kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Модульдік оригами т?сілімен б?йым жасау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік ма?саты:  О?ушыларды? оригами жайлы т?сініктерін тере?дету, ?а?азбен ж?мыс істеу, б?ктеу ?дістерін ?йрету.

Дамытушылы? ма?саты: О?ушыларды? ?нерге, е?бекке деген ынтасын, ?абілетін арттыру, ойлау ?абілетін дамыту.

Т?рбиелік ма?саты: Эстетикалы? тал?амдарын арттыра отырып, ?немділікке, жина?ылы??а, баста?ан істерін ая?тау?а, шеберлікке баулу, саба?та ал?ан білімдерін ?мірде пайдалана білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Модульдік оригами т?сілімен б?йым жасау. »

Сабақтың тақырыбы: Модульдік оригами тәсілімен бұйым жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың оригами жайлы түсініктерін тереңдету, қағазбен жұмыс істеу, бүктеу әдістерін үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өнерге, еңбекке деген ынтасын, қабілетін арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, үнемділікке, жинақылыққа, бастаған істерін аяқтауға, шеберлікке баулу, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас, сарамандық.

Сабақтың әдісі: 1.Түсіндірмелі – иллюстрациялық.

2.Репродуктивтік.

Сабақ көрнекілігі: технологиялық карта, көрме заттары, қағазды бүктеу әдісімен жасалған жұмыстар, буклет.

Қажет заттар: А 4 форматты түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім ПВА.

Пәнаралық – байланыс: тарих, сызу, математика, бейнелеу өнері, өзін-өзі тану, психология.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Ұй тапсырмасын сұрау.

-Балалар, біз өткен сабақтарда ою – өрнектер туралы жалпы мағлұмат алып, ою түрлерімен , оларды қиып алу әдістерімен таныстық. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Брейн – ринг» ойыны арқылы мына тұрған шеңбердегі төрт түрлі: қызыл, жасыл, сары, көк түсті карточкалар сұрақтарына жауап алып, өткен сабақты қаншалықты меңгергендіктерің тексеріледі.

Қызыл карточка:

  • Ою - өрнек қандай сөзден шыққан ? (Латынның «орнамент» сөзінен)

  • Ою – өрнек неше топқа бөлінеді ? ( 4 топқа)

Жасыл карточка:

  • Ою – өрнектің неше түрі бар ? ( 200-ден аса)

  • Эскиз дегенді қалай түсінесің ? (Қандай да бір бұйымның жобасын түсіру)

Көк карточка:

  • Симметриялы өрнек дегеніміз не ? (Барлық бөліктердің бір - бірімен белгілі бір заңдылықпен орналасуы)

  • Ассиметриялы өрнек дегеніміз не ? ( Композицияның тең дәрежедегі бөліктерінің бір - біріне ұқсамауын айтамыз)

Сары карточка:

  • Түс үйлесімділігі деніміз не ? (Бояу түстерінің үйлесуі)

  • Қолөнер бұйымдары өрнек түріне байланысты өңделе ме ? (Өрнек түріне байланысты өңделеді)

Ою - өрнектер бойынша сұрақтар:

  1. Қазақ ұлттық ою – өрнектері мотивіне қарай қанша топқа бөлінеді? (Зооморвтық, космологиялық, өсімдік тектес, геометриялық).

  2. Қошқар мүйіз оюы қандай ұғымды білдіреді ? ( Байлықтың, молшылықтың, тоқтықтың белгісі)

Кіріспе нұсқа. Жаңа материалды оқып үйрену.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

« Маған айт – мен естимін,

маған көрсет – мен есімде сақтаймын,

маған істеуге бер – мен түсінемін » ( Жапон мақалы)

Оригами – қағаз икемділігінің өнері, Жапонияда пайда болған. Қағаздың Қытайда пайда болғанына қарамастан, Жапонияда қағаздан тамаша әдемі фигураларды істеуді ойлап тапты. Жапон тілінде «ори» - «қағаз» , «ками» - құдай» деген мағынаны білдіреді.

Жапонияда оригамимен балалардан бастап құрметті, байыпты адамдарға шейін көптеген жан әуестенеді. Өйткені бұл, уақытты тартымды өткізу мүмкіндігі және ақылды жаттықтыру, қол қимылдарын машықтандыру әдісі. Соңғы уақыттарда тек Жапонияда ғана емес, сондай – ақ дүние жүзінің көптеген елдерінде нағыз шебер – оригамишылар пайда болды. Өнердің осы түріне арналған газеттер, журналдар шығады, ғаламторда сайттар жасалуда. Тіпті қағазбен бүктеу жолымен кейбір дерт түрлерін емдеу тәсіліде бар. Тілек жұмбақтап және 1000 «цуруды» құрастырса , онда бұл тілек міндетті түрде орындалады деген сенім туған. Дәл осы сенім туралы дәрігер Хиросиманы ядролық бомбылаудың құрбаны – Садако Сасаки деген қызға айтқан. Бұл қыз ядролық сәуле алып, аққандық ауруына ұшыраған. Тырналарды бүктеп істеу ол үшін тәуір болып кетудің соңғы үміті болды. Бірақ Садако тек 644 «цуруды» бүктеп үлгерді....

Содан бері жапондық балалар үнемі оның ескерткішіне өздерінің қағаз құстарын әкелетін болды. 2003 жылдың тамызында Садаконың ескерткішінің етегінде 60 000 - ға жуық жапаондық тырналар жиналды. Солай тырна соғыссыз әлемге үміт нышаны болып белгіленді. Әркім оригамиде өзінікін табады.

Сәулеткер – жазықтықтың тамаша қиылысуын, бозбала – сүйіктісіне арналған ерекше сыйлықты, баспагер – оригами бойынша кітаптарға сұраныс, педагог – өзінің оқушыларының алдында нағыз сыйқыршы болу мүмкіндігіне, егде адам – өзінің немерелерін таңқалдыру әдісіне, ал оқушы ерекше дәрістен қуаныш алуға ие болады.

Оригамидің әліппесі

Ең қиын деген бұйымды бүктеп жасаудың сызбасын салу үшін керек болатын оригами бойынша халықаралық әдебиетте баяғыдан қалыптасқан белгілі бір шартты белгілері бар. Шартты белгілер өзіндік «нота» ролін атқарады. Кесте № 1,2,3

Оригамидің оқушылар үшін маңызы. Схема жасау

«Кусудама» - «емдік, сиқырлы шар» деген мағынаны білдіреді.

«кусури» -дәрі «тама» - шар. Кусудама - оригамидің көлемді модульдік түріне жатады. Оригамидің бұл түрімен неше түрлі шарларды жасап, мерекелік іс – шараларды безендіруге, үй интерьеріне пайдалануға болады. Бүгінгі сабағымызда біз сендермен осы әдістің көмегімен керемет, көз қуантатын гүл жасайтын боламыз.

Гүл, сұлулық, махаббат.

Үш сөздің үшеуі де біздің түсінігімізде бақытты өмір жөнінде адам арманының үш серігі.

Гүл - көз қуанышы.

Көңілді жайландыратын табиғи сый. Гүл - өмірдің, өсудің, алға басудың символы.

Олай болса бүгін біз сендермен «Кусудама» тәсілін пайдалана отырып, гүл жасауға кірісейік.

Сарамандық жұмыс.

  • Енді, оқушылар, осы алған білімімізді практикамен ұштастырамыз. Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын мына жұмбақты шешіп көрейікші.

Жұмбақ жасыру.

Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе, жоқ тыныш. (Қайшы)

«Естіртпе – деп, ине –жіптің күңкілін ,

Бүтіндейді қағаз кітап жыртығын. (Желім)


Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

1.Шашты орамалдың астына жинау керек.

2.Арқаны орындыққа түзу ұстап, орындыққа түзу отыру керек.

3.Бұйымды көзден 30-40 см арақашықтықта ұстау керек.

4.Қайшыны берген кезде немесе жұмысты аяқтаған соң, ұшын жауып қою керек.

5.Желімді иіскеуге болмайды.

Нұсқау қағазын басшылыққа алып, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, сарамандық жұмысқа кірісеміз.



Шеберлікте шек жоқ,

Жалқаулыққа жол жоқ.

Өнерлінің қолынан,

Тамып тұрған бал көп.

Бал тамған қолдарыңмен жұмысымызды бастаймыз.

Іске сәт! (Түсінбеген жерлері болса көрсетіп отырамын)

Баяу музыка ойналып тұрады. Табиғат көрінісі. Оқушылардың алдына нұсқау карталарын таратып беремін, соны басшылыққа алып, күй әуенін тыңдай отырып, сарамандық жұмысқа кіріседі.

Сергіту сәті.

Еңбекке, шеберлікке қатысты мақал – мәтелдердің жалғасын табу.

Кім тапқыр ? танымдық тапсырма

Қортындылау, бағалау.

Балалар, келген жерімізден жұмысымызды тоқтатамыз. Бүгінгі сабақта біз сендермен Оригами жайында көптеген мәліметтер алдық. Модульдік оригами «Кусудама» әдісін пайдалана отырып гүл жасадық.

Рефлексия.

Тақтадан сәулесіз күн шығады. Оның бетін бұлт басып тұрады. Оқушыларға күн сәулелері таратылады. Әрбір сәулеге оқушылар сабақтан алған өз әсерлерін, нені үйренгенін, өзіне қандай жаңалық ашқанын жазады.

(Жағымды әсерлерден бұлт тарап, күн күледі ).

Маған тақырып өте қызықты болды, маған жұмыс жеңіл болды, мен көптеген мәліметтерге қанық болдым.

Бастаған істі аяқтауға шыдамдылық, ізденімпаздық керек. Сонда ғана жұмыс шығармашылық деңгейге көтеріледі.

(Әрбіреуінің жұмысына тоқталып, бағасын айту).

Ұлы Абай Құнанбаев айтпақшы бес дұшпанның бірі ысырапшылық болса, біз бүгін осыған жол бермей, әдемі дүниелерді өз қолымызбен жасауға болатынына, көз жеткіздік.

«Ғажайып қобдиша» ойыны.

Оқушылардың модульдік оригами кусудама жайлы түсініктерін тұжырымдап алу үшін

«Ғажайып қобдиша» ойыны ойналады.

Ойынның шарты: қобдишадағы сұрақтарға жауап беру.

1.Оригами дегеніміз не ? Оригамидің Отаны

2. Оригамидің қандай түрлері бар?

3.Оригамидің оқушылар үшін маңызы қандай ?

4.«Кусудама» қандай мағынаны білдіреді ? Оригамидің қай түріне жатады ?

Үйге тапсырма беру.

Түрлі – түсті қағаз, ПВА желімі, қайшы әкелу.

«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» тақырыбына эссе жазу.

Ынта болса – адамда.

Қиын іс жоқ – ғаламда сөзімен аяқтау.

Жұмыс орнын жинау.


ШҚО,Үржар ауданы,Үржар ауылы

«Крупская атындағы орта мектеп-балабақша»КММ-сі
технология пәнінің мұғалімі Саябаева Гульгайша Жакенқызы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Модульдік оригами т?сілімен б?йым жасау.

Автор: Саябаева Гульгайша Жакеновна

Дата: 04.05.2015

Номер свидетельства: 207930


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства