орындалған гүлдің жапырақшаларын біріктіріп, сымдарын қосып бұраймыз. Алғашында күрделі көрінген гүліміз дайын.

Сирень. Бұл модель-релистік өсімдіктің миниатюралы көшірмесі десек те болады. Үлгіде гүлдің тек бір ғана бұтағының (таяқшасы) схемасы берілген, алайда композиция құрау үшін, әрине мұндай бұтақтың бірнеше түсте және әр түрлі конфигурациялы болып келеді. Табиғат болашақ композицияның әр түстілігін өзі-ақ ымдағандай: ақтан бастап күлгін түстің әр түрлі реңдерін пайдалануға болады.

Модельді орындауда шалып тоқу техникасы-сиреньді тоқуға, параллель тоқу әдісі-жапырақ тоқуға қолданады. Сиреньді тоқуға сол сияқты іші қуыс болған түссіз бисер өте қызықты әсер қалдырады. Жұмысқа қажетті құрал жабдықтар:

-11 дөңгелек формалы бисер: 50-60г күлгін түсті; 30-40г ақ-түсті; 3-4 м мыс немесе темір сым.

Орындалу реті: ұзындығы 25-30 см болатын шамамен 20 сым кесіп дайындау керек. Бұл шоғырда дайындауды екі әдіспен орындауға болады (4а, ә-сурет).

Біріншісі: қалаған ұзындықтағы сымға 4 немесе 5 моншақ өткізіп алып бисерлерді сымның ортасына апарамыз, екі ұшын да қайырып бір-біріне мықтап ораймыз. Осы әдісті пайдалана отырып, бірнеше гүлдерді дайындаймыз (4а-сурет). Осылайша осы бұтақтарды біріктіріп сирень құрауға болады. Екінші тәсілде осы іспеттес (4ә-сурет), әр гүлдің түбінен бұрап жеке гүлдерден қол шатыр тәріздес бұтақ құрап: барлық гүлдерді бір деңгейге қойып бір нүктеде қосу керек (4б-сурет). Әр қол шатыр 5-6 гүлден тұрады.

4-5 бұтақтарды бір-біріне тізбектей жинап, үлкен ортақ бұтақтың пішінін құрайды. Сиреньнің жапырақтарын әр түрлі көлемде қалаған ретпен параллель тоқу тәсілімен орындаймыз. Осыдан кейін гүл мен жапырақтарды өзара сымдарды орау арқылы композициямыздың негізгі элементтері орындалды. Дайын болған гүлдерімізді миниатюралы құмыраларға, мата тартылған картонға, тіпті болмаса сәндік үшін киіміміздің жиегіне, жағасына, алқымына қыстыруымызға әбден болады.

Пайдалы кеңестер.

  1. Сыртқы көрнісін жақсарту үшін: бисер-айтарлықтай салмақты материал, кейбір күрделі немесе көлемді бұйымдар солып, салбырап қалуы да мүмкін. Сондықтан бұталарын қатайту үшін арнайы диаметрі 0,6-1,2мм болатын флористикалы сымды пайдаланған жөн. Мұндай сым өзінің жуандау диаметріне қарап гүлге қажетті пішін бере алады.

Кейде жұмыс барысында сымның үзіліп кетуі де мүмкін. Егер бұл жұмыстың басында кездессе, қайта бастаған дұрыс болар, ал жұмыстың біршама бөлігі орындалып қойса, үзілген ұшын 1-2 қатар босатып төменде көрсетілген екі тәсілмен бекітуге болады.

Бірінші тәсіл-әр сымның әр ұшымен тоқылу принципімен кері қарай жүру (1а-сурет). Бұл егер сым жіңішке немесе моншақтың тесігі үлкен болған жағдайда. Егер моншақ өте ұсақ немесе сым жуан болса сымның ұштарын бұйымның шеткі шалуларының арасынан кейін қайтып бекітеміз (1ә-сурет).

Екінші тәсіл-композицияны құрастыру кезінде гүлдердің үйлесімділігін ескеру маңызды рөл атқарады. Егер бисерден тірі гүлге ұқсас тоқылса, онда дала гүлдері мен бақша гүлдерін қатар қоюға болмайды. Снымен қатар, көктемгі гүлдер мен күзгі жапырақ араластырған өрескел қателік.

Сабақты қорытындылау. Сарамандық жұмыс соңында топтасып «Түймедақ» сканвордын шешу.

Әр жауапқа бір гүлден беріледі.

  1. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды (Египет)

  2. Параллель тоқу әдісімен тоқылатын бұйым (гүл)

  3. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады (әшекей).

  4. Бисермен гүл, жапырақ тоқу үшін қандай материал қолданған жөн (сым)

  5. таяқша, сопақша қырлы бисердің формалары (дөңгелек).

  6. Таяқша, сопақша қырлы бисердің формалары (дөңгелек)

  7. Гүл, жәндіктер тоқуға қолданылатын әдіс-тәсіл (параллель)

  8. Бисермен жұмыс істегенде көмектесетін құрал (қайшы)

Оқушылардың білімін тексеруге арналған көрнекі құрал






Т



Ү







Й




М




Е




Д












А







Қ







Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.

Оқушылардың жұмысын бағалау,

Үйге тапсырма беру.














































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Монша?тан г?л то?у: г?л шо?ыры.

Автор: Тулаева Аймекен Байбакитовна

Дата: 04.05.2015

Номер свидетельства: 208083


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства