Просмотр содержимого документа
«Монша? пен то?ымашылы? »
Күні: 16.02.2015
Класс: 9 «А»
Сабақтың тақырыбы: Моншақпен тоқымашылық
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып,білімін жүйелеу. Білімділік: Қыз балаларға моншақпен жұмыс жасау технологиясын түсіндіріп, дайындау жұмыстарын үйрету.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, ой - өрісін кеңейту, қолөнерге ынтасын арттыру. Тәрбиелік:Қыз балаларды көркем тоқуға, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдікпен сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, сарамандық жұмыс, шеберлік-класс
1.Түрлі-түсті шыны моншақтар бірігіп не құрайды?(өрнекті композиция)
2.Композиция дегеніміз не?(үйлестіру заңдылығы)
3.Бисер дегеніміз не?(кішкентай ортасында тесігі бар шариктер, түстері әртүрлі)
4.Бисердің түріне қарап бөлінуі?(қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, шарлот бисері)
5.Стеклярустың бисерден айырмашылығы?(ол түтікше тәріздес 5-10 мм қырлы немесе цилиндр пішінді)
6.Құрамына қарай бисердің бөлінуі?(шыныдан, металдан)
7.Бисерді кестелеуге арналған неше тігіс түрі бар?(11)
III.Сәйкестендіру тестісі
«Арка»тігісі. Инеге екі немесе төрт бисер тізіп алады. Қатаң болуы үшін бір моншаққа емес, бірден екі, үш моншаққа кері бағытта инешаншым жасап отыру керек.
«Екі жақты вприкреп» тігісі. Бисер тізбегін матаға қосып тігетін жіпке терістеме жағынан бисер тізеді, инені өң жағына шығарады, бисер тізбегін матаға тігеді, қайтадан инені матаның терістеме жағына өткізіп бисер өткізеді.
«Монастырь» тігісі. Әрбір инешаншымға өң жағында бір бисерден өткізіп, диоганальді инешаншым жасалады да инені бисерге жақын жерден терістеме жағына өткізеді. Терістеме жағынан тік инешаншым жасалады да, жіпті тағы да өң жағынан шығарады және диагональ инешаншым жасап,бисер тоқылады.
«Торлау»тігісі. Тігіс қарапайым торлау тігісі сияқты орындалады. Әрбәр жоғары ілмекке бисер өткізіледі.
«Вприкреп» тігісі. Бұл тігісте алдымен бисерлерді жіпке тізіп алып, содан кейін матаға қысқа инешаншымдармен әрбір бисер арасын қосып тігеді.
«Ине алға»тігісі. Инені матаның өң жағына шығарып оған бисер өткізіп, инешаншым жасап инені матаның терістеме жағына өткізіп, мата бетіне қайта шығарып екінші бисер өткізіп, осылай қайталай береді.
IV.Жаңа сабақ
Моншақ . Моншақ ұсақ, түрлі-түсті, пішіні әр түрлі (шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Асыл тастардан, басқа да бағалы заттардан жасалынады. Моншақ сөзі екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған. Сөздің алғашқы буыны “мон” көне түрік тіліндегі бойун (бойын), богін, Мойын” – дене мүшесінің атауы екендігі аңғарылады. Ал сөздің екінші сыңары жәй жасаушы жұрнақ қана емес. Көне түрік тілінде “Чағ”, “Чек” мағынасындағы сөздер қазіргі ұғымымызда байлау етістігі орнына жұмсалған, яғни Моншақ сөзінің әу бастағы алғашқы мағынасы “мойынға байлау” екен. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан, Ежелгі Египетте шыныдан, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда, т.б. жерлерде шыныдан, асыл тастардан жасалған.
Білезік– білекке тағылатын әшекейлі, сәндік бұйым. Білезік сөзінің түп-төркіні білек және жүзік (білекжүзік — білежүзік — білеүзік — білезік) сөзінен туындаса керек. Білезіктің көлемі, пішіні, әшекейі әр алуан болады.Білезіктің екі түрі бар. Олар: соғылатын білезіктер және жасалынатын білезіктер. Металдардан жасалған білезіктерге асыл тастардан көз орнатылады, алтын не күміс жалатып, лажылап, эмаль бағдарлап, қола, жез, мельхиор, т.б. металдардан соғады. Оның құйма білезік, қос білезік, қуыс білезік, бес білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, жалпақ білезік, сом білезік, жұмыр білезік, өбістірме білезік, т.б. түрлері бар. Ал жасалынатын білезіктер әртүрлі ірілі-ұсақты моншақтардан, жіп түрлерінен, былғары бұйымдарынан өріліп, тоқылады.
V. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар.
VI.Сарамандық жұмыс. Моншақтан білезік тоқу
1.Қауіпсіздік ережелері:
1.Инеден жіп еркін өтуі үшін ине жіптен сәл жуан болуы керек.
2. Инені ұшы түйілген жібімен бірге инесалғышта сақтаған дұрыс.
3.Түйреуіштерді жабық ыдыста сақтайды.
4.Ине және түйреуіштермен жұмыс жасаған кезде оларды жұмысты бастамай тұрып және жұмыс біткен соң санау керек.
5.Жұмыс істегенде қайшының сабын өзіне қаратып, қайшы ұстауға ыңғайлы қолға жақын қояды.
6.Оны басқа адамға бергенде жабық ұшын өзіңе қаратып, сап жағымен ұсыну қажет.
2.Жұмыс орнын ұйымдастыру: моншақ, бисар, леска, швенза, қайшы, жұмыс қорапшасы.
3.Жұмыстың орындалу технологиялық картасы
Жұмыстың орындалу реттілігі
Суреттемесі
1-тәсіл. Леска жібін қиып аламыз. Оның бір ұшын түйіндеп қоямыз. Екінші ұшынан бастап жұмысты бастаймыз. Жібімізге 2 көк бисер, 1үлкен жасыл моншақ, 2көк бисер және 12 қара бисер тіземіз. Содан соң жібімізді 9 тесіктен өткізіп, шығарамыз.
2-тәсіл. Жібімізге 1орташа көк , 5қара бисер, 1орташа көк моншақ өткізіп,оны 8 қара бисерден өткізіп, 12 қара бисерден шығарамыз.
3-тәсіл. Жібімізге 1орташа көк , 5қара бисер, 1орташа көк моншақ өткізіп,оны 10 қара бисерден өткізіп, 13 қара бисерден шығарамыз.
4-тәсіл. Жібімізге 1орташа көк , 5қара бисер, 1орташа көк моншақ өткізіп,оны 12 қара бисерден өткізіп, 15 қара бисерден шығарамыз.
5-тәсіл. Жібімізге 1орташа көк , 5қара бисер, 1орташа көк моншақ өткізіп,оны 14 қара бисерден өткізіп, оны1-ші орташа көк моншақтан шығарамыз.
6-тәсіл. Жібімізге 5 қара бисер, 1 орташа көк моншақ, 2 қара бисер, 2 көк бисер,1 үлкен жасыл моншақ,2 көк бисер өткізіп, алдыңғы 2 қара моншақтан, 1 көк бисерден және соңғы тізілген 8 моншақтан өткіземіз.
7-тәсіл. Жібімізге 2 көк бисер, 1үлкен жасыл моншақ, 2көк бисер, 10 қара бисер өткіземіз. Жібімізді алдағы 2 қара бисерден және соңғы өткізген 9 моншақ тесігіне өткізіп, шығарамыз.
8-тәсіл. Жібімізге 1орташа көк моншақ, 5 қара бисер, 1 орташа көк моншақ тізіп, оны 3 қара бисерден өткізіп,6 қара бисерден шығарамыз.
9-тәсіл. Жібімізге 1орташа көк моншақ, 5 қара бисер, 1 орташа көк моншақ тізіп, оны 5 қара бисерден өткізіп, 8 қара бисерден шығарамыз.
10-тәсіл. Жібімізге 1орташа көк моншақ, 5 қара бисер, 1 орташа көк моншақ тізіп, оны 7 қара бисерден өткізіп, 10қара бисерден және алдыңғы1 орташа көк моншақтан өткізіп, шығарамыз.
11-тәсіл. Жібімізге 5 қара бисер тізіп, алдыңғы 1орташа көк моншақтан, 4 қара бисерден өткізіп, алдыңғы тізілген 2 көк бисерден, 1үлкен жасыл моншақтан, 2 көк бисерден, 2 қара бисерден және 1 орташа көк моншақтан өткізіп, шығарамыз. Одан әрі 6 тәсілді орындаймыз. Осылай тоқуды жалғастырамыз.