kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мата ине жіп т?рлері ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Мен Макпозова Насима ?лібек ?ызы. Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебінде технология ?ыздар?а саба? беремін. ?ыз балалар?а ?ол ж?мыс т?рлерін ?йретіп о?ушыларды шеберлікке, т?зімділікке, еібеккорлы??а т?рбиелеймін.Мен 5-9с саба? беремін.МЕНІ? ма?сатым сауатты білімді шебер ?рпа? т?рбиелеуге ?з ма?сатымды ?осу.ма?ан о?ушылармен ж?мыс тан?ан ?найды к?бірек ж?мыстан?ым келеді
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мата ине жіп т?рлері ашы? саба?»


Пәні:

Технология

Сыныбы

5

Сабақтың тақырыбы:

Мата, ине, жіп түрлері. Матаны тоқу әдістері


Сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат-міндеттеріне жеткізетін құзыреттіліктер:



  • а) ақпараттық құзыреттілік: Талшық, жіп, мата және тоқымашылық түрлері туралы ақпарат беру арқылы білім қалыптастыру

  • ә) коммуникативтік құзыреттілік: Талшық, жіп, мата жинақтау арқылы олардың түрлері мен қасиеттерін ажырата білуді, оқу станогында практикалық жұмыс орындау арқылы мата тоқу технологиясын меңгерту

  • б) проблеманы шешу құзыреттілігі: Тоқымашылық әдіс-тәсілінің ерекшелігіне қарай пайдалану жолдарын анықтау берілген жіпті атлас, кездеме, саржа әдісімен тоқу

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі:

түсіндіру, көрнекілік, машықтық әдіс, презентация

Оқыту құралдары:

компьютер, проектор, слайд, қарындаш,сызғыш, түрлі түсті қатырма қағаз, қайшы, желім

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Амандасу, түгендеу, жұмыс орындарын тексеру

  • 2. Психологиялық дайындық:

І. Амандасу, жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Жасырынған сөздер: шебер, ине, мата


Р/с

Жұмбақ

Жауап

Мақал-мәтел

1

Қимылдаса қос шебер

Қыруар-қыруар іс өнер

Қол

Шебердің қолы ортақ

2

Басы да екеу,

Аяғы да екеу

Қайшы

Күміс қасық ішуге сән,

алтын қайшы кесуге сән

3

Жалғыз көзді жалаңаш

Киінуді қаламас

Ине

Іздеген иірімнен де ине табады














Сабаққа дайын болу



ІІ. Кіріспе

Оқулықпен жұмыс.: 1-4 сыныпта матамен жұмыс түрлері.

Өткен тақырыптарын еске түсіру


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру


  • Талшық туралы ақпарат. Талшықты материалдардың натуралды және химиялық түрлерi бар. Натуралды өсiмдiк талшықтарынан мақта, зығыр, сора, кендiр өнiмдерiн алады; қойдан, ешкiден, түйеден, қояннан натуралды жүн, ал тұт құртынан жiбек талшықтарын алады.

  • Химиялық жасанды және синтетикалық талшықтарды ағаштан, мұнайдан, көмiрден жасайды.

  • Жасанды және синтетикалық талшықтардан көп түрлi маталарды тоқиды. Бұл маталардың ерекше қасиеттерi бар: түсiн өзгертпейдi, төзiмдi, мықты болады. Мысалы, капрон жiбiнiң мықтылығы құрыш сымның мықтылығындай болады.

  • Химиялық талшық дегеніміз не? Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынды. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар мен жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөледі. Химиялық талшықтардың кейбір түрінен жіп, мата, трикотаж бұйымдарды таза күйінде да, сондай-ақ табиғи талшықтармен араластыра отырып та жасайды.

  • Жіп туралы ақпарат. Қолданылуына қарай іс тігетін, кесте және тоқыма тоқитын, торлайтын жіптер болып бөлінеді. Жіп мақта, жүн, кенептен иіріледі, сондай-ақ химия талшықтарынан, табиғи жібектен алынады. Іс тігетін мақта жіптер ақ, қара және басқа түсті болады. Іс тігетін мақта жіптер ақ, қара және басқа түсті болады. Жуандығына қарай жіпті нөмірге бөледі жіп жіңішке болған сайын оның нөмірі жоғарылай береді. Ең жуан (№10,№20) жіп қалың матаны тіккенде, пальто мен костюмге түйме қадағанда қолданылады. №30 немесе №40 жіптермен көйлек, костюм, іш киім, ал одан жіңішкерек (№50,60,80) жіптермен жұқа іш киімдер, жеңіл көйлектер т.б. тігіледі. Жіптің жуандығына қарай түрлі нөмірлі инелер пайдаланылады: жіп жіңішкерген сайын иненің нөмері де төмендей түседі. Жуан жіптерді жеке талшықтарды бірнеше қабаттау(3,6,9) арқылы жасайды. Қабаты көбейген сайын жіптің сапасы да арта түсіп, берік әрі буылтықсыз болады, тігу барысында аз шатасады. Сатып алар кезде оның неге арналғанын және пайдалану тәсілін ескеріп, жіптің нөмері мен қабат санын байқау керек. Қолмен тігу үшін 6 қабатталып жылтыр өңделген жіпті таңдаған дұрыс. Машинаға жылтыратылған жіптің қажеті шамалы. Оған үстіңгі тігіске 3 және 6 қабатталып, ал үстіңгі тігіске беріктігі төмендеу, 3 қабатталған қарапайым жіп ылайық. Арабағаштағы жіп мата жібінен әрдайым күңгірттеу, қанығырақ болып көрінеді, сондықтан жіптің түсін дұрыс таңдау үшін матаның түсінен сәл күңгірттеуін алу керек. Жібек жіптер табиғи және химиялық талшықтардан алынады.

Мата туралы не білу керек?

  • Ертеде матаны жiптерден қолмен тоқыған. Қазiргi уақыттағы матаны машиналармен тоқудың ертеде қолданған тәсiлдерiнiң көп айырмашылығы жоқ. Матада, жiптер екi бағытта орналасады: ұзынынан (негiзгi), көлденен (арқау). Негiзгi жiптердiң саны көп, мықты болады, себебi, матаны тоқығанда оларға көбiрек күш түседi.

Матаның түрлерi жiптердiң түрлерiне байланысты, сондықтанда, олар натуральды, жасанды, синтетикалық т.б. түрлерге бөлiнедi.

  • Пайдалануына байланысты – тұрмыста қажеттi және техникалық (парашют, желкендi, т.б. жасауға арналған).

  • Тоқылғанына байланысты – қарапайым және күрделi.

  • Әшекейленуiне байланысты – түктi және түксiз.

  • Түсiне байланысты – бiр түстi және ала түстi.


Талшық туралы ақпаратты қабылдайды, талдайды.


























Жаңа материалды меңгереді.

ІV. Машықтық бөлім.

Студенттер А4 форматта қатырма қағаздан 120х10мм өлшемде тілшелер дайындап, тоқымашылық түрлерін орындайды.


Қағаздан тоқымашылық түрлерін тоқу арқылы, матаның тоқылу әдісін зерттейді.

Сергіту сәті.
Көзімізді демалтамыз


Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау. 3 мин

Жаттығу жасау реті: Көзді алақанмен жауып

1. 1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет

2. көзді жыпылықтату

3. 2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет

4. көзді жыпылықтату

5. 3 жаттығу “жылан” және керісінше, 3 рет


Тақтада көрсетілген сызбаны басшылыққа ала отырып, орындарынан 3 минуттай көз жаттығуларын жасайды. Жаттығу тәртіпке сай жасалу керек.

Денсаулықты қадірлеу туралы түсінік қалыптасады.

V. Қорытынды. Бағалау.




.

ҮІ. Үйге тапсырма.

“ Маталар. Жіптер ” тақырыбына ақпарат жинақтап келу, жиынтық альбомы

Дәптердің беті, ине-жіп, қайшы


Түрлі журналдар, интернет жүйесін пайдалану, «Мектептегі технология» журналы


Интернет бойынша өз бетімен ізденеді, жауапкершілік, ізденімпаздық қабілеттері артады.





5




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мата ине жіп т?рлері ашы? саба?

Автор: Макпозова Насима Алибековна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274288


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства