kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Машинатану негіздері. Тігін машинасыны? шы?у тарихы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:   Машинатану негіздері. Тігін машинасыны? шы?у тарихы.

Білімділік ма?саты:    Та?ырыпты ?ткен саба?тармен байланыстыра  отырып,   о?ушыларды? білімін пысы?тау, машинатану негіздері, тігін машинасыны? шы?у тарихымен таныстыру,

Дамытушылы? ма?саты: О?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілетін дамыта  отырып, к?ргендерін еске са?тап ,оны ?айта жа??ырту?а    ?йрету

Т?рбиелік ма?саты: ?семдікке, ??ыптылы??а, е?бек с?йгіштікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Машинатану негіздері. Тігін машинасыны? шы?у тарихы. »

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Машинатану негіздері. Тігін машинасының шығу тарихы.

Білімділік мақсаты: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, оқушылардың білімін пысықтау, машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру,

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап ,оны қайта жаңғыртуға үйрету

Тәрбиелік мақсаты: әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ойын, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: проектор, слайд, тігін машинасы, плакаттар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: оқу құралдары

  1. Өткен сабақты пысықтау

Қол жұмыстарына қажетті құралдар және оларды қандай жұмысқа қолданамыз

Сызбаны толтырыңдар

Қ

О

Л


ж

ұ

м

ы

с

ы

Құралдары

ИНЕ

ҚАЙШЫ

ОЙМАҚ

ЖІП

СМ. ТАСПА

Қандай жұмысқа қолданамыз?

ТІГУ ЖҰМЫСЫ

МАТА,ЖІП ҚИЮ

ИНЕДЕН САҚТАНУ ҮШІН

КИІМ ТІГУ ҮШІН

МАТАНЫ ӨЛШЕУ ҮШІН


Көрмедім еш үйіңді, Қолданбас бұл бұйымды.

Жазып қыртыс – тыртысын, Қонымды етер киімді

(үтік)

Тап- тап тап жорға, табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес, жерге түссе таптырмас (ине)

Екі семсер айқасқан,

Оқта –текте шайқасқан. (қайшы)



“Машинатану негіздері. Машинаның шығу тарихы”

Тақтаға күннің жадын жазу. Дәптермен жұмыс.

Машина- бұл материалдарды, энергияны өңдеуге арналған, механикалық қозғалыс жасайтын құрылғы. Тігін машинасы аяқ киім, киім және тағы басқа тігін бұйымдарын дайындауға қолданылады.

XV – ғасыр - Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.

1755 жыл – Англия, Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.

1834 жыл – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады

1870- АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.

1900 – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.

1900 – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.


Тігін машинасы қол жетегінде, аяқ жетегінде және электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді. Заманауи тұрмыстық машинасы негізінен электр тоғының күшімен жүргізіледі.

Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы.

Ал сен үйде қол және аяқ жетегіндегі немесе қазіргі заманғы бағдарламамен басқарылатын машинаны қолдана аласың ба ? Мұндай машиналар компьютер көмегімен көптеген тігін операцияларын ( кестелеу, ілмек жасау, түйме қадау және т. б.) орындай алады.

Ең дұрысы, тіке тігісті орындайтын қарапайым машинамен тігуді үйрене бастау керек. Тігін бұйымдарын дайындау көбіне тігін машинасында жұмыс істеуді игеруге байланысты.

ТІГІН МАШИНАСЫМЕН ТАНЫСУ

Биыл сендер заманауи тігін машинасының көмегімен тігіс операцияларын – түзу және ирек тігістертерді сапалы орындай аласыңдар.

Тігін машинасы қол жетегіндегі, аяқ жетегіндегі және электр жетегіндегі машина болып бөлінеді. Жетек – бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы.

Заманауи тұрмыстық электр жетегіндегі тігін машинасы өте шағын, оны жұмысқа тез дайындай аласың.

Тігін машинасын жұмыс орнында жарық сол жақтан түсіп тұратындай етіп орналастырады.

Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ.

(Слайдпен машина құрылысын көрсету)

1-шөрнек құрылғысы; 2-басу табаны; 3-мата жылжытқыш; 4-жіптартқыш; 5- жіп бағыттағыш; 6- жеңқап; 7- жіп орағышқа арналған өзек ; 8-жіп орағыш; 9- айналма дөңгелек; 10-тігіс ұзындығын көрсеткіш; 11- кері жүргіш тетігі; 12-тегіс адымын реттегіш тұтқа;13-жеңқап тіреуі; 14-тұғыр; 15-жіп бағыттағыш; 16-ысырмалы пластина.

Тігін машинасының инесі

Ине – тігін машинасының ең маңызды жұмыс органы. Ине конструкциясын Америкада XIX ғасырдың 30 – жылдарында ойлап тапқан.

Тігін машинасының инесінің құрылысы:

1 – колба

2 – қысқа жәнге ұзын сызық

ойық сызықшалары

3 – алм

4 – көзі

5 – ұшы


Пайдалы кеңестер:

-ине сақтайтын қораптың түбіне магнит салып қойсаңыз, инелеріңіз ешқашан шашылмайды.

-ине тот баспас үшын оны сабынға тығып қою керек.

-егер үтіктің астына синтетикалық талшықтар жабысса оны ацетонмен сүрту керек.

-киім тіккенде жіпті киім түсінен күреңдеу етіп таңдаңыз, себебі катушкада оралған жіп өз түсінен әлдеғайда күреңдеу болып көрінеді.

-қалың матаны тігу оңайырақ болу үшін инеге сабын жағыңыз

Практикалық жұмыс

Тігін машинасы оқулық, жұмыс дәптері

1.Жұмыс орнымен таныс. Бұл- тігін машинасы қондырылған және қажетті құрал-саймандар, құрылғылар мен бөлшектер қойылатын үстел . Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде дұрыс отыру ережесін сақтау керек, ережеге кіретіндер:

-Түзу отыру;

-Басын иіп және денесін сәл ғана алға беріп отыру.

-Көз бен жұмыс үстелінің арақашықтығы 30-40 см болу керек;

-Қолы машина тұғырында ал, шынтақтары – үстел үстімен деңгейлестірілуі керек;

-Тігін машинасымен жұмыс істер кезде жұмыс орны жарық болуы керек.

-Үстел бетінде тек технологияорындауға арналғанөңделетін бөлшектер, құрал-саймандар мен құрылғылар ғана болуы керек.

2. Тақтадағы тігін машинасының құрылысы құрылымының негізгі элементтерін анықтап қарап, оларды машинадан тап

3. Өз денсаулығына зиян келтірмес үшін тігін жұмыстарын орындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныс:

-Саусағыңды инемен шаншып алудан сақтан;

-Шаштың немесе киім шетінің машинаның айналып жатқан бөліктеріне оралып кетуінен және электр тоғының соғуынан сақ бол;

-Машина үстінде бөтен заттар болмасын;

-Жұмыс соныңда машинаны сөндір және жұмыс орнын тазала.


Қорытындылау .

Жаңа материал бойынша сұрақтар қою:

-Тігін машинасының жобасын ұсынған кім?

-1870- АҚШ-та Исаак Зингердің ашқан зауыты қалай аталады?

-Тігін машинасының атасы кім?

-Машинаның құрылысын атаңдар

-Тігін жұмыстарын орындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері

-Көз бен жұмыс үстелінің арақашықтығы қанша см болу керек?

Талдау жасау

Оқушыларды бағалау

Жұмыстан қорытынды шығару. Сынып қалай жұмыс істеді. Оқушы қандай жаңа нәрсені үйренді. Қай оқушы ерекше тырысты. Оқушыларды салыстырмалы түрде бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Тігін машинасының шығу тарихы, құрылысын оқып келу.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Машинатану негіздері. Тігін машинасыны? шы?у тарихы.

Автор: Бекбулатова Алия Калиевна

Дата: 25.01.2015

Номер свидетельства: 161131

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Та?ырыбы: Тігін машинасыны? шы?у тарихы."
    ["seo_title"] => string(38) "takyrybytighinmashinasynynshygutarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "276785"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452786097"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Та?ырыбы: "Тігін машинасыны? шы?у тарихы""
    ["seo_title"] => string(39) "takyrybytighinmashinasynynshygutarikhy1"
    ["file_id"] => string(6) "301771"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456990611"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Тігін машиналарының құрлысымен тарихы."
    ["seo_title"] => string(43) "tighin_mashinalarynyn_k_u_rlysymien_tarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "396050"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488182723"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) ""Машинатану негіздері. Тігін машинасының шығу тарихы""
    ["seo_title"] => string(54) "mashinatanu_negizderi_tigin_mashinasynyn_shygu_tarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "492828"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545809559"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства