Просмотр содержимого документа
«Маталарен танысу. Жан-жануарлардан алынатын талшы?тар.»
Сабақтың тақырыбы: Маталарен танысу.Жан-
Жануарлардан алынатын талшықтар.
Мақсаты: 1. Матаның физикалық – механикалық қасиеттерімен, жан- жануарлардан
Алынатын талшықтар туралы мағлұматтар беру.
2. Оқушылардың халқымыздың ата дәстүріне, қолөнеріне терең үңіліп,
дүниетанымын кеңейтіп , ой өрісін дамыту.
3. Белсенділігі мен қызығушылығын арыттыру. Алған білімді дұрыс
әрекетке пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кірістірілген сабақ
Сабақ типі: аралас
Әдісі: баяндау, көрсету, сарамандық жұмыс.
Көрнекіліктер: Жібек пен жүннің талшық тары, олардан тоқылған маталар.
Кірістірілген пәндер: биология, тарих
Технология: тірек сызба
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа қажетті құралдарын тексеру
ІІ. Кіріспе бөлімі:
Өткенді қайталау
Үй тапсырмасын тексеру
тапсырма: 1- слайд
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мына тексті оқысақ өткен сабағымыз не туралы болғанын еске түсіреміз.
........ және ... тағамдары арқылы адам ағзасын А,В,С,Д дәрумендері мен толық қанағаттандыруға болады. Ең бағалысы - ... ..... .... Оның сүтке түсен бактериялардың өсіп- өнуін тоқтатып , жойып жіберетін қасиеті бар.
Сонымен , өткен сабақта сүт және сүт өнімдері деген тақырыпта өткен болатынбыз .
Олай болса ....
слайд
Сүттің құрамында қандай заттар бар?
(белоктар, майлар, көмірсутегі, минералды тұздар, дәрумендер, су бар)
3-слайд
Сүттің қандай түрлері бар?
(қайнатылған , қойылтылған, құрғақ, жаңа сауылған, кілегей, )
.... – сүйкімді сусындардың бірі .... биенің сүтінен ашытылып жасалады. Оның құрамында адам ағзасына қасиетті белок, май, А,С дәрумендері мен минералды заттар бар.... емдік қасиеті күшті. Ол ас қорыту жолдарындағы бездердің сол бөлуіне көп әсерін тигізеді .... көбінесе туберкулез ауруына шалдыққан адамды емдейді.
Мәнжазбаларын жинау
І ІІ . Негізгі бөлімі:
Жаңа тақырыпты хабарлау түсіндіру
6-слайд
Жан- жануарлардан алынатын талшықтар.
Матаның физикалық – механикалық қасиеттері:
7-слайд
Мата
жіп
талшықтар
табиғи химиялық
өсімдіктен алынатын жануарлардан капрон нитрон лаван
алынатын
мақта зығыр жүн жібек
Жібек және жүн маталарды жануарлардан алынған табиғи талшықтардан дайындайды. Сондай ақ оларды химиялық жолмен де алуға болады.
Табиғи жүн қой , ешкі, түйеден алынады. Жүн матаны көбінесе қой жүнінен жасайды, өйткені еліміздің барлық бөлігі қой шаруашылығы мен шұғылданады.
Осы табиғи жүн алынатын жан- жануарлар туралы біз мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Сисенова Дина апайымыздан тыңдайық.
Табиғи жібек- өте жіңішке , нәзік жіп. Оны тұт жібек құртының қуыршағынан алады. Қуыршақтағы жібек талшығынан алады. Қуыршақтағы жібек талшығының ұзындығы 700-800 мм-ге дейін жетеді.
Ертеде тұт жібек құртының пайда болуы және біздің елімізге қайдан және қалай келгендігі туралы біз тарих пәнінің мұғалімі Беркімбаев Алтынбай ағайымыздан тыңдайық.
10- слайд
Жібек жолы керуені
11- слайд
Жібекті өңдеу жұмыстары
жібекті қуыршағынан айыру мақсатында бумен өңдеу , ыстық ауамен кептіру .
жібек шикізатын алу – жібек желімін жұмсарту үшін қуыршақты бумен өңдеу және бірнеше қуыршақтан жібек жібін жинау.
Бұл операциялар орау фабрикасында орындалады. Ал иру фабрикасында жүн және жібек талшықтарынан жіп иіріледі. Жіп тоқыма өндірісіне түсіп одан мата дайындалыды.
Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты. Матаның сапасына талшықтың ұзындығы, жұмсақтығы , иірілуі секілді қасиеттері әсер етеді. Ұзын және жіңішке талшықтан жіңішке, мықты, біркелкі жіп алынады. Әрине мұндай жіптен тоқылған мата да жұқа, берік, тегіс әрі жұмсақ болып келеді. Ирек талшықтар жақсы жылу сақтағыштығымен ерекшеленеді.
Талшықтың жұмырлығы матаның қыртысталынуына әсер етеді.
12- слайд. Жүн және жібек талшықтарын салыстыру
Талшықтардың құрамы мен сырт көрінісі
Талшық атулары
Жүн
Жібек
Түсі
ақ, қара,сары,т.б. табиғи түстер
ақ
Жылтырлығы
қатты
онша қатты емес
Ұзындығы
10-250 мм
700-800 мм
Жуандығы
жуан талшықты
өте жіңішке талшықты
Иректігі
өте ирек
түзу
Жұмсақтығы
орташа
жоғары
Тегістігі
үлпілдек
тегіс
Беріктігі
мақтадан төмен
жоғары
Жұмырлығы
жоғары
орташа
Жүн және жібек талшықтарын ұстап көрсете отырып салыстыру.
13-слайд
Маталар қолданылуына қарай
тұрмыстық техникалық арнайы
киім тігетін сәндік әшекей бұйымдарынан
көйлек жиде жиһаз қаптау терезе перделері
палто төсек жапқыш
Жүн маталарәдемі әрі төзімді келеді. Олар жылуды жақсы өткізеді, аса берік, аз мыжғыланады , ылғалды жылуымен оңай өңделеді. Бірақ жүн матасы шаң жұтады , сондықтан жиі тазалауды қажет етеді.
Табиғи жібек маталаржұмсақ, жылтырлығымен, беріктілігімен әйгілі. Олар өте әдемі, жеңіл, онша қыртыстанбайды . Матаның құрамы талшықтарының құрылысына , жіптерінің айқасуына және сәндік ерекшелігіне байланысты .
Матаның негізгі құрамына физикалық – механикалық , гигиеналық және технологиялық қасиеттері кіреді. Бұл құрамдар бұйымының сәнін таңдауда , өңдеуге ескертіледі.
14-слайд
Матаның құрылымын салыстыру
Матаның құрылымы
Маталар
Физикалық – механикалық қасиеті
мақта матадан төмен
орташа
жоғары
жоғары
Беріктігі
Қыртыстануы
Гигиеналық қасиеті
Ылғал өткізгіштігі
Шаң өткізгіштігі
Жылу сақтағыштығы
айтарлықтай
жоғары
жоғары
Айтарлықтай
Төмен
Мақтадан мата сәл жоғары
Технология қасиеті
Отыруы
Сетінеуі
Жіптердің тігісі ыдырауы
айтарлықтай
орташа
орташа
айтарлықтай
орташа
орташа
Қорытынды бөлімі:
Жан – жануарлардан алынатын табиғи маталарға нелер жатады?
Матаның құрылымын қандай қасиеттерін қарап салыстырамыз?
Венн диаграмассы арқылы жүн және жібек маталарының ұқсастығы мен айырмашылығын тап .
Үйге тапсырма
Табиғи жүн және жібек маталардан жасалған бұйымдарды (киімдерді) күту туралы пайдалы кеңестер жазып келу.